Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сүйіспеншілік нұры

Сүйіспеншілік нұры
<<Өзін-өзі тану>> рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаева, мәңгілік сұраққа жауап іздей отырып былай деп жазды: <<Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралу қажет. ХХІ ғасырдың балалары өмір этикасын қайта жаңғырту керек. Ал халық болса ғасырдан ғасырға оны игеріп және осы құндылықтарды пайдаланды, руханилықтың кәусар бұлағынан сусындады. Бірақ соңғы бұрқанған ырғақтағы он жылдықта өзінің қайнар бастауына апарар жолды біздің замандастарымыз оп-оңай ұмытқан. Мен сенімдімін, рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу - әркімнің міндетінің ішіндегі міндеті... Немесе оны адам туралы білім Ордасына апарар жол деп атаңыз>>. Расымен де қазіргі таңда адамдар материалдық құндылықтарға қарай бет бұрып, рухани жағынан қараңғыланып бара жатырмыз. Ал бұл қараңғылықтан шығудың жолы бәріміздің өз қолымызда. Әрқашан таза ой ойласақ, айналамызға жақсылық жасауға ұмтылып, сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасасақ, жанымызда ішкі тыныштық орнары сөзсіз. Сол кезде біз ешкімге де ештеңеге де қиянат жасамаймыз. Өзіміздің бойымызда осы аталған құндылықтар жарыққа шықса, сүйіспеншілікпен өскелең ұрпаққа жетері сөзсіз. Ш.А. Амонашвили айтқандай, <<Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі жан-дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәулесінің жоғалып кетуіне жол бермей, өз өмір жолына бағыт көрсету>>. Сондықтан біз педагогтар сәулелерді өшіріп алмай, сүйіспеншілікпен жарыққа шығаруымыз қажет. Сүйіспеншілік - бұл барлық діндердің тамыры, барлық жазбалардың мәні, барлық жолдардың қиылысы, барлық адамдардың шабыты. Сондықтан әлемді сүйіспеншілікпен құтқаруға ұмтылайық! Қорытындылай келе, ойымды мына жолдармен аяқтағым келеді (өз шығармашылығымнан):
Әр адам тұнып тұрған бір тұңғиық Бойымызға қуат алып шабытпенен
Сол тұңғиықтың сырына біз үңілейік Қуантайық әлемді біз мейіріммен
Жүректегі қараңғыны аулақ қуып Жанашырлық танытып үмітпенен
Сүйіспеншіліктің нұрын біз төктірейік Арылтайық жүректерден түңіренген

Ұқсас жұмыстар
Жүректен жүрекке жаттығуы
Мектептен тыс жерде
Тақырып Атамекен - алтын бесік
Мейірімділік - асыл қасиет туралы ақпарат
Нұрға бөлену. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде
Сен отбасында кімсің
Қайырымдылық- адам жанының нұры.сабақ жоспары
Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу
Сары тауық пен балапандары
Жақсы көңіл күй - жан шуағы
Пәндер