Тербелістің ортада таралу процесі

Сабақтың тақырыбы: Толқындық оптика тарауы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Толқындық оптика тарауы

бойынша алған білімдерін тексеру. Жарық

толқындарының таралу ерекшеліктері мен

оны іске асыру әдістері туралы түсініктерін

молайту.

б) дамытушылық: Білім, білік дағдыларын

қалыптастыру арқылы пәнге деген

қызығушылығын арттыру. Өз ойын ашық

айта білуге үйрету.

в) тәрбиелік: Адамгершілікке, өмірге деген

көзқарасын қалыптастыру. Патроиоттыққа

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау

Сабақ әдісі: « Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау » бағдарламасының кейбір элементтері, «деңгейлеп оқыту», «Блум» әдісі

Көрнекілігі: топшамалар, жетондар

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, информатика

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту.

ІІІ. Өзіңді тексер! Сұрақ-жауап

IV. Электронды оқулық.

V. Есеп шығара білесің бе? (есеп шығару)

VI. Қысқаша тест

VII . Қорытынды. Блум әдісі.

VIII . Үйге тапсырма. Бағалау.

І. Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту.

Сұрақ: Оптика тарауы бойынша қандай тақырыптармен

таныстыңдар?

ІІІ. «Өзіңді тексер!»Қойылатын сұрақтар:

1. Толқындық қозғалыс дегеніміз не?

Тербелістің ортада таралу процесі.

2. Электромагниттік толқындар дегеніміз не?Көлденең және қума толқындар дегеніміз не?

Бір-бірімен байланысқан айнымалы электр және магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі.

Ортаның бөлшектері толқындардың таралу бағытына препендикуляр бағытта тербеліс жасайтын толқындар көлденең толқындар деп аталады.

Ортаның бөлшектерінің тербеліс бағыты толқындардың таралу бағытына сәйкес келсе толқындар қума толқындар деп аталады.

3. Толқындық бет дегеніміз не?

Тербеліс фазалары сәйкес келетін нүктелердің геометриялық орны.

4. Толқындардың қабаттасуы, интерференциясы дегеніміз не?

Толқындардың тербелістері өтетін ортаның әрбір нүктесінде осы толқындардың қосылуы.

Екі немесе бірнеше толқындардың қабаттасуы кезінде кеңістіктің әр түрлі нүктелеріндегі қорытқы тербелістер уақыт өтуімен өзгермей тұрақты болып қалатын құбылысты интерференция деп атаймыз.

5. Дифракция дегеніміз не?

Толқынның тұзусызық бойымен таралудан ауытқуын немесе толқындардың тосқауылды айналып өтуін айтады.

E:\for_CD\Oleg\PP_Less_Optic\Op_12.jpg

6. Жарықтың интерференция сы дегеніміз не?

Кеңістіктің кейбір нүктелерінде толқындардың қабаттасуынан бір-бірін күшейтетін, ал басқа бір нүктелерінде керісінше бір-бірін әлсірететін құбылыс.

7. Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?

Жарықтың түзусызықтың бойымен таралудан ауытқуын немесе тосқауылды орағытып өтуі.

8. Дифракциялық тор дегеніміз не?

Жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы.

9. Спектр деген не?

Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден тұратын жолақтар.

10. Дисперсия дегеніміз не?

Күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылысы немесе заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі.

H:\Documents and Settings\1\Рабочий стол\Новая папка (8)\Slide20.jpg

11. Оптикалық аспаптарды ата. Олардың құрылыстарына тоқтал.

Фотоаппарат, көз, микроскоп, телескоп т. б(слайдтан көрсету)

E:\Oleg\PP_Less_Optic\Op_5.jpg E:\for_CD\Oleg\PP_Less_Optic\Op_11.jpg

12. Геометриялық оптика дегеніміз не?Оның заңдарын ата.

Жарықтың табиғатын қарастырмай оның тек таралуын зерттейтін оптиканың бөлімі. Жарықтың түзусызықты таралу заңы, жарықтың тәуелсіз таралу заңы, жарықтың шағылу заңы, жарықтың сыну заңы.

13. Жарықты шағылуы дегеніміз не?

Екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің жүру бағытының өзгеру құбылысы.

E:\Oleg\PP_Less_Optic\Op_8.jpg

14. Жарықтың сыну құбылысын түсіндір.

Бірінші ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулелерінің таралу бағытының өзгеруі.

15. Линза дегеніміз не?

Екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.

H:\Documents and Settings\1\Рабочий стол\Новая папка (8)\Lens_types.png

IV. Электронды оқулықтан тәжірибелер көрсету.

V. Е сеп шығара білеміз бе? Оқулықпен жұмыс.

№4. 1. 1 Егер толқынның таралу жылдамдығы 340 м/с болса, 440Гц жиілік кезіндегі толқын ұзындығын анықтаңдар.

Бер: ν=440Гц λ=V*T

V=340 м/с λ = V/ ν=340 м/с/440 Гц=0, 77м.

λ =?

4. 1. 2 Толқынның таралу жылдамдығы 5 км/с, ал тербеліс жиілігі 100кГц болса, бір сәуледе жататын және бірдей фазада тебелетін қума толқынның ең жақын екі нүктесінің арақашықтығын анықтаңдар.

Бер: V=5 км/ λ=V*T T=1/ ν

ν=100кГц λ= V/ ν λ =5*10 м/с /10 Гц=5*10 м

λ =?

VI . Тест


Ұқсас жұмыстар
Тербеліс периодын анықта
Дыбыстық құбылыстар жайлы ақпарат
Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
Компьютерлік және биологиялық вирустар
Толқындық қозғалыс
Ішкі құлақ
Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар
Ағаш желімдеу
Тригонометрияның өмірде қолданылуы
Жарық сәулесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz