Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бибінұр әпкиге мың рахмет

Қош бол балабақша!
Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.
Барлығы : Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс! (шарларын ұшырады)
Олжас: Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-аман бармысыздар.
Таусылмайтын ағытып ой арманың,
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын.
Қарақат: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздерінен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Ернұр: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан әпкилерімізді ортаға шақырайық.
Ортағы екі тәрбиеші <<Астапурай>> өлеңінің әуенімен ән айтады.
Гүлшат:
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым-ай,
Бақшамыздан тәрбие алғандарым-ай.
Енді міне ер жетіп бәрің бірге - ай,
Достарыңмен мектепке барғандарың-ай
Қайырмасы
Балаларым-ай, балғындарым-ай, (2 рет)
Кілең беске оқыңдар жарқындарым-ай.
Ақдидар:
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар-ай,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар-ай.
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын-ай,
Ешқандайда қиындықтыр жолықпасын-ай.
Қайырмасы.
Балаларым-ай, балғындарым-ай, (2 рет)
Кілең беске оқыңдар жарқындарым-ай.

Гүлшат:
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміз мол. Кәнекей, кішкентай түлектерімізге тағы да бір қошеметпен қол соғып қояйық.

Ақдидар:
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!

Гүлшат: Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтсек.
Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Жанельді
Барлық досы қолдайды.
Ақдидар:
Спортты жаны сүйеді
Салаутты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың,
Ортасында жүреді.
Серік топтың жүрегі.
Гүлшат:
Қандай да болсын игі іс,
Онсыз сірә бітпейді.
Гүл жайнаған Нұрайды
Жауқазын гүлге теңейміз.
Ақдидар:
Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы Әсемді.
Гүлшат:
Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Бексұлтан.
Гүлшат:
Ортамыздың ажары,
Перизаттай ерке қыз.
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.
Ақдидар:
Ойы ұшқыр Құндыз,
Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді.
Гүлшат:
Айтыскер болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны,
Біздің Қарақат жан-жақты.
Ақдидар:
Кіп-кішкентай болса да
Елді аузына қаратар.
Сүйкімді қыз Д Балауса
Көркі оның көз тартар.
Гүлшат:
Білімді қыз инабат,
Болар бізге қолқанат.
Жақсылықты арқалап,
Нұрданада бар талант.
Ақдидар:
Мына біздің Балауса
Ибалы да өнерлі.
Ақылы оның өте көп,
Сүйкімді боп жүреді.
Өз тілін жақсы көреді
Өнерден кесте өреді.
Гүлшат:
Олжас деген бала бар,
Бойында түрлі сала бар.
Көпшілікті қуантып,
Үлкен үмітпен қаратар.
Ақдидар:
Ән салғанда шырқап бір,
Шаршамайды сірә бір.
Нұрбек біздің өнерлі,
Сырын терең ұға біл.
Гүлшат:
Арқасында талпыныстың,
Көп қарайсың жалықпай.
Кітапқа деген құмарлық,
Нұрлыхан көмектесер өзіңе
Алдағы білім көзіне.
Ақдидар:
Санжар болса кішкентай,
Баяулап ұшқан күйкентай.
Өнеріне қарасаң,
Самғап ұшқан қырандай.
Гүлшат:
Инабатты сұлу қыз.
Әдемі де түзу қыз.
Сымбат топтың аруы,
Еркелетіп жүреміз.
Ақдидар:
Аюп деген ұл да бар,
Қыздар оны мақтаған.
Жарыс десе жайнайтын,
Топ намысын қорғайтын.
Гүлшат:
Өнермен ашып жетілген,
Шешендік сөзбен көсілген.
Таныстырсам оны мен,
Ернұр оның есімі екен.
Ақдидар:
Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Қараңызда Ерболатымыз ортада,
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
Гүлшат:
Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау оның ойында.
Қуанамыз кіші топтан келгеніне,
Алдиярдай асыл жігіт тобымызда.
Ақдидар:
Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерменен тамсандырған адамды.
Зүрият Нұрай ортамызда сұлу қыз,
Сұлулығымен бағындырар ғаламды.
Гүлшат:
Әрі сұлу, әрі игі
Келші Бағнұр қылықты.
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты.
Ақдидар.
Қане, Аяжан тобымның,
Гүлі болып шыға ғой.
Сені көрген адамның
Қуанбауы күнә ғой.
Гүлшат:
Парасатты ер жігіт,
Ақылменен біледі.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Нұрсәт күліп келеді.
Ақдидар:
Өлшеу жоқ өнерінің табысына,
Болашаққа ойдағыдай барысына.
Ерболаттай жігіт бар ортамызда,
Көрсеткен үздік өнер сайысында.
Гүлшат:
Қуанам мен тобымның нұрларына,
Балалардың туған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерім,
Ризамын Бағдаулеттей ұлдарыма.
<<Балауса>> тобының бітіруші түлектеріне тағы да бір қошемет көрсетіп қояйық.

