Мен және менің анам тақырыбындағы сабақ жоспары мен сайыс сценарийі

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің анам»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Сабақтың көрнекілігі : Нақыл сөздер

Сабақтың барысы :

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,

Аяулы аналар!!!

1-жүргізуші . Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші . Бүгінгі „Мен және менің анам" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші

Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған “ Мен және менің анашым ” атты сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа - демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы жанұяларды шақырамыз.

1-жүргізуші

Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

Мұғалім әділқазылар алқасымен таныстырады.

2-жүргізуші

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

1. Таныстыру

2. Шебер қолдар

3. Сұрақ - жауап

4. Салт- дәстүр көрсету

5. Ептілер

6. Өнер көрсету

1-жүргізуші

Көп сөйлеп жөн- жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Мен және менің анам” сайысын бастайық біз.

2-жүргізуші

Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық!-
деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

1-Бөлім Әр отбасы өздерін таныстырады.

Әділқазылар алқасы бағаларын берсін

2-бөлім

1-жүргізуші .

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп, -келесі сайысымыз-

( Шығармашылық қолөнер сайысы. )

3-бөлім

Сұрақ-жауап

4-бөлім

2-жүргізуші .

Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық. .

(Салт дәстүр көрсету)

5-бөлім

1-жүргізуші

Күміс белбеу белімде

Жалт- жұлт етеді көрдің бе?

Тең келмейсің менімен

Түсіңдер менің соңыма

Келесі сайысымыз «Ептілер » сайысы

Мұғалім : (бір ыдыстағы суды екінші ыдысқа төкпей құюы керек)

6-бөлім

2-жүргізуші

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі, ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,

Арулар оянбай-ақ жан салыпты.

Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы.

1-жүргізуші

Өнер-білім серігің, адам-атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тәмам болды,
Бәрің аман болыңдар, жамағатым!

Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

Хор : Құттықтаймын мама

Ұлдарымыздың әдеби монтажы

Би

Ән


Ұқсас жұмыстар
Әкем, анам және мен - Отбасымыз оқырман: мектеп кітапханасындағы тәрбие сағаты мен сайыс жоспары
Анам және Мен: 1-сыныптағы ана мен қыз арасындағы сайыс бағдарламасы
8-сынып оқушыларына арналған Елім менің тақырыбындағы математика мен тіл білімін дамытуға бағытталған топтық сайыс
3-сынып сабақ жоспары: Анам және мен - ата-ана мен мектептің бірлескен тәрбиесі және шығармашылық сайысы
Менің жолдасым тақырыбындағы аралас сабақ жоспары
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі тақырыбындағы мектептік сайыс сабақтың сценарийі
Анам және мен: бастауыш сыныптардағы тәрбие сағаты мен сайыс бағдарламасы (А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп, 2014-2015 оқу жылы)
Диқан тірек мектебінің (ресурстық орталығы) Елім менің Тәуелсіз Қазақстан тақырыбындағы патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауының сценарийі
Менің елім - Қазақстан: танымдық-этнографиялық ойын-сайыс сценарийі және әдістемелік нұсқаулық
8-10 сыныптар арасындағы Менің отбасым және математика ойын-сайыс сценарийі және әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz