Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана әдепті болса, сіңлі әдепті

Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері.
Мақсаты:Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік,инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту,қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге,ізгілікке,мәдениеттілікке,үлкенді сыйлауға,кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Көрнекілігі:Әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер.
1.Ата-баба дәстүрі- әдептілік негізі.
2.Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.
3.Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
4.Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,
Олай болса уысыңнан шығарма.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өнерімен қуантады түбінде.
5.Адамның нағыз байлығы затта емес ақыл парасатта, рухани қазынада
( В.Сухомлинский)
Барысы:
1.Ұйымдастыру .
2.Негізгі бөлім:
А) Әдептілік-тәрбие бастауы.
Ә)Құпия хаттармен жұмыс(өз ойларын ортаға салу)
В) Әдептілік ,сыпайлық туралы мақал-мәтелдер
3.Өлең шумақтарынан үзінді оқу(әдептілік,сыпайылық туралы өлеңдер)
4.Қорытынды.(Әдептілік )
Қайырлы күн құрметті мұғалімдер! Оқушылар!бүгінгі біздің <<Әдептілік-тәрбие бастауы>> атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ.Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең.Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс-қимылы,жүріс-тұрысы,сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады.
Үш бөлімнен тұрады.оның іші толған әдептілік,мәдениеттілік жайлы сұрақтар,құпия хаттардан тұрады.
1-Бөлім: <<Әдептілік-тәрбие бастауы>>
Тақырыптар:
1.Сәлем-әдептіліктің белгісі.
2.Қоғамдағы көліктегі әдептілік.
3.Дастархан басындағы мәдениет.
4.Мәдени-көпшілік орындардағы әдептіліктің ережелері.
1-ші топ таңдайды. Тақырыбы: Сәлем-әдептіліктің белгісі.
Тапсырма:
1.Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәнін түсіндіріп өтіңдер.
2."Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді" деген аталы сөзге түсінік беріп өтіңдер
3."Ассалаумағалейкүм" сөзінің мағынасын ашып беріңдер.
4.Сәлемдесу түрлерін білесіңдер ме?
Қазақ тәрбиені амандасудан,есен сау сұрасудан бастаған.Кейбір егде адамдар "Ассалаумағалейкүм" дегеннен - ақ кім екенін білдім" деп жатады.Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес,олай болса мәнісіне үңіліп көрейік.
Біріншіден,сәлем берген кісінің дауысының шығуын,сәлем беру ырғағын байқайды.Екіншіден,сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың,қалай тұрасың?Үлкендер осының бәріне де назар аударады,сынайды.
Үлкеннің алдындағы сәлемің,басшымен амандасу,қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады:егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсең,дөрекелігіңіз бірден көрінеді.
Сіз амандасып болғанша,сәлем алушы үсті-басыңызға қарап та үлгереді,жарасымсыз екенін де байқайды.Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келіп сен туралы пікір түйеді.
Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрнісі болып көрінгенімен,адамның ішкі мәдениетінде біраз көрсетіп тастайды."Сәлеміңнен жаңылма","Сәлемің дұрыс болсын" деген талаптың өзі ақ сәлемдесу мәдениетінің адамгершіліктің бегісі екендігін анықтап тұрғандай.
Қазақта "Әдепті елдің баласы алыстан сәлеибереді" деген аталы сөз бар,өйткені сәлемдесу-кісіліктің белгісі.Сәлемдесу,амандасу адамның бір-біріне ізет,сый-құрмет көрсетеді,Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі-сәлемдесу.
Сәлемдесу о заманнан құдайшылық,имандылық кісілік нышаны ретінде түсініліп қабылданған.Сәлемдесудің мәні,ең алдымен,бір-бірінің аман-саулығын сұрасу,өздерінің аманесен дидарласып тұрғандарына қуанып,шүкіршілік жасау,ниеттерінің ақ адал,таза екендігін білдіреді.
Орта Азиядағы түркі халықтары барлық мұсылман елдердегідей "Ассалаумағалейкүм" деген араб сөзімен амандасады.Оның мағынасы "Сізге тыныштық тілеймін" дегенді білдіреді.Оған жауап яғни сәлем алу ретінде айтылатын "Уағалайкумассалам" сізге де тыныштық тілеймін деген сөз.Одан кейін барып үйішіңіз,мал-жаныңыз аман ба?Денсаулығыңыз жақсы ма? Деген сияқты қал- жағдайды білісу,жөн сұрасу рәсімі жалғасады.
