Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ашық сабақ. Сабақтың типі

МҚКК <<Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі>>

<<Бекітемін>> <<Бекітемін>>
Колледж әдіскері: Директордың ОІ жөніндегі орынбасары ___К.К.Байгуринова _______С.Ү.Сегізбаева
<< >> 2013ж. << >> ____2013ж.

Ашық сабақ

Тақырыбы:Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік.

<<Қаралды>>
Циклдық әдістемелік отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды
ЦӘБ жетекшісі: Р.А.Оспанова
<< >> 2013ж.
Хаттама №

Дайындаған: информатика пәнінің оқытушысы Гульжазира Салменқызы Будурбаева

Ақтөбе - 2013/14 оқу жылы
Ашық сабақ жоспары:
Пәні: Информатика
Тобы: 1211
Мамандығы: 1304000 <<ЕТ және бағдарламалық қамтамасыздандыру>>
Сабақтың тақырыбы: Microsoft excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Microsoft
Білімділік: Оқушыларға EXCEL редакторының қызметін пайдалана білу Еxcel-де функция қолдану.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, өз ойларын бөлісіп, пікірлерін қорғай білуге, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , компьютерлік сауаттылыққа және уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу айқындалды.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: тест тапсырмалары, тапсырмалар, слайдтар.
Сабақтың көрнекілігі: ЭЕМ құрылғылары, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру - 3 мин.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - 15 мин.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру - 30 мин.
ІV. Тапсырмалар беру - 20 мин.
V. Сабақты бекіту - 10 мин. .
VI. Үйге тапсырма - 2 мин.
VII. Бағалау - 5 мин.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Түгендеу.
Сабаққа бейімдеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Гипертест
Word бағдарламасының тест сұрақтары
1.Word бағдарламасының Еже сұхбат терезесі қандай мүмкіндіктерді ұсынады?
А) Қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін өзгерту.
Ә) Жанбітірім эффектілерін жасау.
Б) Жолдар аралығын, шегіністерді, табуляцияны өзгерту.
В) Жүйені қайтадан іске қосу.
2.Мәтін беттерінің нөмірлерін қою үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
А) Файл - Бет өлшемдері - қажетті параметрлерді таңдау;
Ә) Пішім - Бет нөмірлері - қажетті параметрлерді таңдау;
Б) Кірістіру - Бет нөмірлері - қажетті параметрлерді таңдау;
\В) Көрініс - Бет сызбасы - қжетті параметрлерді таңдау.
3.Word құжатын қандай әмірлер көмегімен ашуға болады?
А) Құралдар - Параметрлер;
Ә) Файл - Ашу;
Б) Өңдеу - Бәрін бөлектеу;
В) Кірістіру - Нысан.
4.Жолдар аралығын, шегіністерді, табуляцияны өзгерту үшін қандай әмірлерді орындау керек?
А) Пішім - Қаріп;
Ә) Пішім - Мәнерлер мен пішімдеу;
Б) Пішім - Тізім;
В) Пішім - Еже.
5.Word бағдарламасында мәтінге (суретке, кестеге) жиекті үстеу ұшін мәтінді бөлектеу және ....... қажет?
А) Пішім - Жиектер және бояу - қажетті параметрлерді таңдау - Жарайды әмірін орындау;
Ә) Құралдар - Жиектер және бояу - қажетті параметрлерді таңдау - Жарайды әмірін орындау;
Б) Кесте - Жиектер және бояу - қажетті параметрлерді таңдау - Жарайды әмірін орындау;
В) Кірістіру - Жиектер және бояу - қажетті параметрлерді таңдау - Жарайды әмірін орындау.
6.Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай тармағында орналасқан?
А) Өңдеу;
Ә) Файл;
Б) Көрініс;
В) Құралдар.
7.Word бағдарламасы құжатында байрақшаның көрінісі мен орналасуын өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек:
А) Пішім - Еже;
Ә) Пішім - Мәнерлер мен пішімдеу;
Б) Пішім - Байрақша мен нөмірлеу;
В) Пішім - Қаріп.
8.Word бағдарламасында Пішім мәзірінің Қаріп қосымшасы ........ мүмкіндік береді.
А) Word бағдарлаасын қайта іске қосу;
Ә) Қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін белгілеу;
Б) Мәтіндерді бағандарға бөлуге;
В) Байрақшалы тізімді белгілеуге.
9.Word бағдарламасында мәтіні туралау түрлерінің бәрін атап көрсетіңдер:
А) Ұзындығы бойынша, сол жақ шеті бойынша, диагоналы бойынша;
Ә) Тігінен, ортасы бойынша, көлденеңінен;
Б) Сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, ені бойынша;
В) Ені бойынша, көлденеңінен.
10.Word бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?
А) Күлгін;
Ә) Көк;
Б) Қызыл;
В) Жасыл.
11.Microsoft Office дестесінің Microsoft Word бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
А) Жан бітірімді, мультимедиалық нысандарды әзірлеуге арналған Microsoft Office бағдарламасы;
Ә) Мәтіндік құжаттарды әзірлеу, қарап шығу, өңдеу және басып шығаруға арналған Microsoft Office дестесінің бағдарламасы;
Б) Өзі бағдарланатын кестелік процессори болып көрінетін Microsoft Office дестесінің бағдарламасы;
В) Көрсетілімдерді, яғни сөйлесуге арналған суреттемелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office бағдарламасы.
Word бағдарламасында құжаттың бөлектелінген мәтінін бірнеше бағанға бөлу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек?
А) Өңдеу - бағандар;
Ә) Пішім - бағандар,
Б) Көрініс - бағандар;
В) Құралдар бағандар.
Word бағдарламасында жасалған құжаттың кеңейтімі қандай?
А) bmp
Ә) doc
Б) txt
В) ppt
VIII. Жаңа сабақты түсіндіру.
Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.
Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.
EXCEL программасын іске қосу үшін <<Пуск>> менюінің <<Программы>> тобынан <> таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel:

меню жолағынан тұрады, яғни <<Файл>>, <<Вставка>>, <<Правка>>, <<Вид>> және т.б.
стандартты аспаптар тақтасы;
2 - Стандартты аспаптар тақтасы;
3 - Форматтау аспаптар тақтасы.
Excel-де құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру, т.б. операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өңдеуге және көрнекі қылып көрсетуі үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары орындалады.
4 - Формула жолында біріншісі - төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б. мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады.
Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді.
Excelде мәлімет енгізу және қорғау.
Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:
1. Сан 2. Текст
3. Дата (мерзім) 4. Формула
1.Excelде сан жазғанда арасында бос орын болмауы керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағында тұрады.
2.Текст - Excelсанға не формулаға ұқсамаған кез-келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналасады. Тест клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.
3. Дата - Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.
4. Формула - Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері: + (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б. мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.
Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы Σ <<автосумма>> кнопкасын қолданасыз.
СУММ (С1:С100)
Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін <--↑-->↓ курсорды басқару клавишалары қолданылады немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады.
Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, <<Данные>> - <<Форма>> командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады.
Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін <<Сервис>> - <<Защита>> командасы арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.
Ұяшықтардың абсолюттік және салыстырмалы адресі

Клетканың адресін түсіндіру үшін мына таблицаны келтіремін. Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*В6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет.
Клеткалардың адресін өзгертуге болады. Мысалы, В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, <<Вставка>> - <<Имя>> - <<Присвоить>> командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз.
Excelде функция қолдану
Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе <<Вставка>> - <<Функция>> командасын таңдаңыз. Мастер функций - шаг 1 из 2 терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз. Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.

Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.

Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN, ATAN, ATANH, TAN, TANH, МОБР, МУМНОЖ, НЕЧЕТ және т.б.

Анықтама алу. Excel-дегі көмекшіңіз.
Excel-де кейбір сұрақтарыңызға жауап алу үшін аспаптар тақтасындағы <<помощник>> кнопкасын басыңыз немесе F1 клавишасын басыңыз. Анықтама бөлімінің бүкіл бөлімін қарап шығуыңызға мүмкіндік бар. Төменде көрсетілгендей анықтама бөлімі ашылады. Қажетті бөлімді ерекшелеп алып, Enter клавишасын басыңыз.
IV. Сабақты бекіту.
Оқушыларға карточка тарату
1. Сабақ үлгерімі бойынша диаграмма құру
2. Ақша пайызын есептеу
V.Сабақты қорытындылау
Слайдта сұраққа жауап беру

VI. Үйге тапсырма
Microsoft Excel электрондық кестесі
72-77 беттер
VII. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Алтайдағы жота
Буынаяқтылар типі
Фонетикадан сабақтар топтамасы
Файлдар және папкалар
Бекіту кезеңінің сұрақтары
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Адамның жануарлар жүйесіндегі орны. 8-класс
Ана тілінің қызметі
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Пәндер