Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру

Мониторинг пен эвалюация үдерістерінің алғашқы
нәтижелерін талдау негізіндегі даму үдерісі туралы қорытынды есеп

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша басшылардың курсынан өтіп, өз тәжірибемде мұғалімдерге оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін енгізу барысында әріптестерге тәлімгер бола білдім. Ен алдымен өзімнің, мектептің және әлеуметтік және кәсіби серіктестіктің дамуы үшін әрекет еттім. Алғашқы күннен бастап білгенім: өткен шақты ұмытып, келер шаққа ұмтылу, басшылық қызметке лайық болу,көшбасшы бола білуді, бола білуді үйретуді, келешек ұрпаққа білім нәрін беру, оқушы ойын қозғап, ойлау қабілетін дамыту, конструктивтік білімге көшу керектігін түсіндім. Мектепке өзгеріс ендіру бір адамның қолынан келе бермейтіні айдан анық.Егер мен жалғыз өзім өзгеріс ендіремін деп қызметкерлерге бағдарлама аясында тапсырма берумен шектелсем, онда қызметкерлер бұл әрекетті тек әкімшілік нұсқаулықты орындау тұрғысынан қабылдап, сол баяғы бірсарындылық жалғаса берген болар еді.Сондықтан мектептегі әкімшілік мүшелерінен және шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген жаңашыл мұғалімдермен <<Өзгеріс тобын>> құрудан бастадым.Бұл менің көшбасшылық дағдысын қалыптастырудағы ең алғашқы қадамым болатын. Мұғалімдерге Бағдарлама мазмұнына қатысты бейнероликтертер көрсетіп 2015-2016 оқу жылына арналған <<Оқу әдістемелік нұсқаулықпен >> таныстырып, деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге рухани жақын пәндерді топтастырып, 5-6 топты бекітіп, түрлі тақырыпта коучингтер өтілген соң көшбасшылық жұмыстың біртіндеп нәтиже бере бастағанын сезіндім.
Бағдарлама идеясын жүзеге асыру барысында тәжірибелі басшылар мен деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің ықпалы өте қажет болды. Осы мақсатта көршілес орналасқан мектептермен кәсіби қоғамдастық орнаттық. Қоғамдастық аясында атқарылған іс-шаралар ұжымның өзгеруіне тиісті дәрежеде ықпал етті.
Мен осы кезеңдер аралығында қолдау мен сенім әрдайым өз жемісін беретініне көз жеткізідім. Тәлімгерлік ету тақырыбындағы коучинг-сессиядан кейін өздерін тәлім алушы ретінде бекітуді өтінген екі педагог қызметкер бөлінген көшбасшылық идеясын дамытуда біршама игі жұмыстар жасады. Атап айтқанда мектептегі оқушылармен сабақ өту стиліне өзгерістер ендіріп қана қоймай өзге әріптестерге де таратуға ықпал етуде. Басқа мектептермен қарым-қатынас орнатып, оқушылармен сабақ беріп тәжірибелерін шыңдады. Бұл менің Бағдарлама идеясына негізделген, жүзеге асыру барысында мұғалімдерге көрсетілген қолдау мен сенімділіктің нәтижесі деп білемін. Бұл тәлім алушылар өзгеріс тобының мүшелері екенін айта кету керек.
Мектепті дамыту жоспарын дайындау - өте жауапты және үлкен зерттеу жұмыстарын қажет ететін үдеріс. Бұл үдерістің мұғалім қызметін бағалау, яғни эвалюациялау жүйесі арқылы іске асырылатындығына тәжірибе барысында көз жеткіздім. Мектеп шеңберінде даму бағдарламасын іске асыру барысында қоғамдастықтың жұмысын ұйымдастырудан бастадым.
Мұғалім құзыреттілігін анықтап алып, рухани жақын мұғалімдерді топтастырып, коучтар тағайындап, мұғалім көшбасшылығын дамытуға ықпал еттім. Коуч мұғалімдердің көмегімен мұғалімдер өздерінің оқытушылық тәжірибесіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізді.
Мұғалімдер ата-аналар қоғамдастығының маңыздылығын түсінді. Мектептегі қоғамдастықтың мақсатын да айқын түсінді деп ойлаймын.
Эвалюациялауға жататын мектеп жұмысындағы жаңа үдеріс - коучинг және тәлімгерлік. Коучинг - қарым-қатынас ұзақтығы алдын-ала белгіленген, нақты мәселелерді шешеуге, нақты дағдыны қалыптастыруға бағытталған қысқа мерзімді кездесулер. Ал тәлімгерлік - тәжірибелі мұғалім мен тәлім алушы арасындағы, тәлім алушыны кәсіби дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді жүйелі қарым-қатынас үдерісі. Екеуінің де мақсаты - қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластырып, мұғалімдердің кәсіби білімі мен білік дағдыларын жетілдіру.(2.,37). Басты назарда ұстай отырып, тәжірибе барысында мектепте түрлі тақырыптарды коучингтер өткізілді. Коучинг барысында байқағаным оқыту мен оқуда <<сыни рефлекция>> тәжірибені жақсартуға өте жақсы тәсіл екендігіне көз жеткізді. Сын түзелмей, мін түзелмейді демекші өз тәжірибемізді ойланып, келешекті болжауға, әрекет етуге мәжбүрлейтінін әріптестерім жақсы түсінгендей болды. Мектепаралық, аудандық және облыстық ұйымдастырылған семинарларға әріптестермен бірге қатыса отырып, өткізілген коучинг-сессияларға, сабақтарға кері байланыстар беріп, ұжым арасында өзара талдап-талқылап отырдық. Соның нәтижесінде әріптестерімнің қарым-қатынас мәдениет деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі артты. Мұғалім өзін-өзі бағалауды және өзін- өзгемен салыстыруды, мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер беруді үйренді. Сондай-ақ іс-тәжірибе алмасу бағытында ашық сабақтар өткізіліп, басылымдарға, сайттарға жариялап және кәсіби байқауларға қатысты. ІІІ деңгейлік курстан өткен қазақ тілі мұғалімі облыстық, республикалық семинарларға қатысып, алғыс хат және дипломмен марапатталса, жаңа технология бойынша Нарымбет Жанар облыстық <<Үздік портфолио>> байқауына қатысып номинаця иеленді. Математика пәні мұғалімі Ш.Тайлақбаева мен тарих пәні мұғалімі В.Мақсұтова Қыздар педагогикалық университетінің студентері арасында сабақ өткізіп, өзара тәжірибе бөлісті.
Ата-ана қоғамдастығы да жоспардан тыс қалған жоқ. Оқушы үлгерімін арттыру мақсатында ата-аналармен серіктес қарым-қатынас орнатуға әрекет еттім. Оқушыларды қорғап, оларға тиісті қолдау көрсету үшін тиісті ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге тырыстым. Осы мектепке келгелі ата-аналармен 4 түрлі іс-шара өткіздім. Біріншісі 5-сынып ата-аналармен <<Құқық бұзушылықтың алдын-алу, ата-анамен қарым-қатынас>>тақырыбында дөңгелек үстел, 8 сынып ата-аналарымен <<Бала біздің болашағымыз>> пікір алмасу, 4-сынып ата-аналарымен <<Бүгінгі шәкірт- ертеңгі маман>> тақырыбында оқушымен бірлікте кездесу, <<Бала сіз үшін кім?>> тақырыбында сауалнамалар жүргізілді. Басында ата-аналар жиналыс десе дәстүрлі жиналыс деп ұғынды. Кейіннен өткізілген жұмыстарға кері байланыстарын бере отырып, осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген ұсыныстарын айтты. Мені ата-аналардың жауапкершілігі мен мұғаліммен қарым-қатынас мәдениеті өте қатты қуантты, әсіресе шақырылған ата-аналардың көбісінің әкелері келгеніне, балаларына көңіл бөлгеніне қуандым. Әкелердің отбасындағы ролі өте зор. Оқушының оқу тәжірибесі қоғаммен байланысты екеніне көз жеткіздім.
Тәжірибелік кезеңдерде жасалған жұмыстардың мектеп өміріне өзгеріс енуіне ықпалы болды деп айтуға негіз бар. Мектептің білім сапасына талдау жасағанымызда төмендегідей болды.

2015-2016 оқу жылы
2016-2017 оқу жылы
Білім сапасы %
Білім сапасы %

І тоқсан
ІІ тоқсан
51%
53%
55%
Өткен жылғы оқу жылының білім сапасымен салыстырғанда алға жылжушылық бары байқалды.Осы ілгерілеушіліктерге Бағдарламаның ықпалы болды ма деген сұраққа <<ия>> деп сеніммен жауап берген болар ем.
Мектептің дамуы үшін тиімді көшбасшылықпен қатар болып жатқан үдерістерді талдап отыру, сауалнамалар жүргізіп, мониторинг жасап отыру өз нәтижесін беріп отыратынына көз жеткіздім. Бағдарламаның идеяларының өзі де тың ойлар мен тиімді шешімдерді мақсаттылығына қарай нәтижеге бағыттау арқылы табысты еңбек етуге болатынын көрсетіп тұрғандай.
Жалпы айтқанда Бағдарлама идеяларын жүзеге асыруда осы күнге дейін атқарылған жұмыстар мен жоспарланған шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде мектеп өміріне өзгеріс енгендігін күн санап сезінім отырмын.Мұғалімдермен әңгімелесу, тәлімгерлік ету, коучингтер мен ашық сабақтар өту, әріптестермен кеңесут.б шаралар белгілі деңгейде өз жұмысын бергендігін түрлі бағалаулар мен мониторингтер арқылы анықтауға қол жеткізілді. Қандай іс-шара болмасын <<Блум таксономиясын>> негізге ала отырып жұмыс жасасаң жүйелі, әрі сапалы болатынын байқадым.
Оқу-тәрбие үдерісінде біртіндеп еніп жатқан өзгерістердің бірі- жоспарлау қызметі. Мұғалімдер ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарларында мақсат қойып, күтілетін нәтижені белгілеп,соған жету жолдарын 7 модуль бойынша айқындайтын тізбектелген сабақтардың жоспарларын құрып, ашық сабақтар үлгісін көрсетті. МДЖ -2 жоспарымда SMART мақсатқа сәйкес 40 пайыз мұғалім жаңа форматта жұмыс жасауға жұмылдырам деген едім. Алайда метеп ауыстыруыма байланысты өзгеріс енгізу бағдарламасын іске асыру барысында туындаған қиындықтар мен кедергілер болды.
Мектеп 100 пайыз осы бағытта жұмыс жасайды деп айту әлі ертерек. Өйткені, біріншіден мектеп ауқымы үлкен 1965 оқушы, 145 мұғалім, екіншіден 25 пайыз мұғалім зейнет жасындағы және зейнеткер мұғалім, үшіншіден басым көпшілігі көп жүктемемен жұмыс жасайды. Өзгеріс тобы үнемі қозғаушы күш ретінде барлық мұғалімдерге түрткі болды, ұжымды өзгерте алды деп айту ертерек. Сонымен бірге бұдан да, басқа кедергілерге де тоқталуға болады:
- Ізденуге деген жалқаулықтары басым, коучингтерден алған білімдерін сабақта қолдана алмауы, жетілдіре алмауы т.б
- Жоспарланған іс-шаралар көп уақыт алатын болғандықтан, күнделікті дәстүрлі сабақтарға көшіп кету;
-Оқушылардың үнімен үйлесе алмауы, оқушы талаптарын қанағаттандыра алмауы. Дегенмен де, кедергілер мен қиындықтарға қарамастан кәсіби қйындықтарды анықтау мақсатында түрлі сауалнамалар, кәсіби сұхбаттар, эвалюация және бірлескен жұмыстар жүргізілді. TALIS сауалнамасын алу мұғалімдер мен мектеп басшыларына білім беруді талдап, осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік берді. Оның дәлелі мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижесін 1-ші TALIS сауалнамасымен салыстыру барысында аз да, болса өзгерістің болғанына көзім жетті. Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы қажеттіліктерді анықтауда бірден-бір пайдасын тигізді деп айтар ем.
Екінші рет алынған TALIS сауалнамасының 11-сұрағындағы <<Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығына қатысу>>, 78% ия деп жауап берсе, 57% мұғалім әсері зор болғандығын білдірген. <<Мектеп іс-шараларының ресми бөлігі ретінде жүретін тәлімгерлік және немесе әріптесті қадағалау және коучинг>> бөлімдеріне қатысуы 81% қатысса, 65% <<әсері зор>> деп жауап берген. Алдағы уақыттарда да мұғалімдердің құзыреттілігін бағалау үшін қайта сауалнамалар алып, осы сұрақтарға басымдықтар беру керек деп ойлаймын.
Мысалы, <<Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту>> -
Қажет емес
Қажеттілігі шамалы
Қажеттілігі орташа
Өте қажет

23%
77%

13%
87%

<<Оқытудағы АКТ дағдысы>> -
Қажет емес
Қажеттілігі шамалы
Қажеттілігі орташа
Өте қажет

9%
19%
72%

100%
Келешекте мектепті басқару мен әкімдеу бағытындағы шараларға басымдық беріп, оқушылар мен мұғалім арасындағы байланысты жаңа форматта жаңартуға ден қою керек деп түйдім.Сондай-ақ оқыту мен оқудағы АКТ-ны қолдану құзыреттілігін одан әрі дамытуға үздіксіз және жүйелі жұмыстар жалғасын таба береді.
<<Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту>> -
Өзгеріс болған жоқ
Аз ғана өзгерді
Орташа өзгерді
Қатты өзгерді
0%
14%
62%
24%
13%
4%
17%
66%
<<Оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын шешуде
қолда-натын әдіс-тәсілдеріңіз>> -

Өзгеріс болған жоқ
Аз ғана өзгерді
Орташа өзгерді
Қатты өзгерді
9,6%
14%
67%
9,4%
0%
13%
43%
44%

Өзгерістердің болғанын көрсетіп отыр.
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі тек ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасау барысында дамитындығына және қоғамдастық аясындағы шаралар жұмыстың сапасын арттырумен бірге, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыратындығын ұғындым.
Эвалюациялауға жататын жаңа сипаттағы жұмыстардың бірі - зерттеу мен рефлекция жұмыстары. Басымдыққа сәйкес нысаналы сыныптарды жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді деуге болады, яғни ол сыныптарда деректер жинау(сауалнама, сұхбат,сабаққа қатысу, т.б), тізбектелген сабақтар топтамасы, деректерді талдау( сәтті және сәтсіз жақтары), нәтижені қорытындылау және жоспарлау жұмыстары жүргізілді. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Сол себепті де 2-3 сынып бастауыш сыныптарда және 7 сыныптардың биология пәні бойынша Lesson Study зерттеу сабақтары жүргізілді. Педагог тобының ынтымақтаса кезең-кезеңімен жүргізген жоспарлы жұмыстары оң нәтижесін көрсетті. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, оқу сапасын жақсартты. Оқыту мен оқу үдерісіне үлкен мән беріліп, оқушылардың дамуына арнайы уақыт бөлінетіндігін көрсетті. Lesson Study сабақтарын жоспарлау кезінде бір сабақта қолданған әдіс-тәсілдерін екінші сабақта қайталамауға тырысты. Сонымен қатар Lesson Study мұғалімдерді оқыту олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылатындығын білді.Мұғалімдер қандай іс-шара жоспарлауда жаңалық қосуға бірін-бірі қайталамауға, ерекшелендіруге тырысты. Алайда курс тренерінің << кәсіби бәсекелестің болуына назар аударыңдар, бақталас болып кетпесін >> деген сөзін ұстандым. Бірлесіп жұмыс жасау тиімді тәсіл. Бірлескен оқу өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.(1.,36 бет).Оқушылар тобының бірлесіп жұмыс жасауы ортақ проблемаларды шешуге, тапсырмаларды бірлесіп орындау, бір-бірімен әңгімелесу арқылы білім алады. Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дами түсті, олар өз ойларын ашық айта отырып, өз идеяларын қорғай білу іскерлігі қалыптасты. Яғни, топпен жұмыс жасаудың жай ғана бірігіу емес, білгеніңді, біліміңді ортаға салып өзгелермен бөлісу үшін бірлесу екенін жақсы түсіндім. Ойыңның дұрыс немесе бұрыс екендігін топ мүшелерінің талқылауымен анықтау, бір-біріне қолдау көрсету арқылы оқушылардың белсенділігі мен сенімділігі артты.
Нысаналы 7- сыныптың әр тоқсандағы білім сапасын негізгі пәндер бойынша мониторингісінен көруге болады. Яғни өзгешелікті көріп отырмыз.

1-ші тоқсанда 54% болса, 2-ші тоқсанда 63% сапа көрсеті. Бұдан біз бірлескен оқу сыныпта пайдаланған жаңа тиімді әдіс-тәсілдердің оң нәтижесін берді деуге болады.
Оқушылардың білімін тереңдетуге ықпал ететін бірлескен, үйлесімді және инновациялық мектеп мәдениетін құруды жақтаушы үздік мұғалімдер мен көшбасшылар озық педагогикалық тәжірибені тарата отырып, ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі мықты мұғалімдер мен озат оқушылар қаттарын арттыру арқылы балалардың өмірін арайландырады(3., 36 бет). Біздің әрине сеніміміз мол.
Зерттеу тиімді мектептердің оқыту мен оқу үдерісіне үлкен мән беріп, мұғалімдердің дамуына арнайы уақыт бөлетінін көрсетті. Мұғалімдердің көшбасшылығы бірқатар тәсілдермен оқушылардың сыныптағы мінез-құлқына және үлгеріміне әсер етті. Сонымен қатар әріптестерімен пайдалы тәжірибе алмасуға және мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға ықпал жасады. Тәжірибе барысында 7 коучинг, 4 ата-аналар коучингін 24 үлгілі ашық сабақтар үлгісін көрсетті. Осының нәтижесінде өзгеріс тобы, тәлімгерлікті ұйымдастырушы әріптестерімде өзгерістер болды.
Біліктілік бағдарламасы бізге не берді, нені үйретті десек:
-Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне ықпал етті;
- Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертті;
- Өзін-өзі талдау дағдылары мен сыни көз-қарас қалыптасты;
-Көшбасшылық, ұйымдастырушылық басқару дағдылары;
-Жағымды өзара қарым-қатынас жасай білуді;
-Ата-аналармен және жергілікті қауыммен бірлескен жұмыс маңызын;
-Қоғамдастықтың негізгі идеясын;
-Мониторинг пен эвалюацияның ықпалын жақсы түсінді.
Біздің түпкі мақсатымыз әрбір балаға жоғары деңгейде сапалы білім беру. Бүгінде оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі көптеген елдердің білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр(3.,37 б)
Яғни, мұғалімдерді эвалюациялау жүйесі осы саяғалімдерді эвалюациялау жүйесі осы саясаттың бір бөлігі дер едім.
Жоғарыда айтылған жұмыстарды бағамдай келе төмендегі басымдықтарды болашақта басты назарда ұстай отырып жұмыс жасауды ұйғардым:
-Мектепішілік, мектепаралық қоғамдастық мүмкіндіктерін толық қолдану;
-Жоспарлауда SMART талаптарын, Блум таксоноиясынның жүйелілігін назарда ұстау;
- Оқушылардың ( топтардың) өзара бағалауы , талдау, талқылау тұрғысынан болуына, назар салу;
- мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымымен жағымды орта қалыптастыра отырып, ынтымақтаса жұмыс жасау;
-Көшбасшылықты дамыту;
-Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру;
-Құзыреттілік талаптарды орындау;
-Мұғалімдердің кәсіби - педагогикалық қажеттіліктерін анықтап отыру.
Мұғалімдердің білім беру тәжірибесіндегі жаңашылдықтың, өзгешеліктің уақытша емес, өміршең болуын іске асыру жолында әлі де тер төгуге тура келеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (І деңгей)
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық(ІІ деңгей)
3. Басшылыққа арналған нұсқаулық

Ұқсас жұмыстар
«жаңалыққа жаны жақын жандар» қатысқан таныстырылым
Интерактивті тақтамен берілетін сабақтардың бағалау сынамалары
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру
Құзыретті оқушы
Біліктілікті арттыру курсынан өту
Колледж тынысы
Мұғалімнің білім жетілдіру жұмыс жүйесін қалыптастыру
Екінші Бетпе бет кезеңінде мектептегі тәжірибмізді курстағы әріптестермен бөлістік
Шығармашылық белгілер
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?
Пәндер