Сәлем берудің түрлері:Қос қолдап амандасу,төс қағып амандасу,Құшақ жая амандасу,қуанышты сәлемдесу.
Әдеп, адамшылық амандасудан басталады.Ақсақалды ата-ана,ақ жаулықты әжені құрметтеу жалпы өзінен үлкендерге сәлем беру,алдынан кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы.
Көрініс: Әдептілік
2) тақырып :Қоғамдағы көліктегі әдептілік.
Тапсырма
Сен өз көлігіңді аялдамада көп тосып тұрдың,шаршадың.Көлігің келіп тоқтады да,сен ішке еніп бос орынға келіп жайғастың.Келесі аялдамада үлкен қария кісі мінді,бос орын жоқ.Сен не істер едің?
Қоғамдық көлікке басқаларды итермелемей,мәдениет түрде кіру керек.Жол ақысын төлеуді ұмытпау керек.
Көлік ішіндегі адамдарды қағып соғып итермелеме,дауыс көтеріп ұрыспа.Абайсызда қағып кетсең кешірім сұра.
Үлкен кісілерге, мүгедектерге,балалы аналарға орын бер.
Билетіңді аяқ астына тастай салмай көліктен шыққаннан кейін арнайы жәшікке сал.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден аулақ болу керек.
Әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі.
Көрініс: Автобустағы оқиға.
3.Дастархан басындағы мәдениет.
Тапсырма:1 Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
2Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек
Тамақтану мәдениеті дегеніміз - бір қалыпты тамақтану,тағамдардың түрліше болуы,қай кезде және қандай мөлшерде ішіп- жей білу,дастархан басында өзіңді дұрыс ұстай білу.
Столға қолыңды тазалап жуып,сырт киіміңді шешіп отыру керек.Дастархан басында жан-жаыңа алақтамай,тыныш отырып тамақтану керек,әйтпесе тамағын дұрыс сінбейді.
Ауызыңа тамақты толтырып алып қасыңдағы адамдармен сөйлеспе,аузыңнан тамағың шашырайды әрі сөзің түсініксіз болып шығады.
Дастархан басында аяқ-қолыңды кермей жинақы отыр Дастархан басында отырып қатты сөйлеудің,қатты күлудің,балағат сөздер айтудың қажеті жоқ
Амандасу үшін тағам тұрған столдың үстінен қол созу мүмкін емес.Тамақ ішіп болғаннан кейін қолыңды,ауызыңды салфеткамен сүртуді ұмытпа.Рахмет айтудыда естен шығарма.
Тәрбиеші:Балалар,адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойымыздан шығармауымыз керек.
Тақырып: Мәдени-көпшілік орындардағы әдептіліктің ережелері.
Тапсырма: 1 Концерт басталып кетті,сен сәл кешігіп келдің.Өзіңнің билетте көрсетілген орның алдыңғы жақта.Сен не істер едің?
"Адам көркі -шүберек" демекші,мәденикөпшілік орындарға барғанда әдемі,таза,үйлесімді киіне білу керек.Театрға немесе концертке кешікпей баруға тырыс.
Егер кешігіп кірсеңіз жаймен,көрермендерден кешірім сұрай отырып орныңызды тауып алыңыз.
Қатты қол шапалақтау немесе ысқыру әдепсіздіктің белгісі.Қасыңдағы жолдасыңмен қатты сөйлесіп,пікір таластырып, жұрттың көңілін бөлме.Отырған жеріңде сусын ішіп,тамақтанып қалдығын тастап кетпе.
Концерт немесе спектакль аяқталмай жатып тұрып кетіп қалма.Ол сахнадағы адамдарды,өнерді сыйламағандық болып есептеледі.
Тәрбиеші:Әдеп - діннің жаршысы."Әдепті кісіде ұят бар,ұяты бар кісіде иман бар" дегені бекер емес екен.
Тақырыбы:"Кітапханадағы әдеп"
Тапсырма:Сен кітапханада ертеңгі сабағыңа беріле дайындалып отырсың.Көрші столға екі оқушы келіп отырды да,қолдарындағы кітабын ретсіз парақтап,күбірлеп сөйлесе бастады,сенің көңілің бөлініп кетті.Сен не істер едің?
Кітапханамен дос бол,оған жиі баруды әдетке айналдыр.
Кітапхана-қоғамдық орын,сондықтан ол да үлкен мәдениеттілікті талап етеді.Кітапханада тыныштық сақтауға қатаң талап қойылады,ешкіммен дауыстап сөйлесуге қағаздарыңды ретсіз сытырлатып жаныңдағылардың көңілін бөлуге болмайды.
Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалана біл,бетін жыртуға,шимайлауға болмайды.Дайындалып болғаннан кейін кітапханашыға өткізіп рахметіңді білдір.
Тәрбиеші:Жауаптарыңа рахмет,балалар.Енді көңілдерімізді сергітіп бір ән тыңдап алсақ,кезекті әнге берсек.
Ән:
Балалар журналымыздың екіні бөлімі - "Құпия хаттармен" жұмыс.Мен мұндағы "Құпия хаттарды" оқып сендердің пікірлеріңді тыңдағым келіп тұр.
Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Ол өтірікші,көзбе-көз өтірік айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен онымен дос болып ойнаймын ба?
Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап-ойнап,тапсырманы орындамай,жазбай келеді.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем "Сен сараңсың" дейді.Мен не істеуім керек?
Құрметті достар!Менің бір досым мақтаншақ Ойнап жүргенде үй ішіндегі нәрселерін,қылығын айтып мақтанады.Мен онысын ұнатпаймын.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?
Әдептілік-барлық адамға жарасатын қасиет.Ол-адамның жасынан алған тәрбиесіне,өскен ортасыа,төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет.
3-бөлім:Әдептілік,сыпайылық туралы өлең,мақал-мәтелдеріңді тыңдағым келіп тұр.
1.Әдептілік ар,ұят-Адамдықтың белгісі.
2.Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ.
3.Әдепсіз өскен адамнан,тәртіппен өскен тал артық.
4.Аға әдепті болса,іні әдепті.
Ана әдепті болса,сіңлі әдепті.
5.Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
6.Әдептіліктің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.
7.Әдепті елдің баласы иіліп сәлем береді
8.Адам әдебімен әдемі.
9.Тәрбиелі адам тағалы атпен тең.
10.Әдепті бала - арлы бала.
11.Өзіңді өзің сыйламасаң,өзгеден сый дәметпе.
12.Сыпайылық - даналықтың белгісі.
13.Кішіпейілділік кішілік емес,кісілік қасиет.
Мақал - мәтелдеріңе рахмет,бүгінгі тақырыбымызға байланысты өлеңдеріңді тыңдасақ.
1."Ақыл жастан,асыл тастан
Шығады" деп дарынды
Халық айтса,халық сөзі
Әрқашан да нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Осы сынып атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен,
Сәлем сізге жалынды.
2.Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз:
- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
-Амансыз ба,атай! - деп
3.Мен жолымды берейін,өт,қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?!
Анасының бергенін саған берген
Аруағынан айналдым текті ананың!
Жалған-ай жарасымды-ау ізет деген
Иілген "сіз өт" пенен "біз өт" пенен.
4.Десек те жаңа өмір,жаңа заман,
Жақы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым,ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпей тоныңды алып.
5.Атам менің әманда
"Әдепті жан бол" деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
6.Анам маған "Үлкенді сыйла" деген
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем .

7.Дастарханның басында
Әдептен біз озбаймыз.
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
Тамақ ішер кезінде біз
Сөйлемейміз,күлмейміз.
Астан басқа өзгені
Елемейміз,білмейміз.
8.Кім үлкенді сыйласа
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болар өзі де
Үлкен болған кезіңде.
9.Сыйлап сәлем береміз
Көршілерді көргенде
Ізетті де білеміз
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін.
Міне,бүгін әдептілік жайлы білетіндеріңді өздеріңнен кіші іні,қарындастарыңа үнемі үйрете жүріңдер. Адам әрқашанда бет сұлулығымен емес ішкі жан дүниесімен,әдептілігімен,ізеттілігімен,мәдениеттілігімен әдемі.

Ұқсас жұмыстар
Әдептілік тобы
Әдептілік әлеміне саяхат
Ұлыдан ұлағат тәрбие сағаты
Әкем мен шешемнен, үлгі алып өсем мен!
Құранның сөзі құдайдың сөзі
Бәріне ортақ шуағым
Ұстазым, менің ұстазым жайлы ақпарат
Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің !
Отбасы берекесі
Әдептілік туралы өлеңдер
Пәндер