Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
МОТОР МАЙЫ
Мұнайлы ауданының №5 мектебі
КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
МАҢҒЫСТАУ
Басылым күні:
Бет №
Сынып
10
10 <<А>>
Пәні
Машинатану
Сағат
2
Сабақтың тақырыбы:
Мотордың майлау жүйесі
Моторға қолданылатын майлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға мотордың майлау жүйесімен моторға қолданылатын мотор майлары жайында түсінік беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ой- өрісін ынтасын, қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды шапшаңдыққа іскерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
Ашық сабақ
Сабақтың әдісі:
Көрнекі түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Жұмыс дәптері, үлкейтілген суреттер, буклеттер, автомобиль құрылғылары, слайд, проектор, экран.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқуышлармен амандасу, түгендеу,
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1. Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады (кузов, қозғалтқыш, шасси)
2. Қозғалтқыш міндеті қандай? (жылу энергиясына айналса, яғни механикалық жұмысқа айналдырады)
3. Қозғалтқыш құрамы (КШМ: ГРМсалқындату, майлау, қоректендіру, от алдыру жүйесі)
4. Спидометр құралдары жұмыс істемейтін көлік құралын пайдалануға рұқсат етіле ме? (тиым салынады)
5. Төрт тактілі қозғалтқыштың жұмыс циклі (енгізу, сығу жұмысы, шығару)
6. Цилиндрдің толық көлемі (жану камерасы мен цилиндрдің жұмыс көлемдерін қоса алғандағы көлемді айтамыз)
7. Поршен сақиналарын атау (май тазартқыш және компрессиялық)
8. Салқындату сұйықтары (антифриз, тасол, су)
9. Суыту жүйесі қандай құрылғылардан тұрады? (радиатор, желдеткіш, термостат, термометр т.б.)
10. Суыту жүйесі нешеге бөлінеді ? (ауамен, сұйықпен)
III. Жаңа сабақ:
Майлау жүйесі. Қызметі мен жүйе схемасы. Майлау жүйесі мотор бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін қажалу қалдықтарынан тазартады. Қазіргі моторларда аралас майлау жүйесі қолданылады, мұнда кейбір бөлшек сығылған май арқылы, кейбірі шашырау, ал бірі ағып келген май арқылы майланады.
Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықтықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.
Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір - бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады.
Екінші үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызыпнемесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.
Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.
Сүзгілер екі түрлі болады:
Сүзгілер екі түрлі болады: біреуі ірі тазартқыш (10), екіншісі майда тазартқыш (1). Сондықтанда олардың бүкіл жүйеге қосылу тәсіліне қарай толық немесе жартылай ағынды сүзгілер деп түрлендіреді. Толық ағынды сүзгілер жүйедегі насос (7) айдап шығарғын майды тұтас тазалайды, ал жартылай ағынды сүзгілер түгел емес, бір бөлігін ғана тазалап тұрады. Көбінесе қазіргі двигательдерде ірі тазалағыштар (10) тұтас ағынды, ал майда сүзгілер (1) жартылай ағынды болады.
Сүзгіден шыққан таза май бөлшектерді майдалауға жіберіледі. Ол үшін двигатель блогында магистрльдық тесік (12) жасалады. Сол магистральдық тесіктерден майланатын бөлшектерге де тесіктер жасалады. Сонда ондай бөлшектер қысыммен берілген май арқылы майланады. Көбінесе қысыммен майланатын бөлшектерге иінді біліктің тіреку және шатун мойындары (13), жұдырықша біліктердің тірек мойындары (14), күйентелердің осьтері (15) жатады. Одан басқа поршень менг цилиндр, клапандар, жұдырықшалар, поршень саусақтары сияқты бөлшектер шашыраған май тамшыларымен майланады. Иінді білік және тағы басқа айналатын бөлшектер майды шашып, картер ішінде ұсақ май тамшыларынан тұман түзеді де, олар барып шашылып майланатын бөлшек беттеріне қонады.
Осыларға қосымша жүйеге майды суытатын радиатор (3), май қысымын бақылайтын манометр (11) және температураны көрсететін термометр (2) қойылған.
Май насосы (7) үшін көбінесе шестернялы насос қойылады. Себібі ол сенімді жұмыс істейді және аз ғана айналыста жоғарғы қысым жасай алатын мүмкіндігі бар. Сондықтанда ол тұтас майлау жүйесін двигательдің аз айналысы кезінде қамтамасыз ете алады. Ал двигательдің айналыс жылдамдығы көбейген кезде, оның қысымын реттеп отыратын қысым реттегіш клапан (8) қойылады. Оның серіппесі насостан шыққан тесікті бітеп тұратын шар тәрізді клапанды, қысым аз кезінде, жауып итеріп тұрады. Осыған басқа ірі сүзгімен (10) параллель тура жіберетін клапан (9) жалғастырылады. Оның қызметі сүзгі өте ластанып, май жүрмей қалған жағдайда, оның кіре берісіндегі көбейген қысымның әсерімен клапаны ашылады да, май ағыны тазаланбаған күйінше тура магистральдық тесікке жіберіледі. Олай болмаған жағадайда двигатель майсыз жұмыс істеп, барлық үйкелетін бөлшектер істен шығуы мүмкін.
2.10.-сурет. Майлау жүйесі.
1,6,10-сүзгілер: 2-термометр; 3-радиатор; 4,8,9-клапандар; 5-кран; 7-насос;
11-манометр; 12-магистралды канал; 13-иінді білік; 14-таратқыш білік;
15-күйенте ось; 16-деңгей өлшегіш; 17-картер тығыны.
Майда сүзгі есебінде көбінесе реактивті центрифуга пайдаланылады. Оның жұмыс принципі ортадан тепкіш күшке негізделген. Сол үшін оның айналатын бөлігі болады. Оны ротор деп атайды. Сол роторда радиусқа перпендикуляр бағытта екі шашқыш тесік қойылған. Оларды сопло деп атайды. Насостан қысыммен келген май сол соплолар арқылы қысылып шығады да кері тебетін реактивті күш тудырады. Осы пайда болған күштер бір - біріне қарама - қарсы бағытталғандықтан, айналдыру моментін жасап, роторды айналуға мәжбүр етеді. Ротоор айналмалы қозғалысқа келгендіктен, оның ішіндегі майда айналып, ондағы лас кесектер ауыр болғандықтан ортадан сыртқа қарай көп күшпен итеріледі де ротордың ішкі қабырғасына жабысып қалады. Ал тазаланған май қайтадан картерге құйылады. Осылайша біртіндеп майды тазалай береді. Двигательгге техникалық күтім жасалған кезде, роторды бөлшектеп, оның ішкі қабырғасында жиналған лас тұнбаларды қырып тазартып, қайтадан орнына бекітеді.
Май суытатын радиаторлар әртүрлі двигательдерде әрқалай жүйеге жалғасады. 2.10 - суретте көрсетілген схемада радиатор жүйеге арнаулы жапқыш кран (5) арқылы жалғасады. Ол кранды көбінесе жазда ашып, қыс мезгілінде жауып ұстайды. Оған қосымша сақтандырғыш клапан (4) жалғасады. Кейбір двигательдерде осылай радиаторды жүйеге қосып ажырату қызметін арнаулы клапан атқарады. Жүйедегі май суық кезінде оның тұтқырлығы көп болғандықтан қысым артып клапанды ашады да май радиатороға бармай қайтадан картерге құқйылады.
Жүйедегі май қысымы мен темперетурасын көрсететін құралдар(11, 2) жүргізушінің алдындағы қалқанға көрінетін орынға бекітілген. Жұмыс кезінде оларды үнемі бақылап отыру қажет. Оның үстіне күнделікті картедегі май деңгейін де тексеріп тұрады.
МОТОР МАЙЫ
Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін майдың атқаратын қызметі.
Май қолданғанда үйкеліс күшін азайту, демек үйкелуші бөлшектердің тозуы мен қызып кетуін барынша кеміту мақсаты көзделеді. Мұнымен қоса, үйкеліс азайса, мотордың механикалық әсер коэффициенті ұлғаяды.
Майлағанда өзара жанаса қозғалатын беттердің арасына май қабаты жіберіледі, сөйтіп, беттердің арасындағы тікелей үйкелістің орнына май қабатының өзінің ішкі кедергісін жеңу ғана қалады.
Тәжірибелер, үйкеліс күші үйкелуші беттердің арасындағы май қабатының қалыңдығына кері пропорционалды екенін көрсетті. Май қабатының қалыңдығын ұлғайтса, үйкеліс пен май температурасына кететін шығын азаяды.
Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін май, үйкелісті азайтумен қатар, азда болса, үйкелуші бөлшектерді салқындату үшін қолданылады. Бұл салқындату майдың айналып ағып отыруының арқасында жүзеге асады. Жағар-май үйкелуші беттерді үйкелген кезде мүжіліп түсетін металл бөлшектерден тазартып тұрады жөне үлкен температура мен қысымның әсерінен күйген майдан пайда болатын күйе бөлшектерінен тазартып тұрады.
Майдың, сонымен қатар, цилиндрдің саңлаусыз жабылуын қамтамасыз ететін фактор ретіндегі рөлін атап кетуіміз керек, өйткені май қабатының тұтқырлығы жеткілікті болса, газдарды өткізбеуге поршень сақиналарына жағдай туғызады.
Мотор бөлшектерін майлау үшін жоғары сапалы мотор майы қолданылады. Іштен жанатын моторларға қолданылатын майдың қолайлы тұтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуы тиіс. Майдың пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады. Соңғы кезде мотор майы бұрынғы қабылданған сорт атауларымен қоса, жаңа жіктеу тәртібі бойынша алты топқа таңбаланады: А, Б, В,Г,Д, Е.
МОТОР МАЙЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Мотор майларының атқаратын қызметтері:
1. Үйкелісті азайту, тозуды төмендету;
2. Жылуды бұру (бөлу);
3. Ластану өнімдерінен тазалау;
4. Цилиндр-сақина, сақина піспек герметикалығын
қамтамасыз ету.
Мотор майлары жұмысының температуралық шарттары:
1. Жоғары температуралық аумақ: жану камерасы.
Қызған газдардың температурасы - 1700-2200°С;
2. Орташа температуралық аумаң: піспекті сақина,
піспекті саусақ. Температура - 280-350°С.
Төменгі температуралық аумаң: бұлғақты және түпкі иінтіректе, картер. Температура - 110-130°С.
Майлар қысқы, жазғы, барлық маусымдық болып бөлінеді.
Майлар енгізілген қоспалардың мөлшерінен бір-бірінен ерекшеленетін 6 топқа (А,Б,В,Г,Д,Е) бөлінеді.
Мотор майларының таңбалануы:
М-8Б2
М - мотор майы
8-саны - 100°С жағдайындағы сантистокстағы кинематикалық тұтқырлық.
" 1" индексі - карбюраторлы қозғалтқыштарға арналған май;
"2" индексі - дизельдік қозғалтқыштарға арналған май.
Индекссіз - карбюраторлық және дизельдік қозғалтқыштарға арналған.
А, Б -- күші үдетілмеген немесе аз күші үдетілген қозғалтқыш.
В -- орташа күші үдетілген қозғалтқыш
Г -- жоғары күші үдетілген қозғалтқыш
Д - жылу кернеулі үдемелі қозғалтқыш
Тұтқырлық температуралық қасиеті жақсартылған, қоюландырылған, қысқы және бүкіл маусымдық майлар жиі шығарылады
Сабақты бекіту сұрақтары:
* Майлау жүйесін нешеге бөлеміз?

* Сүзгілер неше түрлі болады?
ірі тазартқыш және майда тазартқыш
* Мотор майлары енгізілген қоспалардың мөлшеріне байланысты неше топқа бөлінеді?
Алты топқа бөлінеді? АВГДЕ
* Мотор майларының атқаратын қызметтері қандай?

Сабақты қорыту:
Мотордың майлау жүйесі
Мотордың майлау жүйесі
Мотор майлары
Лукойл
Маннол
Мотор майлары
Лукойл
Маннол
Май насосы
Сүзгілер
манометр
Май насосы
Сүзгілер
манометр
Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz