Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-10 сынып оқушылары арасындағы Тапқыр достар интеллектуалдық сайысының сценарийі

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты

Тапқыр достар

интеллектуалдық сайыс

Булканова Г. А.

1-жүргізуші: Шығыстың ұлы ғұламасы Әл - Фараби “Білімді болу - белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” - деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан - жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек - сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің” деген .

2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер, ұстаздар, сайыскерлер! Бүгін 7-10 сыныптар арасында «Тапқыр достар» атты тақырыпта интеллектуалдық сайыс өткелі отыр. Сайысымызға 3 топ оқушы қатысып отыр.

I топ: « Болашақ »

II топ: « Жалын »

III топ: « Дарабоз »

Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

I кезең: «Бәйге»

II кезең: «Тіл-өнер»

III кезең: «Бәрін білгім келеді»

IV кезең: «Қызықты ұйқастар»

V кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

VI кезең: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»
2-жүргізуші: Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып, санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетеді.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейік.

-

-

-

1-жүргізуші:

Ал, қанекей, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңіді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер, - дей келе ойынға қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы кезеңі «Бәйгені» бастаймыз.

2-жүргізуші:

I кезең:«Бәйге»

Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-топқа

1. Сәкеннің шын аты?(Садуақас )

2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)

3. Ең тез өсетін өсімдік? (бамбук)

4. Қазақтың атақты күрес шебері? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

5. «Аз и Я» кітабының авторы? (Олжас Сүлейменов)

6. Шоқаның шын аты? ( Мұхаммедқанапия)

7. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тақырбасқа)

1-жүргізуші:

2-топқа:

1. КСРО-Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ? (Алия, Мәншүк)

2. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма? (Күй)

3. 2012жылы Лондонда өткен ауыр атлетикадан чемпиондары?(Иля Ильин, Мая Манеза, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло)

4. Моно Лиза бейнесін кім салды? (Леонар-да Винчи)

5. Абайдың шын аты кім? (Ибрахим)

6. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
7. Бір қыз отыр. Ол тұрып кеткен жағдайда сіз оның орнына отыра алмайсыз. Ол қай жерде отыр? (тізеде)

2-жүргізуші:

3-топқа:

1. « Үлкен жел» деген мағынаны білдіретін дауыл? (тайфун)

2. Қазақ халқы өзінің президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1 желтоқсан)

3. Қазақстанның атақты суретшісі?(Әбілхан Қастеев)

4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ (Тоқтар Әубакіров 1991 жылы)

5. Ең жылдам ұшатын құс? (колибри)

6. Әлемдегі ең жылдам жүгіретін құс? (түйеқұс)

7. Кешегі күн ертең болғанда, оның келесі күні жексенбі болар еді. Бұл қай күні айтылған? (жексенбі)

Қосымша сұрақтар

1. 2012 жылы Лондон олимпиасының женіл атлетикадан чемпионы? (Ольга Рыпакова)

2. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

3. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
4. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)

5. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім? (Ыбырай Алтысарин)

1-жүргізуші:

II кезең:«Тіл-өнер»

Бұл кезеңде сайыскерлер мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1-топқа:

1. Ең тәтті де тіл, . . . (ең ащы да тіл)

2. Оқу- білім бұлағы, . . . (білім- өмір бұлағы)

3. Өнер алды . . . (қызыл тіл)

4. Ашу-дұшпан, . . . (ақыл- дос)

5. Тіл қылыштан . . . (да өткір)

2-жүргізуші:

2-топқа:

1. Отан . . . (оттан да ыстық)

2. Шебердің қолы ортақ, . . . (шешеннің тілі ортақ)

3. Отансыз адам- . . . (ормансыз бұлбұл)

4. Ер жігіт ел үшін туады, . . . (ел үшін өледі)

5. Мектеп-кеме, . . . (білім- теңіз)

1-жүргізуші:

3-топқа:

1. Жақсы жолдас жанға серік, . . . (жаман жолдас малға серік)

2. Қыз елдің көркі, . . . (гүл жердің көркі)

3. Жеті атасын білмеген . . . (ұл жетесіз)

4. Ағасы бардың . . . (жағасы бар)

5. Ырыс алды- . . . (ынтымақ)

2-жүргізуші:

III кезең: «Бәрін білгім келеді»

Бұл бөлімде ұяшық таңдайсыздар. 3 түрлі пәннен 4 сұрақтан. Әрбір сұраққа 10 ұпай беріледі.

1-жүргізуші:

Әдебиет:

1. «Жабайы алма» повесінің авторы? (Сайын Мұратбеков)

2. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

3. Мәшһүр Жүсіптің ғашықтық дастаны? (Гүлшат-Шеризат)

4. Қазақ тіл білімінің, қазақ әліпбиінің негізін салушы, құрастырушы кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

2-жүргізуші:

Математика:

1. Төртті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады? (4+4*4=20)

2. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? (0+1+2+3+4+5+6+7+8+9=45)

3. Түлкі әрбір 6 секундта төрт рет секіреді. Ол он рет секіру үшін қанша секунд кетеді? (15секунд)

4. Әлияның жасы қазір онда, оның шешесі Динаның жасы Әлиядан төрт есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болғанда, Динаның жасы нешеге толады? (50)

1-жүргізуші:

Тарих:

1. Шыңғысханның шын аты? (Темүжін)

2. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы? (Шоқан)

3. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

4. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)

2-жүргізуші :

IV кезең: : «Қызықты ұйқастар»

Екі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

Мысалы: Зуб-тіс, дело-іс.

1-топқа:

1. Жизнь-өмір, уголь- (көмір)

2. Число-сан, кровь-(қан)

3. Молоко-сүт, жди-(күт)

1-жүргізуші:

2-топқа:

1. Возьми-ал, мед-(бал)

2. Рыба-балық, народ-(халық)

3. Таможня-кеден, пол- (еден)

2-жүргізуші:

3-топқа:

1. Город-қала, ребенок- (бала)

2. Лето-жаз, гусь-(қаз)

3. Игра-ойын, шея- (мойын)

1-жүргізуші:

V кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

Берілген жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айт. Әрбір жауапқа 5 ұпай.

1-топқа:

1. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас. (жұлдыз-звезда-star)

2. Тұмсығымен қозғалар


Ұқсас жұмыстар
№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының Тапқыр достар - 8-сынып оқушылары арасындағы информатика пәні бойынша білім сайысы
2-сынып оқушылары арасындағы Тапқыр болсаң, тауып көр интеллектуалдық сайысының сценарийі және өткізу жоспары
Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары арасындағы Информатика көшбасшысы сайысының сценарийі (2011)
Ана - отбасының жүрегі: 8 Наурызға арналған тәрбие сағаты (№7 Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернат)
Облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушыларына арналған Не? Қайда? Қашан? интеллектуалдық ойынының ашық тәрбие сағатының сценарийі мен сұрақтары
8-сынып оқушылары арасындағы Математика әлемі пәндік сайысының сценарийі
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектептің 10-сынып оқушылары арасындағы Дарабоз интеллектуалдық сайысының кезеңдері мен сұрақтары (2015-2016 оқу жылы)
КММ Академик О.А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің 5-7 сыныптарына арналған Тапқыр достар интеллектуалды сайысының сценарийі (2013-2014 оқу жылы)
7-10 сыныптар аралығындағы Ізденіс - шығармашылық бастауы интеллектуалдық сайысының сценарийі
Тапқыр информатиктер: 2013 жылы өткізілген 7-сынып оқушылары арасындағы сыныптан тыс сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz