Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақты ұйымдастыру

Тақырыбы: <<Компюьтердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны қандай?>>
Мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрнек - компьютерге байланысты студенттердің білімдерін нығайту, тиянақтау, компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің компьютердің зияны мен пайдасы туралы толық ой қалыптастыру,студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттер өз ойларын тиянақты айта білуге, бір-бірін тыңдай білуге, компьютедің зиян және жақсы жақтарын ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жаууап, дебат пікір - талас, ситуациялық сұрақтар.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес компьютерлер, слайд, сұрақтар жазылған карточкалар.
І. Сабақты ұйымдастыру:
1.Кабинетті сабаққа дайындау;
2.Сәлемдесу;
3. Түгелдеу;
Студенттерді сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында <<Сәлем, Әлем!>> тренингін өткіземіз. Студенттер ортаға шығып шеңбер құрайды. 4 ел бойынша әрбір елдің өздеріне тән сәлемдесулері бойынша бір - бірлерімен сәлемдеседі. <<Европалықтар>> қолдарын алып қысады, <<жапондықтар>> бастарын иейді, <<африкандықтар>> мұрындарымен, <<италиандықтар>> құшақтасады.
ІІ. Сабақтың барысы
Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, студенттер және бүгінгі ашық сабақ қонақтары.
1.Сабағымызды бастамас бұрын, тарихқа шолу жасасақ.
Компьютер (ағылш. computer -- <<есептегіш>>), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) -- есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі -- есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі -- басқару болып табылады.
Шыққан компьютерлер буынға бөлінеді. Қазір компьютерлердің алты буыны белгілі деп айтуға болады. Жалпы, компьютерді буынға бөлу шарты, ол негізінен компьютерлердің элеменnтер базасының өзгеруіне, өзінің құрамына кіретін құрылғылардың түрлері мен қасиеттерінің өзгеруіне және компьютерлер арқылы шығарылатын есептердің жаңа (сандық емес) топтарының пайда болуына тәуелді.
Компьютердің бірінші буыны - 1959 жылға шейін шығарылған электронды лампалық машиналар, жылдамдықтары ондаған мың а/с., разрядтылығы 31-34 бит, жедел жадыларының көлемі 1-4 кб, амалдардың жұмыс ырғағы қатал тізбекті, яғни, келесі орындалатын амал ағымдағы амалдың орындалуы толық біткеннен соң ғана басталады, енгізу/шығару амалдары орындалып тұрғанда орталық процессор тоқтап тұрады. Программа негізінен машиналық тілде қолмен жазылып орындалады.
Компьютердің екінші буыны - 1968 жылға шейін шығарылған транзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың а/с., разрядтылығы 31-48 бит, жедел жадыларының көлемі - 8-128 кб. Процессордың жұмысын үзу және оны өңдеу жүйесі пайда болды. Алгоритмдік тілдерден машиналық тілге автоматты аударатын программалар - трансляторлар шықты, яғни, программа құру үшін деңгейлері жоғары программалау тілдері (Fortran, Algol, Cobol және басқалар) қолданылды, стандартты программалардың қоры үлкейді. Жабық жұмыс істеу режімі қолданылды, яғни, программалаушы тікелей машинамен жұмыс істемейтін болды, ол өзінің жоғары деңгейдегі программалау тілінде жазылған программасын ары қарай машинадан өткізетін қызмет көрсететін топқа тапсырды.
Компьютердің үшінші буыны - 1970 жылдан бастап интегралды микросхемалар арқылы жасалынған компьютерлер мен компьютерлер кешені, жылдамдықтары миллиондаған а/с., разрядтылығы 32-64 бит, жедел жадыларының көлемі 64-1024 кб. Дамыған үзу жүйесі бар, енгізу/шығару амалдарының орындалуы орталық процессордың жұмысымен параллель жүргізетін қосымша процессорлар (арналар) қолданылады. Бұрын программалар атқаратын көп жұмыстар, соның ішінде үзуді ұйымдастырумен өңдетулер аппарат арқылы жүзеге асатын болды. Компьютерлердің сыртқы ортаны қабылдай және оған әсер ете алатын сенсорлық қондырымдары пайда бола бастады. Программалардың жұмысын бастан аяқ басқаратын (сыртқы және ішкі ортадағы жағдайларға мақсатты жауап бере алатын) дамыған операциялық жүйелер жұмыс істеді. Осы буынның негізгі ерекшелік программалары төменнен жоғары қарай ұйқас болатындай мүмкіншіліктері өспелі компьютерлердің бірнеше модельднрінен тұратын машиналар кешенінің пайда болуы (мысалы, социалистік елдерде ЕС ЭВМ 1020-1050, ал АҚШ - та IBM 360-370 сияқты компьютерлердің бірыңғай жүйелері).
Компьютердің төртінші буыны - 1975 жылдан бастап үлкен немесе өте үлкен интегралды микросхемалар арқылы жасалынған көппроцессорлы суперкомпьютерлер мен микрокомпьютерлер (кейін оларды дербес компьютерлер деп атап кетті). Суперкомпьютерлердің жылдамдықтары жүз миллионға шейін (мысалы, Cray - 1 суперкомпьютерінің жылдамдығы 100 млн а/с). Жалпы осы буындағы компьютерлер арқылы байланыс әдістері одан әрі дамып телефон, телеграф желілеріне қосылып, компьютерлік глобальді (мысалы Интернет), корпоративтік және локальді желілер құрылды, өте үлкен деректер архиві жиналды, деректердің визуалды (бейнелік) түрдегі берілуі және өңделуі дамыды, нақты уақыт масштабында жұмыс істей алатын жүйелер кеңінен жүзеге асты.
Компьютердің бесінші буыны - 1980 жылы Жапония жариялаған 5 жылдық жобадан басталады, онда компьютерлік тілдің машиналық тілі ретінде логикалық программалау тілі PROLOG - ты аппаратты түрде жүзеге асырып, жасанды зерде (интеллект) жүйесін құру көзделді. Бұл жоба нәтижелі аяқталды, қазір өзінің жасанды зердесі бар, яғни, белгілі есептің берілгені бойынша оның шешуін табатын тұжырымдарды жасап және оны дәлелдей алатын, белгілі тақырыпқа өлең немесе музыка шығара алатын және т.с.с интеллектуалды жұмыстарды өздігінен жасай алатын компьютерлер бар. Бірақ олар кең тарамаған, себебі олардың бағасы өте қымбат және олармен жұмыс істеу аса біліктілікті талап етеді.
Компьютердің алтыншы буыны - өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап қолға алына бастады. Ол жасанды нейрон желісіне, көпмәнді логика және кванттық есептеу теориясына негізделіп жасалынады. Бұл компьютерлердің дамыған жасанды зердесі болады: олардың өзін - өзі оқытатын қабілеті және өздігінен кейбір мәселені түсініп (образды танып), жобалап, оны шешу немесе жүзеге асыру үшін керекті программаны немесе құрылғыны құрастыра алатын мүмкіншілігі болады.
Компьютердің пайдасы мен зиянына келетін болсақ, біздің тәуелсіз ел болғанымызға 25 жылдай уақыт . Әрине бұл көп емес. Бүгінгі таңда еліміздің орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану міндетке айналып отыр. Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан кезіміздің ақпараттандыру заманы деп айтуға болатының бәрі біледі. Компьютерсіз осы кезде бірде-бір жұмыс орындалмайтын сияқты. Біздер технологияның өсуімен жетістіктеріне ат салысып күресудеміз. Әрбір ел болсын, өзінің ақпараттандырырылған жақтарынан мақтан ұстап, әлемге жар салуда.
Бұлардың барлығы дерлік үлкен жетістіктер. Бірақ, біз адам балалары өзіміздің денсаулығымызды естен шығарған сияқтымыз. Сонымен қатар, қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді.
2.Видео көрсетіледі.
Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
* Көздің көру қабілетін төмендетеді;
* Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
* Жүйкеге салмақ түсіреді;
* Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.
3.Келесі кезекті, студенттріміздің арасындағы <<Компьютердің және компьютерлік ойындардың зияны>> атты пікір - талас сайсына кезек берсек. Ортамызда отқан топтармен таныстырсам. <<Ақпарат>> министрі, <<Мәдениет>> министрі, <<Әлеуметтік>> министрлер және <<Денсаулық сақтау>> министрлері отыр. Осы кісілердің пікірлерін тындасақ.
4.студенттерге ситуациялық сұрақтар жазылған карточкалар беріледі.
1.Сіздің жолдасыңыз интернеттегі құмар ойындарына кіріп кетті, сіздің іс - әрекетіңіз қандай болады?
2.Сіздің досыңыз компьютерлік ойындарды ойнаған кезде жеңіліске ұшыраған жағдайда, ашулы, ызалы күйге түседі. Сіз қалай көмектесер едіңіз?
3.Сіз ойын ойнағанда немесе ойнап жатқан адамның ойынында адамды азаптау, өлтіру көріністерін көрген кездегі сіздің сезіміңіз қандай болады?
4.Өзіңізді ата - ана ретінде сезініңіз. Сіз несиеге қымбат компьютер сатып алдыңыз. Балаңыз компьютерді байқама сындырып алды. Қандай жаза қолданар едіңіз?
Рахмет, барлықтарыңызға. Осы ситуациялар әрине өмірлеріңізде кездеспесін, кездескен жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады деп ойлаймын.
Осы топ студенттерінен сауалнама алынған болатын, сол сауалнама қорытындысын көрсек, талдасақ.
1. Сіздің үйіңізде компьютер бар ма?
2. Компьютерді жиі қолданасыз ба?
3. Компьютерде немен айналысасыз?
4. Компьютерлік ойындарды ойнайсыз ба?
5. Компьютерлік ережелерді білесіз бе?
6. Компьютердің алдында отырғанда ережелерді сақтайсыз ба?
7. Компьютердің алдында қанша уақыт өткізетініңізді ата - анаңыз қадағалай ма?
8. Компьютерлік клубтарға жиі барасыз ба?
ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделекті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы мектептің ролі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған мәселелерді дұрыс шешкенде ғана компьютер сияқты қуатты құрал көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

Ұқсас жұмыстар
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Ақпаратты компьютерде сақтау
Қай түзу перпендикуляр түзу
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер
Көпмүшені бірмүшеге бөлу
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Лоренц күші
Компьютерлік желілер туралы
Пәндер