Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің қайырымды жүрегіме рахмет

Пәні: Өзін-өзі тану сабағы 2 сынып
Слайд 1
Тақырыбы: Жүрек жылуы
Мақсаты: <<Қайырымдылық>>, <<мейірімділік>> адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
* Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
* Қамқорлық жасауға жетелеу;
* Мейірімділікке тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар, бояу, алтын қобдиша, аюлар ойыншығы,жүрекшелер,
дәптер ,оқулық.

Слайд 2 <<Шаттақ шеңбері>>:
(Оқушылар шеңберге тұрып айтады)
Ж. Әділжанқызы
Жан-жағына нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Әңгімелесу
* Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
* Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
* Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Слайд 3 <<Ой- пікір>> Көрініс арқылы көрсету
Әже рөлінде- Әлмира
Абзал рөлінде- Мадияр
Айнұр рөлінде- Толғанай

Жай ғана әжей
* Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
* Бұл оқиғадан не үйрендің?
* Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

( Пікірлерін білдіреді)
Слайд 4
Дәйек сөз
<<Табиғаттағы барлық жылу-күннен
Өмірдегі барлық жылу-адамнан>>
Мұғалім сөзі: М.Пришви:
-Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.
Тапсырма
Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер
Оқушылар аналары, әкелері , жолдастары т.б. әңгімелеп беру керек.
Слайд 5 Сергіту сәті Билеу

Слайд 6 <<Жағдаяттарды талдау>> <<Көмек>>
Слайд 7 <<Дауысты тыңдау>>
Сен досыңмен көлге шомылуға бардың Кенет досыңның <<құтқар>> деген даусын естідің? Сен не істер едің?

Слайд 8

* Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?

Слайд 9

* Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу
керек?
( Аюлар сыйы ) Жүрекшелерді алтын қобдишадан шығарып таратып алады, артына тілектер жазып, бір-біріне береді.

Мұғалім сөзі; Мейірімді адам өзге адамға, туған туысқандарыңа, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.
Слайд 10 << Ойланайық, пікірлесейік>>

* Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
* Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Слайд 11 << Тыныштық сәті>>
* Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Бір-біріміздің қолымызды қатты қысып журектегі жылуды таратамыз.

Слайд 12 <<Жүрегімнен шыққан шуақ>> Дәптермен жұмыс
* Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап бос торкөздерге жазыңдар.
Слайд 13 <<Оқып, үйренейік!>> Қайырымдылық
М. Сүндетов
- Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
- Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма?
Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Слайд 14 <<Бекіту сәті>>
Жүрек айналасына гүлдердің артына жақсы сөз жазып ілу.

* Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
* Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
* Менің жылы жүрегіме рахмет!
* Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
* Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
* Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
* Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
* Менің жан-жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!
* Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!
* Мен әрқашан қайырымды боламын!
* Мейірімділігім менің-асыл қасиетім!
* Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!
Слайд 15 <<Жүректен жүрекке>>
Мұғалім:-Балалар, Біз өзіміздің махаббатымызды Отанымызға, туған жерімізге де арнайық!
Қол ұстасып отырып, <<Атамекен>> әнін орындау

Пайдаланылған әдебиеттер:
<<Өзін-өзі тану>> оқулығы 2 сынып;
<<Өзін - өзі тану>> мұғалімдерге арналған әдістемелік құралы;
Ж.Әділжанқызы өлең шумақтары;

Ұқсас жұмыстар
Отан деп соғар жүрегім. 3 сынып
Жүрек жылуы
Тренер сөзі
Ана - күннің шуағы
Менің жүрегіме рахмет
Сын есімдерді тап
Қадірлейік қасиетті Ананы
Достық сезім, 2-сынып
Кірпінің жанұясы
Мен осындай баламын
Пәндер