Күшіктің туған күні: Дьенеш блоктары арқылы түстер мен пішіндерді меңгерту және саусақ ұсақ бұлшықеттерін дамыту (сенсорика, құрастыру; білінгвалды компонент)

D:\телефон сурет2\IMG-20161206-WA0003.jpg Қуатбекова Майра Жомартқызы

№44 «Ертарғын» балабақшасының тәрбиешісі

Тараз қаласы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика, құрастыру

Тақырыбы: Күшіктің туған күні

Мақсаты: Балаларға түстер мен пішіндерді үйрету. Дьенеш блогтарын қолдану. Саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа, қамқорлыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.

Сөздік жұмыс: Түтікше

Билингвалды компонент: қоян-заяц, түлкі-лиса, сыйлық-подарок

Заттық дамыту ортасы: паровоз, моншақтар, себет, Дьенеш блогтары,

үнтаспа

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Әрекет кезеңдері:

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиешінің қызметі:

Шаттық шеңбері

Сәлем, менің алақандарым,

Сәлем, менің аяқтарым.

Сәлем, аппақ бетіме,

Еріндеріме де сәлем

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Здраствуйте!

Хеллоу!

Тосын сый:

(Иттің үрген даусы естіледі үнтаспадан)

Тәрбиеші:

-Балалар, бұл ненің даусы?

Топқа күшік кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін менің туған күнім, мен сендерді шақыра келдім. Балалар, менің достарымды да шақырып келіңдерші, мен сендерді асыға күтемін!

Тәрбиеші:

-Балалар, туған күнге не алып бару керек?Сыйлықты орыс тілінде қалай айтамыз?

Олай болса, біз сыйлық салатын себетімізді алайық және күшіктің туған күніне достарын шақырып келу үшін жолға шығайық.

-Жолға немен шығамыз?

-Пойызбен шығайық. Ой, балалар қараңдаршы, пойыздың дөңгелектері бұзылып қалыпты, қане, дөңгелектерін жөндеп алайықшы.

-Ал енді пойызға отырайық.

Кімнің бойы ең ұзын,

Паровозы пойыздың.

Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,

Жолға тез жеттік.

-Балалар, біз қайда келдік?

-Біз күшіктің қай досына келдік?

Қоян шығады, балалармен сәлемдеседі.

-Қоянды орыс тілінде не дейміз?

-Қоян біз сені күшіктің туған күніне шақыра келдік.

Қоян:

-Мен күшіктің туған күніне үйшік сыйлағым келеді. Сендер маған үйшк құрастыруға көмектесесіңдер ме?

Дидактикалық ойын:

«Пішіндерді тауып, үйшік құрастырайық»

Шарты:

Дьенеш блогтарынан үйшік құрастыру. Пішіндерді атау (Үшбұрыш, төртбұрыш)

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, сыйлықтарың әдемі екен. Күшік енді қыста жаурамай үйшігінде жататын болды.

-Балалар, жол жүріп шаршап қалдық. Кішкене сергіп демалып алайық.

Сергіту сәті:

Бала, бала, балақан,

Қане, қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнап

Топ-топ, топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса, жаса жарқын күн

Жаса, жаса, алтын күн!

Тәрбиеші:

-Ал енді сапарымызды жалғастырайық.

Түлкі шығады, балалармен сәлемдеседі.

Тәрбиеші:

-Балалар мынау не?

-Түлкіні орыс тілінде не дейміз?

-Түлкі біз сізді күшік досыңның туған күніне шақыруға келдік.

Түлкі:

-Мен күшікке моншақ сыйлағым келеді. Маған моншақ тізуге көмектесесіңдер ме?

«Түтікшеден дайындалған моншақтар»

Шарты:

Түтікшелердің арасынан бауды өткізу.

Сөздік жұмыс: Түтікше

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар! Моншақтарың әдемі болыпты. Енді сыйлығымызды біздің күшік досымызға берейік. Туған күнің құтты болсын!

(Музыка қосылады)

Күшік қуанып, билеп береді.

Балаларға рахметін айтады.

Балалардың қызметі:

Қолдарын шапалақтайды,

Аяқтарын топылдатады,

Беттерін сипайды,

Еріндерін шопылдатады.

-Иттің,

-күшіктің

Балалар күшікке таңырқай қарайды, сәлемдеседі.

-Сыйлық

-Подарок

-машинамен

-пойызбен

Балалар дөңгелектерді қадайды.

Балалар отырады.

Балалар өлеңді айтады.

-Үйшікке

-Қоянға

Балалар да сәлемдеседі.

-Заяц

Балалар қоянды тыңдайды.

Балалар тәрбиешімен және қоянмен бірге үйшік құрастырады.

Балалар мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Балалар таңдана қарайды

-Түлкі

-Лиса

-Иә көмектесеміз

Балалар түтікшеден дайындалған моншақтарды жіпке тізеді.

Балалар қайталайды.

Балалар себеттегі сыйлықты күшік досына береді.

Күшіктің биіне риза болады.

Әрекет кезеңдері: Рефлексиялық-түзетушілік
Тәрбиешінің қызметі:

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

1. Балалар, бізге қонаққа не келді?

2. Ол не үшін келіпті?

3. Біз қайда бардық?

4. Немен бардық?

5. Күшіктің туған күніне қандай сыйлық дайындадық?

6. Қандай қонақтарды шақырдық?

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар! Енді күшікпен қоштасайық. Ол достарымен туған күнін тойласын.

Күшік:

-Сендер менің туған күніме сыйлық алып келдіңдер. Менің де сендерге берер сыйлығым бар.

Күшік шарлар таратып береді, балалармен қоштасады.

Балалардың қызметі:

-Күшік

-Күшіктің туған күні екен

-Достарын шақыруға

-Пойызбен

-Моншақтар

-Қоян мен түлкіні

Тәрбиешіні тыңдайды.

Күшіктің түрлі- түсті шарларына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Түстерді, геометриялық пішіндерді.

Игереді: Түйме қадауды, бауларға өткізуді.

Меңгереді: Жұмысты таза, ұқыпты жасауды.

C:\Users\User\Pictures\2017-02-01\002.jpg


Ұқсас жұмыстар
І кіші топқа арналған сенсорика сабағы: Ұқсасын тап - түстер мен пішіндерді сәйкестендіру
Балаларда сөйлеуді дамыту мен ұсақ моториканы жетілдіруде саусақ ойындарының педагогикалық маңызы
Көңілді ойындар тақырыбындағы сенсорикаға арналған технологиялық карта: түстер мен көлемге қарай топтастыру арқылы ұсақ қол моторикасы мен ұйымшылдықты дамыту
Алғашқы гүлдер: құммен сурет салу арқылы балабақша жастағы балалардың түстерді тануы мен саусақ моторикасын дамыту
Ортаңғы топқа арналған сабақ: камзолды жапсыру арқылы қазақ ою-өрнектері мен түстер үйлесімділігін дамыту
Балабақшада қыс мезгілі: табиғат, қыстық ойындар және жапсыру арқылы ұсақ моториканы дамыту
Мектепке дейінгі геометриялық пішіндер сабағы: Монтессори және билингвальды оқу-әдістемелік жоспар
Көбейту пирамидаларын құрастыру арқылы математикалық ойлау мен есте сақтауды дамыту
Мектепалды даярлық сыныбына арналған геометриялық пішіндер қаласына саяхат: Дьенеш логикалық блоктармен математикалық сабақ жоспары
II кіші топқа арналған технологиялық карта: Атай шалқан отырғызды - орыс халық ертегісі (тіл дамыту, орыс тілі, құрастыру, билингвалдық компонент)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz