Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Жылы және суық түстер қоспасы. жылы және суық түсті бояумен жұмыс



Шауменова Мира Ергалиевна
Ақтөбе қаласы, Қалалық оқушылар Сарайы,
бейнелеу өнері пәні.
Қосымша білім беру педагогі

Сабақтың тақырыбы: Жылы және суық түстер қоспасы. Жылы және суық
түсті бояумен жұмыс
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларға түстер жайлы түсіндік беру; жазықтық
бетінде жұмыс жасағанда түстерді бір-бірімен үйлесімділігін таба білуге
үйрету; 2) балалардың ойын, қиялын және зейінін дамыту; 3) балаларды
ұқыптылық пен еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жылы және суық түстер кестесі, тақырыпққа қатысты
суреттер
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, өлең, тірек-сызба, проблемалық
сұрақ, суретпен жұмыс, ойын, тест.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.

Жеті түсті қарындаш
Тату-тәтті қарындас.
Күні бойы болдырып,
Ұзақ-ұзақ жол жүріп,
Көлге бірге барыпты,
Қол ұстасып алыпты.

Күн еді бір жауынды,
Артқа тастап ауылды,
Екеуінің жолымен
Мен де жүріп көріп ем,
Байқадым бір қызықты,
Кемпірқосақ сызыпты.
Б. Серікбаев

- Балалар, бүгін бізге қонаққа негізгі үш сиқырлы түстер келді. Олар:
қызыл, сары,көк түстер. Олардың сиқыры мынада: осы түстерді қосу арқылы
неше түрлі түстер пайда болады, бірақ өздері түстерді араластырғанда
алынбайды.
– Неліктен түстерді жылы және суық түстер деп ажыратады? Қалай
ойлайсындар, қандай түстер жылы және суық деп аталады?
Кейбір түстер жылы және суық сезімді білдіретінін балаларға түсіндіру.
Жылы түстер көңілді және мейрамды боп көрінеді, суық түстерге қарағанда.
Олар қызыл, сары, сарғылт және т.б. түстер құрамында осы түстер болса.
Жасыл түс — өзгеше түс. Өйткені, екі түстен : жылы — сары, суық — көк
түстен тұрады.

Сергіту сәті:
Балалар көздерін жұмып өздерін көбелектер ретінде елестетеді.

Мысалы: қызыл көбелек жасыл жапыраққа қонады, көк көбелек - сарғылт гүлге.
Әнгімелеу.

Дидактикалық ойын: «Жылы-суық»
Педагог балаларға түстерді көрсетеді. Балалар жылы немесе суық тобына
түстерді жататынын айту керек. Содан соң айналадағы түстерді ажыратуға
болады.

Суретпен жұмыс:
Неше жылы және суық түстер бейнеленген?

ІІ . САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық – орындаушылық кезең.
3 - сынып 4 – сынып

| | |
| | |
|Қағаз бетіне негізгі түстерді үлкен |«Дақ» графикасы |
|дақтарымен толтырынады:қызыл, |Бұл әдіс түспен эксперимент жасауға, |
|сары,көк.Содан кейін осы дақтарға |суретті өз қалауы бойынша аяқталуға |
|тағыда басқа негізгі түсті дақ |мүмкіндік тудыратындықтан бала үшін |
|түсіру.Балалар суретінде барлық алты|өте қызықты болып табылады.Бұл үшін: |
|түс болуға тиісті. |қағазды екіге бүктеу; |
|Сары даққа қызыл түс түсіру,сарғылт |оның бір бөлігіне субояқтан жылы |
|гвоздика шығады,көк даққа сары түсті|түсті дақ түсіру; |
|қосу,көкпен қызыл бояуларды қосқанда|қайтадан қағазды бүктеп, үстінен |
|күлгін түсті гүлдер пайда |қолмен сипау(субояқ кеппей тұрғанда) |
|болады,жасыл түстермен жапырақтарын |керек. |
|қосып бейнелеу. |Осындай тәсілмен суық түсті дақ |
| |түсіру. |
| |Ашып қарағанда симметриялық бейне |
| |пайда болады.Енді тек қандай затқа |
| |ұқсайтынын таып, жетпеген бөлшегін |
| |толтырсақ болғаны. |
| | |

ІІІ. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Рефлекциялық - бағалау кезең.
Тест
1. Негізгі үш түсті ата
а) сары б) көк в) жасыл г)қызыл
2. Қосымша түсті ата
а) сарғыл б) сары в) жасыл г) көк
3. Суық түстерді ата
а) көгілдір б) қоңыр в) сарғыл г) көк
4. Жылы түстерді ата
а)қызыл б) сары в) көк г) көлгін
5. Қандай түстердің қоспасынан жасыл түс пайда болады
а) қызыл және сары б) көк және сары в) күлгін және сары г) сарғыл және
сары

Өзін - өзі бағалау жүйесі бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары
арқылы мұғалімнің берген бағалау анықтағышына сүйене отырып, өзін-өзі
бағалайды.

| | |Мұғалім |Оқушының жинаған|Баға |
|р/с |Тапсырмалар |берген |ұпай саны | |
| | |ұпай саны | | |
|1 |проблемалық сұрақ |4 | | |
|2 |ойын |4 | | |
|3 |тест |15 | | |
|4 |өзіндік жұмыс |7 | | |
|Барлығы | |30 | | |

Бағалау критерийі:
20-25 ұпай - «5»,
13-19 ұпай - «4»,
6-12 ұпай - «3».

4 сынып
| | |Мұғалім берген|Оқушының жинаған|Баға |
|р/с |Тапсырмалар |ұпай саны |ұпай саны | |
| 1 |проблемалық сұрақ |4 | | |
| 2 |ойын |4 | | |
| 3 |суретпен жұмыс |5 | | |
| 4 |тест |15 | | |
| 5 |өзіндік жұмыс |7 | | |
|Барлы| |40 | | |
|ғы | | | | |

Бағалау критерийі:
25-30 ұпай - «5»,
18-24 ұпай - «4»,
10-17 ұпай - «3».


Ұқсас жұмыстар
Қызыл сары
Күзгі пейзаж,акварель,гуашь
Жылы түске натюрморт орындау
Оқушыларға арналған сурет салу ережесі
Түстердің жарыққа тәуелділігі
Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар
Балаларға симитриялық әдіс бойынша сурет салу
Батик. Матаға сурет салу өнері
Шетел суретшілері
Бояумен бізге күз келді
Пәндер