Баланың ата - анаға деген махаббатын ояту

Бекітілді:

ТІЖО:

Тақырыбы: Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасында алатын жақсы тәрбиенің адам өміріне азық болатынын дәлелдеу. Баланың ата-анаға деген махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, суреттер, үй макеті

Барысы:

І. Үйымдастыру бөлімі.

Оқушылар алдын-ала 4 топқа бөлініп отырады.

Атамнан басталар, Бір туған ағам бар,

Әжемнен қосталар, Бір туған інім бар,

Отбасым мыналар, Бір туған апам бар

Ең жақын адамдар. Бәрін жақсы көремін

Әкем мен анам бар, Еркелеймін, күлемін.

Ата-аналық үлкен сын,

Бала өсіру ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл өсер.

Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін? Оны шешу үшін тақтадағы суреттерге назар аударайық. Осы суретті шешу арқылы бүгінгі класс сағатымыздың тақырыбы шығады.

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

  • Ал осы мақалды қалай түсінесіңдер?

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздың қалған асыл сөздің сырын аңғара білейік. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі-ата-бабаларымыздан қалған асыл да дана сөздер, яғни небір кереметтің барлығы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерде екені сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі сабағымыз осы отбасындағы тірбие туралы болмақ. Соған байланысты бейнелі суреттер арқылы отбасы тәрбиесіне байланысты мақалдарды шешейік.

  • Әке-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ
  • Әке көрген оқ жонар,

Ана көрген-тон пішер.

  • Отан отбасынан басталады.
  • Атаға қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер.

  • Балалы үй базар
  • Ананың көңілі-балада, баланың көңілі-далада.
  • Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
  • Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

(әр топқа екі суреттен беріледі, топ мүшелері мақалды тауып, мағынасын ашады. Екі мақалдан үйдің іргетасы қаланады)

Дұрыс айтасыңдар балалар, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол анаға қарап өседі, бойын түзейді.

Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата - ананың ең маңызды міндеттерінің бірі.

ІІ. Құпия хаттар.

Балалар менің қолымда әр топқа арналған хаттар бар. Сол хаттарға топпен жауап беріп көрейік.

1 хат:

Қыс мезгілі болатын. Ақжол демалысқа нағашы атасының үйіне келді. Жауған қар есік алдын басып тастапты. Ақжол қарды тиянақтап тазартып қойды. Ақжол оны кімнен үйренген? Ол өскенде қандай болады?

2 хат:

Айнұр мектептен келсе анасы төсек тартып ауырып қалыпты. Қазір оның жұмыстан әкес мен сабақтан інісі келеді. Айнұр не істейді деп ойлайсың?

3 хат:

Әсеттің ата-анасы ұрысып енжесіп жатыр еді. Үйге Әсет пен қарындасы кіріп келді. Әсеттің ата-анасы не істейді деп ойлайсың?

4 хат:

Сен бүгін облыс орталығына барыпсайысқа қатысып, бас жүлдеге ие болдың. Өз отбасың мен мектебіңнің абыройын асқақтаттың. Ең бірінші қуанышыңды кіммен бөлісесің? Неге?

(үйдің қабырғасы қойылады)

Әке-шеше, ата-ана сіздерді өмірге әкелген адамдар. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжетуге, айтқанын орындамауға болмайды. «Баласына тәлім-тәрбие берер әкесі болса, өнеге алар бала ешқайда бармайды», «тәрбие отбасынан басталады, әсерлеп айтқанда әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп шығады».

Енді назарларыңызды мына бейнероликке аударайық.

Әке мен бала бейнеролик

-Мына бейнебаяннан не ой түйдіңіздер?

Итаяқ әңгімесі оқып беру, талдату.

Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқанын аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып: “Балам, мына істеп жатқаның не?” - деп сұрайды.
- Бұл -итаяқ! дейді бала.
- Оны не істейсің?
- Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін, - депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.

  • Осы бейнеролик пен әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

(үйдің шатыры тұрғызылады)

Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы-бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөзі бар.


Ұқсас жұмыстар
Айналайын,ақ анам!
Ата тәлімі
Анаңа ауыр сөз айтпа
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Қатысушы топ
Ана-біздің күніміз
Аналарды құрметтеп
Қабілетіңді аша біл
Нұрға бөлену
Ана бақыт, ана күн
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz