7-сынып, 1-тоқсан - Компьютер негіздері (2-нұсқа) бақылау жұмысы

7-сынып, 1-тоқсан, 2-нұсқа

  1. Ең алғашқы ЭЕМ қалай аталды және қашан шығарылды?

а) EDSAC, 1949 жылы ә) ENIAC, 1946 жылы б) МЭСМ, 1947-48 ж. ж

2. ЭЕМ дамуының 1-буыны қай жылдар аралығын қамтыды?

а) 1945-1955 ж. ж ә) 1940-1955 ж. ж б) 1946-1953 ж. ж

3. Компьютердің аппараттық құралдарына нелер жатады?

а) жүйелік программалар, қолданбалы программалар, программалау жүйелері

ә) енгізу-шығару құрылғылары, процессор, компьютер жады

б) байланыс құрылғылары, сыртқы жад құрылғылары

4. Компьютердің негізгі құрылғыларын көрсет:

а) процессор, шиналар, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен

ә) жүйелік блок, пернетақта, тышқан, монитор

б) принтер, сканер, плоттер, джойстик, модем

5. Сканер-

а) қағаздағы кескінді түсіріп, экранға шығарады ә) ақпаратты қағазға басып шығарады

б) дыбысты электр сигналына түрлендіреді

6. Жедел жад-

а) ақпаратты уақытша сақтайды ә) ақпаратты тұрақты түрде сақтайды

б) үлкен көлемдегі ақпаратты ұзақ уақытқа сақтайды

7. Интерфейстің неше түрі бар?

а) 2 түрі бар, арнайы және әмбебап ә) 2 түрі бар, командалық және терезелік

б) 3 түрі бар, сызықтық тармақталу және циклдік

8. Әмбебап программаларға қандай программалар жатады?

а) мәтіндік, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, электрондық пошта программалары т. б.

ә) бухгалтерлік программалар, автоматтандырылған жобалау жүйелері, медицина бойынша эксперттік жүйелер т. б.

б) программалау тілдері мен арнайы программалар

9. Тышқан көмегімен қандай амалдар орындауға болады?

а) терезені жабу, жималау, қалпына келтіру

ә) шерту, 2 рет шерту, алып бару, созу

б) белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу т. б.

10. Терезе дегеніміз не?

а) аты бар бірқатар байттар тізбегі б) Windows-тің негізгі экраны

ә) экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ

11. Windows-тің басқару элементтеріне нелер жатады?

а) «Іске қосу» батырмасы, Бас меню, меню жолындағы меню мен командалар

ә) қапшықтар, терезелер, файлдар, таңбашалар, белгішелер, тышқан нұсқағышы

б) қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтамалық

12. 1 байтта неше бит бар?

а) 2 бит ә) 4 бит б) 8 бит

13. Диалогтық терезелер-

а) Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтамалық ақпаратты шығарады

ә) қосымша ақпаараттарды енгізуге арналған арнайы терезе

б) Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін қолданба

14. Пернелер қандай блоктарға бөлінеді?

а) арнайы пернелер, пернелер комбинациясы ә) 101 немесе 105

б) символдық, функционалдық, цифрлық, нұсқаушы

15. «Num Lock» пернесінің қызметі-

а) цифрлық пернелердің жұмыс режимін ауыстырып қосады

ә) символдарды бір-бірінен ажыратып жазады

б) меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып информатикасы: 1-тоқсанға арналған бақылау жұмысы (1 және 2 нұсқа)
5-сыныпқа арналған информатикадан 1-тоқсан тесті (1 және 2 нұсқа)
Геометрия: жазықтықтар мен түзулерге арналған жартыжылдық бақылау жұмысы (1 және 2 нұсқа)
11-сынып, 1-тоқсан: информатика және жасанды интеллект бойынша тест сұрақтары (1-2 нұсқа)
Батыс Қазақстан облысының білім саласы: 4-сынып Дүниетану бақылау жұмысы (2-нұсқа)
10-сынып: Қазақстан тарихы бойынша бақылау жұмысы, ІІІ нұсқа
Бақылау жұмысы №1: алғашқы функциялар, интегралдар және фигура аудандарын есептеу (I-II нұсқа)
Қазақстанның экономикалық географиясы: жылдық бақылау жұмысы (үш нұсқа)
Геометрия мен арифметикадан бақылау жұмысы: І және ІІ нұсқа
Қазақ тілі бойынша бақылау жұмысы: морфология, синтаксис, фонетика және лексика (1 және 2 нұсқа, әрқайсысы 25 сұрақ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz