Шала түрленіп дамитын бунақденелілерді сипатта

Қызылорда облысы

Байқоңыр қаласы

№8 орта мектебінің биология пәнінің

мұғалімі Егизбаева Гулсара Қожабаевна

Пәні: Биология

Сыныбы: 6 «Д»

Өткізілетін күні: 25. 04. 2011 ж.

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: бунақденелілердің сан алуандығын, олардың тіршілік

ету ортасы және дауы туралы түсінік беру.

б) дамытушылық : оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту.

Оқушылардың өзін-өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың

ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

в) тәрбиелік : тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа

деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдістері: талдау, сипаттау, түсіндірмелі, сұрақ-жауап, репродуктивті

Сабақтың көрнекіліктері: графопроектор, плакаттар, кеспе қағаздар, слайдтар

Техникалық құрал: графопроектор, телевизор

Пәнаралық байланыс: сурет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты қорыту

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VІ. Жаңа сабақты қорыту

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Көпжасушалы жануарлардың көбеюін оқып келу.

2. Тақырыпшаларды сурет арқылы түйіндеу.

11ю

ІІІ. Өткен сабақты қорыту

  1. Көбею дегеніміз не?
  2. Көбеюдің қандай жолдары бар?
  3. Жыныссыз көбею дегеніміз не?
  4. Гидраның бүршіктену тәсілімен көбеюі неліктен жыныссыз көбеюге жатады?
  5. Шубалшаңды неліктен гермафродитті дейді?
  6. Тілде деген не?
  7. Өрмекшінің көбеюінде шубалшаңнан өзгешілік бар ма? Қандай?
  8. Шубалшаңның жынысты көбеюі қалай жүреді?
  9. Ұрықтану қайда жүреді?
  10. Көбеюдің биологиялық мәні, маңызы неде?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру,

Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатыментаныстыру

Бунақденелілер 2 топқа бөлінеді.

Бунақденелілердің дамуы

Бунақденелілердің дамуы

Шала түрленіп даму

Шала түрленіп даму

Көбелек, шыбын, қоңыз, құмырсқа, балара, маса

Шегіртке, инелік, дәуіт, бит, тарақан

Жұмыртқа

Жұмыртқа

Дернәсіл

Дернәсіл

Қуыршақ

Имаго

Имаго

Бунақденелілер құрылысы жетілген және алуан түрлі жағдайларда - жерде, ауада, суда тіршілік етуге жақсы бейімделген, 1 млн-нан астам түрді қамтитын буынаяқтылардың ең ірі класы. Бунақденелілердің арғы ата-тегі қазіргі буынаяқтылар болуы керек. Мысалы, көптеген бунақденелілердің дернәсілдері - жұлдызқұрттарының құрылысы құрт тәрізді ата-тектерінің құрылысына ұқсас болуы.

Шынында да олардың денесі құрт тәрізді буылтық, ауыз мүшесі кеміруге бейімделген құрсағында 5 жұп жалғанаяқтары болады. Бұлар қырыққабат (орамжапырақ) ақ көбелегінің дернәсілдері. Ал енді осы дернәсілдерді ересек көбелекпен салыстырып көрейік

Көбелек Дернәсіл

http://www.lepidoptera.chat.ru/metamorphos/larva%20mac.jpg

Дене пішінін айтпағанда, ересек көбелекте Дернәсілдін ауыз мүшесі үстінгі,

үш жұп жүретін аяқтары бар. Ауыз мүшесі- астынғы тісшелі жақтарымен

түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша. жапырақты кеміріп, үгітуге бейімделген

Бұл тұмсықшасымен ол гүл шырынын Құрсағында бес жұп жалғанаяқтары

сорады болады.

Көбелектің дернәсілін жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрттар өсімдіктердің жапырақтарымен қоректенеді де, тез өседі және бірнеше рет түлейді.

Шала түрленіп дамитындардан, мысалы шекшек, шегірткелерде жұмыртқадан ересек организмге ұқсас дернәсіл - имаго шығады. Дернәсіл бірнеше рет түлейді, қуыршақ сатысынан өтпей-ақ ересек организмге айналады. Дамуы 3 сатыдан тұратын дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденені шала түрленіп даму дейді. Көбелектерге тән толық түрленіп дамығанда жұмыртқадан имагоға мүлдем ұқсамайтын қүрт тәрізді дернәсіл шығады. Белгілі бір жасқа жеткен соң, ол қозғалмайтын, қоректенбейтін күйге түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақ ішінде терең өзгерістер болып, ересек бунақдененің ұлпалары мен мүшелері қалыптасады. Осыдан соң, қуыршақ жабыны жарылып, одан имаго шығады.

Дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілдері ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атайды.

Слайд6

Бунақденелілердің түріне қарай жұмыртқа салу мерзімі, орын, даму мерзімі әр түрлі болады. Мысалы, зауза қоңыз жұмыртқаларын топыраққа, шыбын ластанған жерлерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына, ағаш жемісіне, т. б. жерлерге салады.

Зауза қоңызының дернәсілдерінің дамуы 4 жылға, шыбын дернәсілдерінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.

C:\Documents and Settings\Loner\Мои документы\мамина биология\264[1].jpg C:\Documents and Settings\Loner\Мои документы\мамина биология\012[1].jpg

Түрленіп дамудың маңызы.

Түрленіп дамитын, оның ішінде, әсіресе, толық түрленіп дамитын бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып, өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар.


Ұқсас жұмыстар
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Бунақденелілердің отрядтары
Будақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Бунақденелілер қайда кездесетін жәндіктер
Бунақденелілердің көбеюі және дамуы
Биология. бунақденелілер
Бунақденелілер 7 сынып
Кім шапшаң кезеңі
Күнтізбелік жоспар. 7 сынып
Тірек ұлпа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz