Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық -- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық -- бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен <<қабілет>> ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда <<қабілеттерді>> тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық -- тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші -- адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші -- адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1. Репродуктивті -- іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
2. Шығармашылық -- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
<<Шығармашылық>> сөзінің төркіні этимологиясы <<шығару>>, <<ойлап табу>> дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте <<шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет>>, -- деп түсіндіріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы -- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, <<жаңалық ашып>>, оның нәтижесінің <<қызығына>> бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:
1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
8. Өлең, мақалдар құрастыру.
9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Кейіпкерге мінездеме беру.
11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
12. Рөлге бөліп оқыту.
13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
14. Диалог-ертегі.
15. Образға кіру.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

І тапсырма <<Образға кіру>>
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

ІІ тапсырма <<Талдау және қиялдау>>
Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың <<Қамқорлық>> әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.
-- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
-- Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

Жантас
Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
Қожа
Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

-- Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)
-- Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
-- Қожаның ісіне қуандық.
-- Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
-- Кездескенде не деп айтар едіңдер?
-- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
-- Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?
-- Қандай сурет салар едіңдер?
-- Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

Қорытынды: өзіміздің іс... тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс -- әрекетке қабілеті артты.
4. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата... аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Ұқсас жұмыстар
Оқушының оқуға ынтасының болмауы
Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы рөлі
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өзіндік жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Бастауыш шағын жинақты мектеп
Сыртқы белсенділік
Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ МЕНІҢ ПЕЛАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАМ
Пәндер