Гүлшат:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады
Ән << Бақытты баламыз>>

Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір-бірден,
Қимай кетіп барады,-дей келе ортаға балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз.
Аяжан:
Балабақша, балабақша,
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша қорғаны,
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Бексұлтан:
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Әсем:
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Ернұр:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Д. Балауса:
Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Бағнұр:
Ботақаным бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын.
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз
Толды тағы ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Бағдаулет:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегін
Туған Отан қуансын.
Перизат:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Гүлшат: Рахмет көп-көп.
Балаларымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Би билейік тамаша.
Би <<папури>>
Енді балалардың балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.
Нұрсәт:
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Гүлшат Шамадинқызына мың алғыс!
Сымбат:
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді қарайлап.
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын,
Қалдыкүл әпкиге көп рахмет!
Серік:
Денсаулығы болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Айсәуле әпкиге мың алғыс!
Нұрдана:
Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Гүлнар әпкиге мың алғыс!
Ерболат:
Күліп қарап ісімізге шаттанған,
Дәмді асымен жайған бізге дастархан.
Анамыздай аялаған біздерді
Күміс, Жанат, Элмира әпкилердің мінезі бай дархан.
Аюп:
Қызық сабақ тренингтер өткізген,
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Психолог Нұрсұлу әпки жайдары
Қабылдасын бүгін алғыс біздерден.
Жанель:
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған.
Бибінұр әпкиге мың рахмет!
Құндыз:
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған,
Қате болсақ кешірген
Гүлшат, Ақдидар әпкиге мың рахмет!
Н. Нұрай:
Знать англиский и казахский,
Русский тоже надо знать.
Чтоб прочесть простую сказку
Или что-то написать.
Анар әпкиге мың рахмет!
Санжар:
Бізде мұнда әрдайым,
Бәрі бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған,
Қоймашы Қарашаш әпкиге мың алғыс!
Нұрбек:
Еңбек еткен еңселі,
Сырты менен ішіне.
Балабақша қызметін
Иығына көтере.
Әлия әпкиге мың рахмет!
З.Нұрай:
Балабақшам, бесігім,
Қайсысын айта берейін.
Қабыл алшы гүлімді
Сіздерге сыйлап кетейін.
:
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз.
Ақдидар: міне, балалар сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан келіп тұрған бүлдіршіндердің ақ тілегін тыңдасақ.
Азамат:
Қош, балалар, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар
Асылай:
Бірге ойнап, бірге жүрген
Күндерімізді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден
Кітап, дәптер сыйлаймыз.
Ән <<...........>>
Гүлшат:
Көктем жаздың кереметі көп екен,
Көбелектер әсем гүлдің сәні екен.
Шақырайық олай болса ортаға,
Биші топты <<Көбелектер>> биімен.
Би <<Көбелектер>>
Көрініс <<Портфель>>

Нұрлыхан:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер- білім үйреткен
Балабақшаны қимаймыз. (ойыншығын сыйлайды)
Алдияр:
Біздер үшін еңбек еткен шаршамай,
Баршаңызға рахмет апайлар.
Балабақша көркі болсын әрқашан,
Кейінгі бүлдіршін балғын балалар. (ойыншығын сыйлайды)
Ән: << ..................................................>>
Қотытынды:
Гүлшат:
Бүгін міне, балабақшамыздың түлектерін ұшырғалы отырмыз. Балабақшаға бүлдіршін болып келіп, шәкірт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің балабақша қабырғасында жүріп <<Қатынас>>, <<Таным>>, <<Денсаулық>>, <<Шығармашылық>>, <<Әлеуметтік орта>> салаларында өздерін дамытып, білімдерін шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді.
Биылғы түлектер өнерлі де алғыр болып мектепте де зор табысқа ие болады деген сенімдеміз. Осыған орай балабақша түлектеріне ақ жол тілеп, лебізін білдіруге балабақша меңгерушісі Шайымбетова Күлшат Шамадинқызына сөз береміз.

Ұқсас жұмыстар
Өлеңдерін оқу
Сан есімнің құрамы қанша
Бағалау өлшемдері
Ұрпаққа жеткен аманат
ХХІ ғасыр көшбасшысы туралы ақпарат
Көсемшеден өткенді қайталау
Қарлығаш тобы
Үстелдік компьютермен танысу
Түркістан өлеңі
Бастауышым балбұлағым жайлы ақпарат
Пәндер