Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ежелгі грек театры

Күні Пәні: Ежелгі дүние жүзі тарихы Сынып: 6 А,Б Сабақтың тақырыбы: §24. Ежелгі грек өнері
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларды ежелгі грек халқының мерекелерімен, ойындарымен, театрымен,өнерімен, діни-нпнымдарымен және мифтерімен таныстыра отырып. Олардың ерекшеліктерімен дүниежүзілік маңызың ашып көрсету.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын арттыра отырып, өзара пікірлесуге, өз пікірін еркін айта білуге баулу.
Б) Тәрбиелік: Өз халқы мен басқа да халықтардың мәдениеті мен тарихын құрметтей білу сезімін қалыптастыру, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға, байытуға үлес қосуға тәрбиелеу. Діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , <<Ежелгі Греция>> картасы, оқулық суреттері.слайд. портреттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Әдебиет.Биология, Дене шынықтыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Өткенді пысықтау сұрақтары:
1-топқа:
1.Ежелгі Грекия мектептері неше басқыштан тұрды?
2.Мектепте кімнің балалары оқыды?
3.Қандай пәндер оқытылды?
4.Гимнасия мектептеріндегі ерекшеліктер?
5.Ежелгі Гректердің қыздар тәрбиесі қандай бағытта бейнеленген?
2-топқа:
1.<<Ғылыми білімдер>> деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2.Гректер қандай ғылым салаларын зерттеумен шұғылданған?
3.Ежелгі грек ғалымдарын ата?
4.олардың ғылым саласында сіңірген еңбектері қандай болды?
5. <<Илиада>> және <<Одиссея>> поэмалары қай ғасырларды жырланды және оны кім жазды?мазмұны қандай?
3-топқа:
1.Грекияда тарих саласындағы еңбектер қай ғасырда пайда бола бастады?
2.Қандай грек тарихшыларын білесің?
3.Герадоттың тарих саласындағы қызметі қандай болды?Неліктен оны <<Тарихтың атасы>>деп атайды?
4.Ежелгі грек философтарынан кімдерді білесің?
5.Олар өз еңбектерінде қандай тұжырымдар жасап,пікірлер айтқан?
III. Жаңа сабақтың жоспары: 1. Грекиялық мерекелер мен ойындар
2. Олимпиалық ойындар
3. Ежелгі грек театры
4. Гректердің діни нанымдары мен мифтері
5. Сәулет өнері
6. Грек мүсіндері
1. Ежелгі гректердің мерекелері мен ойындары бүкіл - халықтық сипат алды. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайлардың құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналды. Афиныда басты мереке болып ынтымақ мерекесі саналды. Ол ежелгі грек жыл санауы бойынша жылдың алғашқы айында өткізілген. Мереке күндері ақындардың, әншілер мен музыканттардың өнер сайысы да өткізілген. Сонымен бірге әр түрлі спорт жарыстары да ұйымдастырылды. Олимпиялық ойындар Пелопонестің әдемі жеріне орналасқан Олимпия қаласында өткізілген. Гректер үшін Олимп қасиетті жер.
Дионис - егіншілер мерекесі б.з.б. ҮІІғ.Мереке күндері ауқатты отбасылар құрбандыққа мал шалған.
Ынтымақ мерекесі - 6 күн болды /шілденің аяғы тамыздың басы/.Мақсаты: бұл мереке халықты бірігуге,бірлесіп кәсіп жасауға, ынтымақты өмір сүруге шақырды.
2. Олимпиялық ойындар. Пелопонесте орналасқан Олимпия қаласында - Зевс құдайдың құрметіне 4 жылда 1 рет өтеді. 5 күн болған. Тұңғыш ойын б.з.б. 776 жылы өткен. Гректер өздерінің жыл санауын Олимпиалық ойынның ашылған күнінен бастайды.
Ежелгі Грекиядағы бұл ойындар қазір бүкіл дүниежүзілік спорт мерекесіне айналды. Олимпия ойынының алғашқы күні сайысқа қатысушылар, төрешілер құрбандық шалып, адал сайысу үшін ант берген. Ал қалған күндері сайыскерлер орталық алаңда жарыстар өткізді. Ойынның ең соңғы күні Зевс храмының алдында жеңімпаздарды марапаттаған. Сарапшылар жеңімпаздарға зәйтүн ағашының бұтағынан өрілген гүлалқа сыйлаған.
3. Театр Грекияда б.з.б.Ү - ІҮғ салына бастады. Театр - грек тілінде көрініс деген ұғым береді. Оның пайда болуы Дионис құдайдың құрметіне арналған ойын - сауықпен байланысты шыққан. Дионис мерекесінде гректер ешкі терісін жамылып, әртүрлі маскалар киіп, комедиялық көріністерді бейнелеген. Афиныдағы театрға 17000 адам сиған. Театр ғимараты 3 бөліктен тұрады: 1. Көрерменге арналған орын. 2. Орхестра - ойын көрсететін алаң. 3. Скене - сахна, онда декорациялар жасалынды. Театрда 2 түрлі ойын көрсетті. 1. Трагедия атасы Эсхил (70-тен астам шығарма), шығармасы - Бұғауланған Промотей, Софоклдың шығармасы - Антигона. 2. Комедия атасы Арестафон шығармасы - Бұлт, Сона, Құстар. 4. Гректерде діни нанымдар б.з.б. ХІ-ІХғ пайда болды. Ежелге гректер 40 - қа жуық құдайларға сыйынған. Оларды көбінесе аң, құс ретінде бейнелеген.
Олар Олимп тауының басында салтанатты сарайда тұрады деген наным да болған. Ағайынды үш құдай: Зевс, Посейдон, Аид күллі әлемді өзара бөлісіп жеке-жеке билік жүргізеді.
Зевс - көкті
Посейден - теңізді
Анд - өлілер патшалығын билейді
Грекия құдайлары:
Дионис-жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің құдайы
Афина-даналық пен жеңістің құдайы
Афродита-сұлулық пен махаббаттың құдайы
Миф - табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелер.
5. Б.з.б. Ү ғасырда сәулет өнері жақсы қарқынмен дамыды.
Акрополь - сарайлар
Агора - базар алаң
Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған:
Дорийлік - қарапайым да сәнді бағаналар
Иониилік - сымбатты, әдемі,
Коринфтік - өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналар (Парфенон , Эрехтейон храмдар
Ника )
6.Грек мүсін өнері де б.з.б. Ү ғасырда ерекше дамыды. Грек мүсіншілері:
Фидий - Зевс құдайдың мүсіні Олимпия қаласында, әлемнің 7-і кереметінің бірі, мүсіннің биіктігі 14метр.
Афина мүсіні-биіктігі 11метр.Парфенонде орналасқан. Мирон - диск лақтырушы

IV. Бекіту сұрақтары:
Театр,комедия,трагедия,Парфенон,акрополь, олимпиада деген терминдердің мағынасын түсіндір.Ежелгі Грекиядағы мифтерде қандай суреттер бейнеленген?
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 24 тақырыпты оқу
<<Мен ежелгі грек театрында болдым>> деген әңгіме жазып келіңдер . <<Қазіргі олимпиалық ойындармен>> салыстырып жазыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу
Ежелгі грекия өнері
Ежелгі грек өнері
Әйгілі вена опералық театр
Үздік тарихшы
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Грек мектептері
Қала мемлекеттерді салыстыр
Сақтардың мекендеген жері.сақ қоғамы
Сақ патшайымы
Пәндер