Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мағынасы жуық сөздер

Бекітемін: : Б.Қалжанов

Қазақ тілі
3- сынып Күні: 13.12.2016 ж
Сабақтың тақырыбы
Сөз және оның мағынасы. 1-6 жаттығу
Сілтеме
Жоспар. Қазақ тілі оқулығы. <<Атамұра>>. Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Интернет желісі
Жалпы мақсаты
Сөздің белгілі бір мағынада жұмсалатыны, кейбір сөздердің мағыналары бір- біріне жуық немесе қарама - қарсы болатыны туралы берілген білімді еске түсіріп, одан әрі тереңдетеді, сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауысып қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқайды.
Күтілетін нәтиже
Кейбір сөздердің мағыналары бір - біріне жуық немесе қарама - қарсы болатыны туралы біледі, бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқайды, сауатты жазуға төселеді.
Негізгі идеялар
Сөз және оның мағынасы
Тапсырмалар
Топтастыру, сурет бойынша сөйлеу, <<Екі жақты түсіндірме күнделік>>
<<Менің сөзім>>

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Дұрыс - бұрыс тұжырым кестесі (оқушыларға 10 - сұрақтан тұратын кесте тартып берілді, кестеге дұрыс - бұрыстығын белгілейді)
ІІІ. <<Ой қозғау>> әдісі
1.Жаңа сабақ

,,, ,,, ,,
Бүгін біз сөзбен жұмыс жасаймыз. Сөз неден тұрады?
ІV.Мағынаны тану
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу
1-жаттығу берілген суреттердің аттарын айта отырып, оларда қандай ортақ белгі бар екенін және қандай айырмашылық бар екенін анықтау. От-ат, таға - жаға, апа-ата.

Бір әріптің өзгеруінен сөздің де мағынасы өзгерді ме? Осыған ұқсас бірнеше мысал келтіру, сөйлем құрастыру.
2-жаттығу көп нүктелердің орнына мағынасы жуық, қарама-қарсы , көп мағыналы сөздерді тауып жазу.
Жарық - қараңғы, биік - аласа, жақын - алыс, кең - тар, жылы -суық, сұлу, әдемі, көрікті,
Ақылды, білімді, зерек, батыр, ержүрек, мұғалім, ұстаз, тәрбиеші
Жаз: хат жаз, ауруды жаз, жаз айы
Тура: етті тура, сағатты турала
Жас: көздің жасы, адамның жасы
Түс: адамның түсі, түс бояу
4-жаттығу суретте берілген суреттердің ортақ не нәрсе біріктіреді? Бас сөзі қанша мағынада қолданылып отыр? Білгішбектің айтқанын түсіну, есте сақтау.

Тағы басақ суреттерден мысалдар келтіру.Слайд арқылы көрсету
Ережені есте сақтау
Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер (полисемия) деп аталады.
Үш топқа жеке - жеке тапсырмалар беру

Жеке жұмыс
5 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Оқулықпен жұмыс
6-жаттығу Кірпінің денесіндегі үшкір тікенек пен шыршаның тікен сияқты қылқандары бір сөзбен ине деп аталады. Олар қандай сөздер деп аталады?

Сабақты қорытындылау. Ойын мәреге жету.Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.
1. Дыбыстары бірдей мағыналары әр түрлі сөздер
2. Мағынасы қарама - қарсы сөздер
3. Мағынасы жуық сөздер
VІІ. Рефлексия. Кері байланыс
1. Мен бұрыннан білемін
2. Мен үшін жаңалық
3. Мен басқаша ойлап едім
4. Түсінбедім сұрағым бар.
Оқушыларды бағалау
Кейінгі тапсырмалар
3 - жаттығу

Ұқсас жұмыстар
Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 2-сынып
Қарсы мәндес сын есім туралы
Қарсы мәндес сын есім
Тақырып - Сөз және оның мағынасы
Мағынасы бір-біріне жуық сөздер
Сөз бен мағына
Сөз және оның мағынасы жайлы ақпарат
Тұрақты сөз тіркесі. Қазақстан -тәуелсіз мемлекет
Сөз және оның мағынасы
Қарама-қарсы мағыналы сөздер 3 сынып
Пәндер