Махамбет жауласқан хан

Жангелдин орта мектебі
Тақырыбы:
Махамбет - өр рухты ақын
/8 сынып/
Дайындаған: Бекенова Индира Қонысбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Махамбет - өр рухты ақын
Сабақтың мақсаты: білімділік- Махамбет шығармалары бойынша алған білімдерін жетілдіру, тереңдету; дамытушылық- ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, тұжырымды ой айта білуге үйрету; тәрбиелік- ақын шығармаларына деген қызығушылығын ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ұлағатты сөздер, үлестірмелі қағаздар, жыр жинағы.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау.
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, түсіндіру, қорытынды.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: үйге Махамбеттің балалық, жастық шағы берілген болатын.
- Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- Махамбет хан ордасында кімнің арқасында тәрбиеленеді?
- Махамбеттің досы кім?
- Жәңгір ханның баласының аты кім?
- Жәңгір хан губернаторға қандай хат жазды және ол хатта кім туралы айтылды?
- Махамбеттің халық жағына шығуы дұрыс па?
- Махамбет Өтемісұлының қандай өлеңдері бар?
Махамбет - өр рухты ақын
Махамбет Өтемісұлы 1803-1846 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Оның әкесі Өтемісте он ұл болған. Тұңғышы Бекмағанбет, екіншісі Махамбет болған. Махамбет Өтемісұлы жастайынан хан ордасында болған. Сонда ол арабша, орысша, қазақша сауат ашқан. Махамбеттің хан ордасында болуының екі себебі болған: біріншісі Махамбеттің ағасы Бекмағанбет Жәңгір ханның он екі биінің бірі болған. Екіншісі, ол кезде хандар қолында ескі дәстүр бойынша қарамағында оларды мақтайтын үлкен дәрежеге жеткізіп өлең айтатын ақындарды ұстаған. Міне осыдан біз Махамбеттің жастайынан ақын болғанын көреміз.
Жасынан-ақ Махамбет халқының болашақ жалынды ақыны болып, өмірдің шындығын айтуға бет түзеді. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастады. Осы уақытта ақынның өлеңдері халық үшін ұран болды. Махамбеттің шыншыл ақын болғанын, біз мына өлең жолынан көреміз. Мысалы:
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап
Дұшпаның сені басқа ұрсын. . .
Махамбеттің бұл көтеріліске жазған өлең-жырлары халқы үшін көтеріліс, күрес үстінде туған.
«Мен - құстан туған құмаймын» өлеңінің бірінші шумағына сатылай кешенді талдау.
Мен - құстан туған құмаймын,
Бір тұлпарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тиген соң,
Шаппай неғып шыдаймын?
Тақырыбы: «Мен - құстан туған құмаймын»
Мазмұны: Қайраты қайтпаған, жігері жасымаған
рухты ақын бейнесі
4 тармақты
7, 8, 9 буынды
а а б а қара өлең ұйқасы
Мен - құстан туған құмаймын.
Топтастыру. -Махамбеттің өлеңдерін оқу арқылы ақынды қай қырынан таныдыңдар? Ойларыңды дәлелдеңдер.
Бинго ойыны
1 - нұсқа
2 - нұсқа
Махамбет қандай ақын?
«Орамал тастамақ» ойыны.
Оқушылар ақын өлеңдерінде кездесетін қиын сөздердің мәнін ашады. Ойын орамалды кезектесіп бір-біріне беру арқылы ойналады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz