Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұстаздың шәкірттерін сынауы

Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектеп
Мерзімі:
Мұғалім: Шамеденова Э.
Сынып: 5б
Оқушылар саны: 5б-15
№23 Тақырып: Адалдық пен әділдік.
Құндылық: Ақиқат. Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, әділдік.

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың адалдық пен әділдік туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділігі: адами қарым - қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру;
Дамытушылығы : Оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелігі: оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)
Плакаттар, көрнекілік суреттер, үлестірме бетшелер.
І. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. <<Нұрға бөлену>>
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын >> Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.
5 <<Т>> Ережесін еске түсіру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
<<Ой моншақ>> әдісі.
Оқушылар <<Сенім>> өлең жолдарын бір жолдан жатқа айтып, тізбек моншақ құрайды.
Топқа бөлу.
(пазл арқылы топ атын шығару)
І топ. Кеңесшілер
ІІ топ. Билер
ІІІ топ. Қазылар
Түзеліп еркін отырады.
Қолдарын алдарына қойып,
орындыққа арқаларын тақап,
көздерін жұмып отыру сұралады.
ІІІ. Дәйексөз.
<<Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ>>
Ш.Уәлиханов
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәйексөзді
дәптерге түртіп алу.
ІҮ.Мұғалім сыйы
Адалдық.
Бір күні аспанда періштелер жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір періште: <<адамға бақыт жіберейік>>,- дейді, екіншісі <<ақыл жіберейік>>,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір періште ойланып: <<Адалдықты жіберейік>>,- дейді. Ал екіншісі: <<Адалдықты адамға жайдан - жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін адалдықтың мәні болады>>, -дейді.
Періштелер Адалдықты біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.
Сол кезде бір періште: <<Біз одан да Адалдақты адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі адалдықты тани алады>> - деген екен. Адалдық бізге тумысымыздан берілген сый екен.

1.Періштелер не себепті Адалдықты бірден бере салмай,оны жүрекке жасырып қоюды ұйғарды?
2.Ар - ұждан дауысын есту дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Адалдық дегеніміз не?

Ү. Мәтінмен жұмыс
І. Мәтінді оқу.
ІІ. Сұрақ - жауап арқылы мәтінді талдау
<<Ұстаздың шәкірттерін сынауы>>
Баяғы заманда бір данышпан өз шәкірттерін шақырып алып:
- Мені кәрілік жеңіп келеді, қауқарым жоқ. Енді сендер мені асырауларың керек,- дейді.
Шәкірттері ұстаздарының айтқанымен толық келіседі. Бірақ:
- Біз тамақ пен ақшаны қайдан аламыз. Көршілер көмектесе қояр ма екен?!
- Мен сендерге <<қайыр сұраңдар>> деп отырған жоқпын. Рұқсатсыз ала беріңдер,өйткені олардан гөрі ақшаға біз көбірек мұқтажбыз.Сондықтан ол -күнә емес.
Сөйтіп,ұстаз шәкірттерін байлардың ақшасын білдірмей алу жолдарын түсіндіреді.Бірақ ол шәкірттеріне ешкімді ренжітпеуді өтінеді.
Барлығы жорыққа аттанбақшы болып жатқанда,біреуі үнсіз төмен қарап тұрып қалады.
Ұстазы одан:
- Не болды? Өз ұстазыңа көмектескін келмей ме? - деп сұрады.
- Ғапу етіңіз,Ұстазым! Сіздің айтқаңызды істей алмаймын. Сіз біреудің затын ешкімге білдірмей ұрлап ал деп отырсыз.Ол мүмкін емес,ешкім білмесе де өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой.Одан да қайыр сұрағаным жақсы.
- Мен сендердің жан дүниелеріңнің адал болғанын қалап едім.Адамның қарны ашқаны ештеңе емес,оның жан дүниесі аш болмауы керек.Сондықтан ар-ұждан дауысына құлақ түріп жүріңдер. Әйтеуір біреуің түсіндің-ау!

1.Ұстаз шәкірттерін қалай сынады?
2. "Шәкірттің өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой>> дегенін қалай түсінуге болады?
3. Өз іс-әрекетіңе ішіңнен қысылып, ұялған кезің болды ма?

ҮІ. Жаңа ақпарат.
Адамның ниеті, ойы іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал бола алады.
Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

ҮІІ. Шығармашылық іс - әрекет.
"Пікірлер қоржыны" жағдаяттарды талдау.
Төмендегі екі жағдаятқа <<кеңесшілер>> кеңес айтады, <<билер>> билік айтады, <<қазылар>> шешім шығарады.

1. Ажар мен Алмагул сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп:
- Менің қалтамда апам <<самса алып жерсің>> деп берген ақша бар. Кеттік , кино көрейік, - деді.
Алмагул:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,-деп іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, <<мектепте болдық>> деп айта саламыз.....
Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?

1. 2. Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан,
ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады.
Ол: <<менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе, қарсы болмайды>>,-дейді.
Досыма үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым.
Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім , ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым.
Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

Тапсырма.
І топ. <<Синквейн>> әдісі
Адалдық, әділдік сөздеріне
<<бес жол>> өлең құрастыру.

ІІ топ. <<Дәлелденген эссе>>
(ақындар пікірін өз ойымен сабақтастыра эссе жазу)
"Адалдық - адамның ар ұяты"
Абай
<<Әділдік - ізгілік бастауы"
Ғ.Мүсірепов

ІІІ топ. Сәйкестендіру
Адалдық
Ешкімнің сөзіне еліктемей ,шындыққа сүйене отырып,ешқандай жағдайларға қарамастан,дұрыс,адал көзқараста болу;
Әділдік
Адам бойындағы таза ниет,бағалы қасиет,адамның сана сезімімен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық этикалық жиынтығы,
Шыншылдық
Өзінің де,өзгенің де сөзін қорғай білу

Топпен жұмыс

ҮІІІ. Топпен ән айту.
Ақ көгершін.
Сөзі:А.Жұбановтікі
Әні: Н.Баймұхамедовтікі
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.

ІХ. Үйге тапсырма
<<Адалдық адамдықтың белгісі>> тақырыбына эссе жазу.

Х. Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, бүгінгі сабақта алған жақсы ойларымызды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет!
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Нақыл сөз
Мектеп деген тәрбиеші адамға
2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиыны
Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік, тәрбие сағаты
Ортада аралар биімен Балапан тобы бүлдіршіндері
Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты салтанатты жиын
Құзырлық тапсырма-білім алушының дағдысын қалыптастырудың негізі
Ұстаздан шәкірт озар
Пәндер