Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балалармен дүние

Орал қаласының №35 <<Шұғыла>> бөбекжайының
музыка жетекшісі
Бирмуханбетова Анаргуль Наримановна

АСТАНА - АРМАН ҚАЛА

Музыка залы әсем безендірілген, теледидарда Астана туралы видеоролик жүріп тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті балалар, қоңақтар, әріптестер. Еліміз егемендік алғанына биыл 20 жылдығын тойлауда. Сендер осы тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бүлдіршіндерсіндер. Ал бүгін біз Қазақстан Республикасының елордасы - Астананың туған күнің тойлаудамыз.
Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған, оның туған жылы 1830 жыл. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді.
Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО -ның шешімі бойынша Астана қаласы <<Бейбітшілік қаласы>> деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқымен дамып келеді және де келешегі өте зор.
Көшелері құлпырған сала-сала
Алаңдары кең құшақ сайран дала.
Көргендері арлы арудан айнымайтын
Ақ көңілді кең пейіл қайран қала - деп ортаға бүлдіршіндерімздің Астанаға арналған өлең шұмақтарын тарту етуге шақырамыз.
1бала: Астанамыз сүйкімді,
Гүлдей жайнап құлпырды.
Қызықты болып барады,
Бір күннен - бір күні.
2 бала: Здравствуй, здравствуй моя Астана,
Здравствуй, здравствуй столица родная
Здравствуй, здравствуй народ и страна
Процветанья всем вам я желаю
3бала: Әлемдегі дара бір
Әсем сәндік қала бұл
Есіл арбаты жаңа үй
Бүкіл әлем көріп тұр
4бала: Інжу тастан өріп бір
Салған ғажап - көрік бұл
Салтанатын, сәулетін
Жаңа Астанамыз жайнап тұр
5бала: Как я люблю тебя, тебя
Моя столица - Астана
Цвети всегда, всегда
Ты Астана и вся страна
6бала: Нұр сыйлап қала көркіне
Тағып атып: Жер, Күнге
Тұр ғажайып ғимарат
Зор Бәйтерек кейпінде
7бала: Әсем қала Астана
Ел қызыққан жас қала
Астана деп жазамын
Ақ параққа тағыда
Жүргізуші: Ән көңілмен құйылды
Қайғы бұлты шегілді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді
Ән: <<Әрқашан күн сөнбесін>> (3тілде)
Жүргізуші: Біз балдырған тек басқан
Дос құшағы кең ашқан
Тілегіміз бейбіт күн
Ашық болсын көк аспан - дей отырып <<Ақкөгершін>> тобының бүлдіршіндері өз биін сыйлайды.
Би: << Мой Қазақстан>>

Жүргізуші: Біз ойнайтын дөңгелек
Өзгелерден тым бөлек
Домбыра ойының ойнайық
Қызығына тоймайық
Кәнекей балалар шеңбер жасап тұрайық домбыра ойының бастайық
Ойын: <<Домбыра>>

Жүргізуші: Барлық елдің бөбегі
Бір - бірімен туысқан
Бәрімізге төгеді
Өз шуағын күміс таң - дей отырып қазір <<Достық>> әнің жырлайық
Ән: <<Достық>>
Жүргізуші: Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра,
Қазақ - нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ - домбыра - деп Қадыр Мырзалі жырға қосқан. Домбыра - қазақтың бас аспабы. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Ал қазір алдарыңызға осы киелі домбыра аспабымен <<Балдырған>> тобының құлпырған қыздары өз биін ортаға салуда.
Би: <<Домбыра>>

Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз - дейді <<Жауқазын>> ІІ кіші тобының бөбектері. Ду қол шапалақпен оларды ортаға шақырып, Астанаға арналған тақпақтарын тамашалайық.
1бала: Астанамыз - әдемі
Жарқырайды жұлдыздай
2бала: Есілдін бойы бас қала
Мақтанашым - Астана
3бала: Өсіп міне келемін
Байтеректей болып мен
4бала: Көз тартады - Астана
Биік Бәйтерегімен
5бала: Жарқырайды елімнің Астана
Күндей шуақ шашады көгімдей
Жүргізуші: Болсын кіші - бойымыз
Биікке ұшу - ойымыз
Біз бақытты балдырған
Тойға ұласқан тойымыз - дей отырып <<Қызыл, жасыл, көк шар>> әнің жырлап көрейік.
Ән: <<Қызыл, жасыл, көк шар>>
Жүргізуші: Қазір балалар менің сендерге жасыратын жұмбағым бар, шешімің таба аласындар ма?
(балалардың жауабы)
Жұмбақ: Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар (Киіз үй)
Бұл не балалар?

Жүргізуші: Ұмыт та қалған жазылмай,
Есте жоқ ескі тағдырдай
Әлем - әлі көрген жоқ
Бәйтеректі дәл мұндай
Тудырған қайта бұл заман
Ғимарат алған... нұрланған
Жұмақтай елде - жарылмай,
Алтын жұмыртқа - тірлік тұр аман! - деп қазір алдарында жауқазындай жайнаған бүлдіршіндердің орындауында би <<Бәйтерек>>
Би: <<Бәйтерек>>

Жүргізуші: Тәуелсіздіктің жылдығынын қарсанында мерекелік келген Тәуелсіздік белігісі Алтын Адамды қарсы алайық.
(музыка әуенімен залға Алтын Адам кіреді)

Алтын Адам: Жыр арнадым еліме тебірене
Үміт артам елімнің ертеңіне
Астананың туған күні құтты болсын
Отаным жылдан жылға көркеюде
Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын
Елімде бейбіт, тыныш заман болсын (деп қолындағы сандықты ашып ішіндегі сыйлықтарды балаларға үлестіреді)
Жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған
Мәз болсын жас- кәріміз
Қайта оралған халқымызға
Биленсін <<Қаражорғамыз>>
Астананың туған күніне арналған іс-шара <<Қаражорға>> биімен аяқтайық
Би: <<Қаражорға>>

Ұқсас жұмыстар
Мектеп ұжымы
Құм терапиясы
Мүшел жас
Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі
Оғыз - наме - эпостық туынды
Ойын-ой өсіреді
Бар жақсылық - балаға
Кәусар балабақшасы
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған ашық оқу іс-әрекетінің сценарийі
Құрлық сулары жайлы ақпарат
Пәндер