Қасиетті Құран Кәрім жайында

Тақырыбы: Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға діни әңгімелердің тууы, «Қасиетті Құран Кәрім» туралы жан-жақты мағлұмат беру.

Білімділік: Оқушыларды жақсы, ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеуде діни ұғымдардағы имандылыққа негізделген сүрелер мен өсиеттерін бойына дарыту.

Дамытушылық: мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ата салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. ойлауға, есте сақтауға, жылдам шешім қабылдауға, өзіндік ізденіске дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрін жалғастыруға, инабаттылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, талаптануға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау.

Көрнекіліктер: Қасиетті Құран кітабы, Мұхаммед Пайғамбардың хадистері, нақыл сөздер, тірек кестелер, электронды оқулық, үлестірмелер, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а ) амандасу ә) оқушыларды түгендеу б) топқа бөлу с ) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мақсат қою.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Топтар бойынша сұрақ-жауап.

1-топ «Имандылық»

Қазыбек би жайында не білесің?

Қазыбек бидің айтқан нақыл сөздерінен мысал келтір.

2-топ «Адамгершілік»

Қазыбек бидің бата-тілектерінен мысал келтір.

Қазыбек би қалмақ ханының алдына неше жасында барған? (13 ж)

3-топ «Брілік»

Қазыбек би Бұқар жыраудың көңілін сұрамақ болып келгенде Бұқар жырау не деді? ( Онға дейінгі сандардың мағынасын ашып бер деді. )

Қазыбек би шешен тілмен қалай жауап берді?

III. Білімді жан-жақты тексеру. Семантикалық карта.

Сұрақтар
Иә
Жоқ
№: 1
Сұрақтар: Халық ауыз әдебиеті үшке бөлінеді
Иә:
Жоқ:
№: 2
Сұрақтар: Түйенің иесі Шекшек ата
Иә:
Жоқ:
№: 3
Сұрақтар: Мақал ойдың ықшамдап, дәл айтылған нұсқасы
Иә:
Жоқ:
№: 4
Сұрақтар: Ертегілер төртке бөлінеді
Иә:
Жоқ:
№: 5
Сұрақтар: Қиял-ғажайып ертегілер кейіпкерлері өмірде болған
Иә:
Жоқ:
№: 6
Сұрақтар: Ерназардың тоғыз ұлы бар
Иә:
Жоқ:
№: 7
Сұрақтар: Ер Төстіктің аты Тайбурыл
Иә:
Жоқ:
№: 8
Сұрақтар: Ер Төстіктің жұбайы Бекторы
Иә:
Жоқ:
№: 9
Сұрақтар: Мадан хан наубайшының баласы
Иә:
Жоқ:
№: 10
Сұрақтар: Жаман құстың жаманы-қырғауыл, шөптің жаманы-шеңгелді алғызды.
Иә:
Жоқ:
№: 11
Сұрақтар: Кендебайдың аты Керқұла
Иә:
Жоқ:
№: 12
Сұрақтар: Кендебай Мергенбайдың баласы
Иә:
Жоқ:
№: 13
Сұрақтар: Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері Аяз би, Кендебай
Иә:
Жоқ:
№: 14
Сұрақтар: Аңыз белгілі бір адамның аты, іс-әркетіне байланысты туады
Иә:
Жоқ:
№: 15
Сұрақтар: Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың болған оқиғаларына байланысты айтқан тапқыр сөздері
Иә:
Жоқ:
№: 16
Сұрақтар: Бұқар жыраудың ауырғанда көңілін сұраған Әйтеке би
Иә:
Жоқ:
№: 17
Сұрақтар: Қалмақ ханы Қоңтажы
Иә:
Жоқ:

I V . Жаңа сабақ. Ой шақыру.

Суреттерді көргенде естеріңе не түсті?

Балалар бүгінгі сабақта Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар. Балалар, біз тәуелсіздіктің арқасында мешіттерге еркін бара алмыз, мұсылман халқы имандылыққа бет бұрды. Кеңес Одағы кезінде мұсылман халықтарына дін туралы айтуға, уағыз айтуға, намаз оқуға тыйым салынды. Тәуелсіздіктің арқасында біз тілімізді, дінімізді толық қолдана білдік. Біздің тегіміз- түрік, дініміз - ислам екенін білеміз бе? Ол үшін Қасиетті Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Бүгінгі сабағымызды осыдан бастаймыз.

Жаңа сөздер:

1. Алла-күллі ғаламды жаратушы.

2. Құран - арабшадан аударғанда «оқу» деген ұғымды білдіреді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы. Құран - Ислам дінінің ең негізгі, басты кітабы.

3. Иман- арабша «сенім»деген ұғымды білдіреді. Иман- әр тұлғаның жүрегінде. Ол тілмен айтылғанды жүрекке тоқу.

4. Мешіт - мұсылмандардың қасиетті үйі.

5. Қажы - Қағбаға барып, бас иіп қайтқан мұсылман.

6. Қағба - Мұсылмандардың Мекке Медине қасиетті қаласындағы басты сыйынатын жер.

7. Уахи-хабар

8. Сахаба-пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүретін, ислам дініне үлес қосқан адам.

9. Қари-Құранды жаттап, жеті түрлі әуенге салып оқитын адам.

10. Хафиз-Құранды жаттап, үнемі есіне сақтап жүретін адам.

Құран-Ислам дінінің ең басты кітабы. Ол діннің ғана емес, араб әдеби тілінің де класикалық үлгісі. Араб әдебиеті тарихында кітап болып басылып, жарық көрген тұңғыш шығарма. Онда тарих, әдебиет, шариғат, салт-сана, әдет-ғұрып тазалық, әділдік, шипагерлік секілді жан-жақты бай мазмұн қамтылған.

Құранда 114 сүре бар. Мұхаммед-Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетіне шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.

Құран Кәрім барлық іс бір Алланың әмірімен болатынын айтып, адамдарды сабырлы, салиқалы, мейірбан, қайырымды, күнәдан пәк болуға шақырады.

Құран Кәрім жайында не білесіңдер?

Құранда неше сүре бар?

Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?

V. Ислам дініне байланысты діни қағидаттардан білетіндерін топ бойынша айтқызу.

VI. Топтық жұмыс. Тақырыптар беру.


Ұқсас жұмыстар
Сымайыл, з әмзәм
Орта ғасырлардағы арабтар
Нан туралы өлең. 4-сынып
Киелі жануарлар
Эвфемизм
Ислам тағылымы
Әрекеттер кезеңі
Имандылық-инабаттылық белгісі
Ислам дінінің пайда болуы және таралуы жайлы ақпарат
Жеті қазына
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz