Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Слайдтарды безендіру

ПӘН: «ИНФОРМАТИКА»

Тақырыбы: «PowerPoint бағдарламасы»

Дайындаған оқытушы:
Абдикаримова Т.А.

АШЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ.

Сабақтың ұзақтығы: 90 минут

Өткізілетін жері: компьютер кабинеті

Пән: «Информатика»

Оқытушының аты-жөні: Абдикаримова Т.А.

1. Сабақтың тақырыбы: «PowerPoint бағдарламасы»

2. Сабақтың түрі және типі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін
толықтыру. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып
презентация құру. PowerPoint-та әр түрлі анимациялау эффектілерін басқару.

3. Міндеттері:
1. Білімдік міндет:
- PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
- PowerPoint-ң сыртқы көрінісі.
- Оқушының білім деңгейін анықтай отырып, белсенділікке баулу, жаңа ақпарат
пен бұрынғы білімді ұштастыру.
- Оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
2. Тәрбиелік міндет:
- Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру.
- Қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім
алуға, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру.
- Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық міндет:
- Оқушының ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,
информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана
білуге дағдыландыру.
- Оқушыларды шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және
компьютерлік шеберлігін дамыту.

4. Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар білуі тиіс:
- MS POWER POINT туралы негізгі түсінік
- PowerPoint-ң сыртқы көрінісі
- PowerPoint көмегімен презентация жасау.
- PowerPoint-та әр түрлі анимациялау эффектілерін басқару

2. Оқушылар орындай алуы тиіс:
- Компьютерде PowerPoint терезесімен жұмыс
- PowerPoint –та слайдтар құру
- Слайдтарды безендіру
5. Пән аралық байланыс:
І. Орыс тілі:
1. «Языковые средства, характерные для разговорного, научного стилей

речи».
2. «Слова, общие для русского и казахского языков».
ІІ. Ағылшын тілі:
1. «Оқу ережелерін сақтау, қос дауысты дыбыстар».
6. Пән ішілік байланыс:
1) Microsoft Word мәтіндік редакторы;
2) Графикалық нысаналарды құру;
3) Графика мен диаграмма тұрғызу;
4) Кестемен жұмыс жасау.
7. Оқытудың әдістемелік құралдары: электронды оқулық, слайд, кластер
сызбасы, тестілер, ситуациялық есеп.
Материалдық құралдар: проектор, экран, компьютер, электронды
оқулық, тақта, маркерлер.

Оқыту әдебиеттері:

Негізгі: 1.А.Е.Есжанов,Ә.І.Тәжіғұлова,Т.К.Тюлеев «Компьютерлік
сауаттану» . 92-99, беттер
2. Е.Қ.Балапанов,А.Дәулетқұлов,Б.Бөрібаев

«Информатикадан 30 сабақ» 67-70, беттер
3. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева «Информатика»

172-174 беттер
4. «Информатика негіздері» журналы №3, 2003 ж.

Қосымша: 1. Б. Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов «PowerPoint» бағдарламасын
пайдалану. Лабораториялық практикум
2. «Информатика негіздері» Ғылыми-әдістемелік журнал,
№2,
3. Электронды оқулық «Халықты компьютерлік
сауаттылыққа
оқыту»

САБАҚТЫҢ СТРУКТУРАСЫ

|Сабақ бөлімі |Сабақ бөлімдерінің мазмұны |Оқыту |Бөлінген |
| | |әдістері |уақыт |
|1. Ұйымдас-тыру |А) Оқушыларды түгендеу, сабаққа | | 3-5 |
|кезеңі |дайындығын, сырт-пішінін тексеру | |мин |
| |Б) Сабақтың мақсатымен, жоспарымен | | |
| |таныстыру | | |
|2. Оқушылардың | а) Фронтальды сұрау «Миға шабуыл» арқылы|Репродук | 20-25 |
|тақырып бойынша |тексеру. |тивті |мин |
|білуі тиіс |Қосымша №1 | | |
|білімін бақылау,|б) Жазбаша тестілік тапсырма 10 сұрақ | | |
|коррекциялау |ІІ-вариант.(ойлау, есте сақтау | | |
| |қабілеттерін бақылау үшін) | | |
| |Қосымша №2 | | |
| |В)Ситуациялық дефектілік есеп «Қателерді| | |
| |анықтау». | | |
| |Қосымша №3 | | |
|3. Жаңа |а) PowerPoint бағдарламасының | | |
|тақырыпты |мүмкіндіктерін «Кластер» бойынша | | |
|түсіндіре отырып|таныстыру. | | |
|бекіту, |Қосымша №4 | | |
|тапсырмаларды |а) MS POWER POINT туралы негізгі түсінік.| | |
|орындау |б) PowerPoint-ң сыртқы көрінісі. | | |
| |в) PowerPoint көмегімен презентация |Проблема | |
| |жасау. |лық ізденіс |50- 55 мин|
| |г) PowerPoint-та әр түрлі анимациялау | | |
| |эффектілерін басқару. | | |
| |д) Слайдтар жасау, презентацияға | | |
| |дыбыстарды енгізу. | | |
| |е) Презентация жасау, келесі тақырыптар | | |
| |бойынша: 1. «Азиада алауы»; | | |
| |2. «Мамандығым-мақтанышым»; | | |
| |3. «Менің-Қазақстаным»; | | |
| |4. «Аналар мерекесі», | | |
| |5. «Ақ халатты абзал жандар» | | |
| |ж) PowerPoint бағдарламасы арқылы | | |
| |тапсырмалар орындау. | | |
| | | | |
| |Қосымша №5 | | |
| |з) PowerPoint бағдарламасы бойынша | | |
| |«Тестік жұмыс» орындайды. | | |
| | | | |
|5. Қорытынды |а) Рефлексия. |Синтез- | 3-5 |
|кезең |Қосымша №6 |деу әдісі |мин. |
| |б) Үй тапсырмасы: «Графикалық редактор» | | |
| |Әдебиеттер: | | |
| |1. Е.Қ.Балапанов,А.Дәулетқұлов,Б.Бөрібаев| | |
| |«Информатикадан 30 сабақ» 86-90, беттер. | | |
| |2.В.Н. Кирнос «Информатика» 85-90, | | |
| |беттер. | | |

ДӘРІС
Тақырыбы: PowerPoint бағдарламасы

Жоспары:
1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
2. PowerPoint терезесінің құрылымы.
3. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
4. Слайдтарды безендіру.
5. Анимация қосу.
6. Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

Қолданылған әдебиеттер:
1. А.Е.Есжанов,Ә.І.Тәжіғұлова,Т.К.Тюлеев «Компьютерлік сауаттану» .
92-99, беттер
2. Е.Қ.Балапанов,А.Дәулетқұлов,Б.Бөрібае «Информатикадан 30 сабақ»
67-70, беттер
3. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева «Информатика» 172-174 беттер
4. «Информатика негіздері» журналы №3, 2003 ж.

1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.
Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office
қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама
жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге
мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті - ақпаратты қабылдау және
есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау
және өңдеу.
Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға
арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар
әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген
жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты
жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау
процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері,
презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік
факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.

2. PowerPoint терезесінің құрылымы.
PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар - Microsoft
PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай
негізгі элементтерден тұрады:
➢ Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.
➢ Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты
көрсету» әмірі орналасқан.
➢ Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан
өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен
ерекшеленеді.
➢ Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге
арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға
мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
➢ Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.
➢ Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип,
дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд
➢ Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:
➢ Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа
құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау
командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор.
Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық
почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады.
«Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация
автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде
ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.

3. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында
жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:
✓ Жаңа презентация (Новая прзентация)
✓ Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)
✓ Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)
Автомазмұн шебері көмегімен:
▪ Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
▪ Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
▪ Сауда-саттық және маркетинг жөнінде есеп –қисаптар;
▪ Жеке хабарламалар; т.б. тақырыптарда алдын ала
дайындалып қойылған презентациялар ішінен өзіңе қажетті
презентацияны таңдап құруға болады.
1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын
таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай
батырмасын шертеміз.
2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.
3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын
батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте
аламыз.
Жаңа презентация құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі
«Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі
бар. Мұнда әтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу
схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.
Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде-
Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып
көруге болады.
Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер
сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер
сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша
өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы
терезеден түстің қанықтылығын және өрнек немесе текстура ішкі беттерінде
слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы
өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте
әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді
таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.
PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.
PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:
• Қарапайым режим (әр слайдты жеке-жеке көрсетеді)
• Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп
орналасады)
• Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін
көрсетеді)
Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар.
Сұрыптау режимі арқылы Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап
кез-келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.

4. Слайдтарды безендіру.
Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор.
Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы
арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру»
(Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint
бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа
бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында
суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе
Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен
жан-жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз. Сурет салу
құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын
кіргізуге болады. WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы
түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған
терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау
арқылы өзгертуге болады.

5. Анимация қосу.
PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және
мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға
болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі
эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін
элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық
эффектілер қосуға болады.
Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету-
Анимация қосу (Показ слайда- Настройка анимации) командасын орындаймыз.
Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде
ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны
баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті
(Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан
батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу
арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда
болу уақыттын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап
алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу
керектігін белгілей аламыз.

6. Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде
музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі
бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау
т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға
әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файла командасын
орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде
дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет. Дыбысты жазу үшін Слайдты
көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз.
Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын
көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.

Сабақты бекіту
Компьютерде «PowerPoint бағдарламасы» арқылы тапсырмалар орындау.
PowerPoint бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту үшін компьютерде
«Тестік жұмыс» орындайды.

Ұқсас жұмыстар
Көрмелерді безендіру және көрсету
Powerpoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері
Слайдтар режимі
Безендіру шаблондары
Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру
Сабақтың жоспары
Power point бағдарламасында Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың түрі
Презентацияларды құру. безендіру шаблондары. 6-сынып
Power point 2000-да слайд-фильмдер жасау
Пәндер