Мемлекеттік бюджет

Экономика пәнінің мұғалімі
Байсенгирова Айнұр Құрмаш қызы
ОҚО Шардара ауданы
Қоссейіт ауылы
«Сырдария» жалпы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік бюджет.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушыларға экономикалық негізгі ұғымдар (экономика, қаржы, банк, бюджет, салық, несие, бағалы қағаз) ұғымдармен таныстыру және өмірде пайдалана білу;
- Дамытушылық:Экономикалық ойлау қабілетін дамыту, оны пайдалану тәсілдері . Әр түрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту;
- Тәрбиелік:Өзіндік ізденуге үйрету, үнемділікке, іскерлікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, математика.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ жазылған плакат, ребус, деңгейлік тапсырмалардың конверттері т. б.
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын сұрау. Деңгейлік тапсырма.
ІІ. Экономикалық терминдер.
ІІІ. Отбасы бюджеті туралы есеп.
ІҮ. Сөзжұмбақ шешу, ребус, экономика қазақ мақалдарында.
Ү. Семантикалық карта.
ҮІ. Жаңа сабақ.
ҮІІ. Қорытындылау, бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидасы өзін-өзі ақтады. Осыған байланысты мектепте қазіргі нарықты экономика кезеңінде жас ұрпақты еңбекке, адалдыққа, шаруашылыққа қожалық етуге, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу элементтерін пайдалануымыз қажет.
Бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты: Оқушыларға бұл экономика пәнін толықтай игерту, экономикалық білімін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
І. Үй тапсырмасын сұрау . Деңгейлік тапсырма.
- Ақша мен қаржының айырмашылығы қандай?
(Қаржы - жеке тұтынушыларға қызмет етпейді, ол экономикалық дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған, ал ақша - жеке тұтынушыларға қызмет етеді)
- Қаржы жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?
(Кез келген елде қаржы жүйесі: мемлекеттік қаржылар, кәсіпорын қаржылары, халық қаржылары бөлімінен құралады)
- Ақшаның атқаратын қызметтері қандай?
(Құн өлшемі, айналым құралы, қор жинау, төлем құралы, дүниежүзілік ақшалар)
- Мемлекеттік қаржылары туралы түсінік бер?
(Мемлекеттік қаржылар- мемлекеттің қолында шоғырланған және оның қаржылық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, ақшалай қорлар жүйесі. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғанысқа жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры т. б. жатады)
1. Халық қаржылары дегеніміз не?
(Ел халқының еңбек және басқадай қызмет етудің нәтижесінде алатын ақша қорлары. Халық бұл қаржыларды өз меншіктерін және игілік жағдайларын ұлғайту мақсатында пайдаланады. )
- Кәсіпорын қаржылары дегеніміз не?
(Өндірістік тауарлар мен қызметтер процесін қамтамасыз ететін ақшалай қорлар жүйесі. )
ІІ. Экономикалық терминдер.
Мұғалім үлестірмелі кеспеде көрсеткен терминдерге оқушылар анықтама береді.
БАРТЕР БАНКРОТ
БАҒА БАНКИР
ТЕҢГЕ НЕСИЕ
БАНК ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ
ІІІ. Отбасы бюджеті туралы есеп.
- Жалақы
а) әке
ә) шеше
2. Зейнетақы
а) әжесі
ә) атасы
Барлығы:
15000 т.
1т.
-
9000т.
34000т.
- Коммуналды қызмет көрсетулер
- Тамақ өнімдері
Ет, өсімдік майы, сары май, ұн, шай, кәмпиттер, көкөніс
- Жуушы құралдар
- Көңіл көтеру
- Киім
3000т.
7000т.
200т
200
16000т.
26400т.
Отбасыда қанша жинақтау қалады?
34000-26400=7600т. пайда
ІҮ. Сөзжұмбақ шешу, ребус.
Экономика қазақ мақалдарында.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
Сұрақтары.
- Азаматтардың немесе фирмалардың жалақы немесе пайдадан мемлекет пайдасына төлейтін міндетті төлемдері. (салық)
- Фирмалар мен жеке адамдардың сақтау үшін банкке салынған ақша қаражаттары. (салым)
- Өнім шығарып, қызмет көрсететін адам. (өндіруші)
- Мүлік жеке адам иелігінде болатын меншік түрі. (жеке меншік)
- Белгілі бір шарттармен ақшаны борышқа алу. (қарыз)
- Мемлекет иелігіндегі барлық ақша қаражаттары. (қаржы)
- Жер мен капитал тайпаның ортақ иелігінде болып, ал шектеулі ресурстар қалыптасқан дәстүрге байланысты бөлінетін экономикалық өмірді ұйымдастыру жолы қалай аталады. Бұл экономикалық жүйенің қай түрі?(дәстүрлі экономика)
- ТАБЫС-ШЫҒЫН=?(Пайда)
- Өндірушілер арасындағы бақталастық. (бәсеке)
- Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет, кәсіпкерлік. (бизнес)
- Коммерциялық фирманы ұйымдастыратын және пайда алу мақсатымен оның жұмысын басқаратын адам. (кәсіпкер)
Экономикалық ребус шешу.
Экономика
Экспорт
Фирма
Нарықтық экономика
- Э ”””’ ”’’’
”. ” ”’
’
”’
- ”””’”” ’’
- Ф ’’ ””
- ’ ”Ы ”’ ””Э’” O ”
”. ”
””
Экономика қазақ мақалдарында.
- Кәсіп түбі несіп.
- Ер дәулеті еңбек.
- Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
- Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Ү. Семантикалық карта.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz