Интерактивті тақтамен берілетін сабақтардың бағалау сынамалары

Сапалы білім берудің негізі -

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар .

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандарының біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Бүгінгі Қазақстанда ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты, еліміздің білім беру жүйесінің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды пайдалануға үлкен мүмкіншіліктер болып жатыр. Осыдан келіп бүгінгі таңда Қазақстан педагогтеріне қойылатын көптеген талаптар туындалып отыр. Мәселен, мұғалімдердің құзырлылығы қалыптасуы керек, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы (АҚҚ) қалыптасуы өте қажет. Ал ол ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруімен сипатталады. Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану үшін төмендегі талаптар орындалу керек: (слайд №2)

  1. Интерактивті тақтамен жұмысты меңгере білу.
  2. Интерактивті тақтаның арнайы бағдарламаларымен жұмыс жасау.
  3. Электрондық оқулықтарды, олардың ішкі модульдерін жаңа тақырыпқа байланысты қолдана білу.
  4. Интернет-технологиямен жұмыс жасау.
  5. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасай білу.

Осы талаптары орындау үшін мектептегі ақпараттандыру қызметі келесі жұмыс жүйесі бойынша жұмыс жасауда. (слайд №3) .

Негізгі міндеттері (слайд №4) :

  1. Педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткештерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
  2. Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
  3. - АКТ-ны оқытуда мұғалімдердің кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату.
  4. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу бойынша мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, тарату.

Үнемі оқу жылының басында оқушылармен, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану деңгейі анықталып келеді.

(слайд №5) . Мектептегі оқушыларынан үйде компьютермен қамтылуы және интернетке қосылуы туралы мәлімет жиналды. Оқушылардың жалпы саны (1-11) -824. Солардың ішінде компьютерлері бар оқушылардың саны -343,

интернетке қосылғандардың саны - 81.


Мұғалемдердің жие қолданатын сайттары: «ГорОО», e. gov, Ustaz, сайт Президента РК, сайт акима обл, сайт акима города, «ашық сабақтар».


Интерактивті тақтаның арнайы бағдарламаларымен жұмыс жасауын жетілдіру үшін пән мұғалімдері жыл бойы интерактив тақтасы бар кабинеттерде қосымша жасалған кесте бойынша аптасына бір рет өз сабағын өткізеді (слайд №6) .

Мектеп бойынша интерактивті тақтамен өткізілетін сабақтарға қойылатын талаптар бекітілген (слайд №7) .

1. Компьютердегі барлық офис бағдарламаларын пайдалану

2. АKTIV board пайдалану

3. АKTIV studio қолдану

4. АKTIV ote пайдалану

5. АKTIV tablet пайдалану

6. Web камера арқылы сабақтың кезеңдерін түсіру.

7. электрондық оқулықтарды қолдану.

Жыл бойы әдістемелік бірлестіктің пән мұғалімдерімен интерактивті тақтамен ашық сабақтар апталығы ұйымдастырылады. Аталған сабақтарды бағалау үшін сынамалары жасалған . (Слайд №8)

Интерактивті тақтамен берілетін сабақтардың бағалау сынамалары

Сынама

Сабақ кезеңдерінде ИТ -ны пайдалану әдістемесі

ИТ-ны пайдалану әдістері

ИТ-мен жұмыс жасауға оқушыларды ұйымдастару

Санитарлы-гигиеналық талаптарды сақтау

ИТ-ны пайдаланып оқытудың нәтижелілігі

Анықтамасы

ИТ пайдалануда авторлық әдісі (мұғалімнің жеке әзірлемесі) қолданылады, ИТ пайдалануда бейімділік әдісі қолданылады, ИТ пайдалану ұйғарымында сандық білім ресурстары қолданылады

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда ИТ-ның таңдаулы әдістері қызмет етеді, ИТ таңдаулы әдістерін пайдалану арқылы сабақтың дидактикалық тапсырмаларын шешу қабілеттілігін арттырады, ИТ-ны пайдалану арқылы сабақтың дамыту мақсатына жету

ИТ-ны пайдалану оқушылардың оқу тиімділігін арттырады, ИТ оқушылардың өзіндік білімін көтеруге және өзіндік еңбегін ұйымдастыру ретінде қолданылады, Оқушылардың жеке белсенділігін кеңейту құралы ретінде ИТ-ны қолдану сабақта тұлғалық бағдарлықты қолдануға мүмкіндік береді

ИТ пайдаланып сабақ өткізуде техникалық және санитарлық талаптар сақталады

ИТ-ны тиімді пайдалануы сабақтың мақсатына жетуіне, оның әртүрлі кезеңдерінде үйрету сапалығынарттырады

Жыл қорытындысында әр әдістемелік бірлестіктен «Ең үздік интерактивті құралдарды қолданатын пән мұғалімі» номинациясымен марапатталады. Осы бағытта мектеп мұғалімдері жыл сайын қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ең үздік интерактивті құралдарды қолданатын пән мұғалімі» байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

- АКТ-ны оқытуда мұғалімдердің кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату мақсатында «МИФ» әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері «Интерактив тақтаны тиімді пайдалану жолдары» атты оқыту және демалыс уақытында информатика пәнінің мұғалімі Баяханов Оразбек Дүзелұлы «Электрондық портфолио құру технологиясы»тақырыптарында мектепішілік семинарлар өткізілді. Үнемі мектеп мұғалімдері облыстық біліктілікті арттыру институтында ақпараттық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Биылғы оқу жылында « Іntel» бағдарламасы бойынша 20 мұғалім курстан өтті.

Интернет-технологиямен жұмыс жасау даму үстінде . Жалпы мектепте 43 компьютер интернет жүйесіне қосылған. Мультимедиялық кабинетте үнемі оқушыларды Қазақстанның интернет олимпиадасына және әр түрлі қашықтық зияткерлік байқауларға қатыстыру ұйымдастырылған. Соның ішінде 7 интерактивті тақтасы бар кабинеттерінде пән мұғалімдері ҰБТ-ға даярлау сабақтарында интернет мүмкіндіктерін тиімді қолданады. Мысалы интернеттен ҰБТ-ға байланысты тақырыптық тесттер, сабаққа дайын флипчарттарды, аудио және бейне материалдарын көшіріп ала алады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы ережеге қосымша
Жаңа мазмұнға сай педагогикалық жаңа технологиялрды пайдаланып өткізілген сабақтардың өзіндік талдауы
Жаңа ақпараттық технологияларда
Ең үлкен ортақ бөлгіш тақырыбына есептер шығару
Үй тапсырмасы-оқу процесінің құрамдас бөлігі
Сан есім туралы өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұнын көшіру
Сабақтардың тақырыбы Тұңғыш ғалымдар
БАЯНДАМА САБАҚТАРДА БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
М. мақатаев. « отан туралы »
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz