Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақбұлақ әні композитордың туған жеріне арнаған әні

2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Тәжібаев <<Ақбұлақ>> әні үйрену
Сабақтың мақсаты: Композитор туралы мағлұмат беріп шығармашылығын таныстыру. Отанға, туған жерге деген құрмет сезімдерін ояту. Адамгершілікке, сұлулыққа, әсемдікке, париоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, баян, смайликтер, домбыра
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Психологиялық тренинг: Шаттық шеңбері
Мысалы: Оқушылар өз аттарының бас әріптерінен келетін әдемі сөз айту.
Сара-сұлу қыз,
Еркебұлан-еңбекқор,
Арай-ажарлы,
Жазира-жайдары.
II. Үй тапсырмасы:
III. Жаңа сабақ: слайд (Бұлақтың суреті, сылдыры)
Кім жылдам? Ойыны миға шабуыл
Фафқфбфұфлфафқф
Бәкір Тәжібаев <<Ақбұлақ>>
Бәкір Тәжібаев-ақын,әнші,композитор.Бәкір Тәжібаев Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы,Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.Ол көптеген әңгімелер мен пьесалардың авторы.Е.Рахмадиевтің <<Қамар сұлу>> операсының либреттосын жазған.Театр сахналарында актер ретінде де танымал болған.Б.Тәжібаев көптеген әндер шығарған.Ақынның <<Ақбұлақ>>, <<Гүлсін-ау>>, <<Аппағым-ау аппағым>> т.б.көптеген әндері бар.Ақбұлақ әні композитордың туған жеріне арнаған әні.
Дауысқа жаттығу
Мен жоғары шықтым
Қайта төмен түстім
Ән үйрену.Ақбұлақ.
1.Күндіз-түні бір тынбай
Дала кезген шапқылап,
Құмар едім өзіңе
Бала кезден,Ақбұлақ.
Әнге бөлеп маңайды
Асып-тасып жатасың,
Ақ моншақтан аспанға
Шашу шашып жатасың.
Қайырмасы:
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған.
Сенің келіп жағаңнан
Әкем атын суарған.
Айналайын,Ақбұлақ,
Асыр салғым жағаңда.
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!
2.Арудайын еркелеп
Мың бұралған,Ақбұлақ,
Айдын көктен ғашық боп,
Күнді ұрлаған,Ақбұлақ.
Сен болмасаң қыр гүлі
Ашылмайды,Ақбұлақ,
Саған деген құмарым
Басылмайды,Ақбұлақ
Сабақты бекіту:
1.Бүгінгі танысқан композиторымыз кім?
2.Қандай әнін үйрендік?
3.Әнде не туралы айтылады?
Бағалау
Домбыра суреті арқылы оқушыларды бағалаймын.
Рефлекция:Сабақ қалай өтті?Смайликтерді қолдана отырып оқушылар сабақтың қалай өткеніне баға береді.
Үйге тапсырма: <<Ақбұлақ>> әнінің сөзін жаттау.
Сабақ аяқталды !Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Елім менің Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында өтетін патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауының сценарийі
Көңілді балалар әні
Тынбай кетсем даламның атырабын ақбұлақ
Жырлары мөлдір бұлақтай
Тарихи әндер ұрпаққа аманат
Қазақ музыка өнерінің шебері- Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
Киелі жем өңірінің перзенті
Мұқағали ақын
Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз
Табиғат саз әлмінде
Пәндер