Етістікті табу

Тасарал жалпы білім беретін орта мектебі

Мұғалім: Бастауыш сынып мұғалімі Аймағанбетова Эльвира Мейрамовна

4 сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларды етістік туралы‚ оларға қойылатын сұрақтарды

меңгерту. Сөйлем ішінен етістік сөздерді таба білу дағдыларын

меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу,

әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі

жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке,

ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қимақағаздар‚ «Етістік» кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру. Өткен тақырыпты пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық, топқа бөлу.

Көк және қызыл шарларды жарып, ішіндегі тілектерді балалар бір - біріне оқиды.

  • Әрқашан күніміз жарық болсын.
  • Денсаулығың мықты болсын.
  • Күнделігің толған бес болсын.
  • Ата-анаңның қуанышы бол.
  • Еліміз әрқашан тыныш болсын.
  • Аспанымыз ашық болсын.
  • Әрқашанда жүзіңнен күлкі кетпесін.
  • Біздің ауылымыз жадырай берсін, көркейе берсін.

Мұғалім: Тамаша балалар енді кім көк шар алса сол бірінші топқа барсын, ал кім қызыл шар алса екінші топқа барсын.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі (сұрақтар қою) .

  • Балалар біз өткен сабақтарда не үйрендік?
  • Жақсы олай болса зат есім туралы білетіндеріңді мында жазамыз.
Септік атаулары
Сұрақтары
Септік жалғаулары
Септік атаулары: Атау септік
Сұрақтары: Кім? Не?
Септік жалғаулары:
:

дәрігер

кітап

:

мұғалім

қалам

Септік атаулары: Ілік септік
Сұрақтары: Кімнің? Ненің?
Септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің, .
:

дәрігердің

кітаптың

:

мұғалімнің

қаламның

Септік атаулары: Барыс септік
Сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
Септік жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке.
:

дәрігерге

кітапқа

:

мұғалімге

қаламға

Септік атаулары: Табыс септік
Сұрақтары: Кімді? Нені?
Септік жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
:

дәрігерді

кітапты

:

мұғалімді

қаламды

Септік атаулары: Жатыс септік
Сұрақтары: Кімде? Неде?
Септік жалғаулары: -да, -де, -та, -те.
:

дәрігерде

кітапта

:

мұғалімде

қаламда

Септік атаулары: Шығыс септік
Сұрақтары: Кімнен? Неден?
Септік жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.
:

дәрігерден

кітаптан

:

мұғалімнен

қаламнан

Септік атаулары: Көмектес септік
Сұрақтары: Кіммен? Немен?
Септік жалғаулары: -мен, -бен, -пен.
:

дәрігермен

кітаппен

:

мұғаліммен

қаламмен

І топ: “Дәрігер” сөзін септейміз . Орындарында отырған оқушылар “кітап” сөзін

септейді.

ІІ топ:“Мұғалім” сөзін септейміз . Орындарында отырған оқушылар “қалам” сөзін септейді

Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Ребус шешу арқылы жаңа сабаққа көшу.

C:\Users\Ислам\Documents\Scanned Documents\Рисунок (200).bmp

Етістік.

Балалар сендер етістік туралы білесіңдер. Сендер бұл сөз табымен 2, 3-сыныптарда танысқансыңдар. Ал бүгін етістік тақырыбына жаттығулар орындайтын боламыз.

Етістік туралы өз білетінімізді ортаға салайық.

Е т і с т і к
Мағынасы
Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
Сұрақтары
Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Дара
Бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: баста, кес, тасы, тара, аяқта, оқы.
Күрделі
Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді.
Болымды
Іс-әрекеттің жүзеге асқанын білдіреді. Мысалы: алды, жаздыр, өшірді.
Болымсыз
Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Негізгі
Заттың қимылын білдіретін негізгі етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы: кел, кет, жүр, жаз.
Туынды
Етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік. Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, күл-імсіре, жу-ын.

Оқушылар айтып болғаннан кейін тақтаға “Етістік” кестесін іліп қою.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті “Ее”әрпін жазу.

2-жаттығу: Мәтінді түсініп оқы.

  • Мәтіннен етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.
  • Әбунасыр әл-Фараби туралы не білесің?

Өте жақсы әрі қарай кеттік.

3-жаттығу: Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.

І топ. ІІ топ.

Суда қалқиды, (қалқып жүр) . Күндіз безіп жүреді, (безер) .

Жылыда балқиды. (балқып жүр) . Түнде кезіп жүреді. (кезер) .

  • Етістіктердің астын сыз, І топ дараны күрделіге, ІІ топ күрделіні дараға айналдыр.

4-жаттығумен жұмыс. І топ туынды етістіктерді теріп жазамыз.

ІІ топ негізгі етістіктерді теріп жазамыз.

Сергіту сәті.
. .


Ұқсас жұмыстар
Етістік жайлы
Етістікті пысықтау
Тақырып Етістікті пысықтау
Етістіктің жіктелуі. 4-сынып
Етістіктерге сұрақ қой
Етістік. 4 сынып. қазақ тілі пәні
Дауысты дыбыстардың жіктелуі 5- сынып, салт және сабақты етістік 6- сынып
Тақырып Етістікті қайталау
Етістік тарауын қайталау. 4 сынып
Сабақты етістік Салт етістік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz