Эпостық жырлар: қазақтың батырлық және лиро-эпостық мұрасы

"Долайты орта мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тарих пәні мұғалімі: Аширов Мухидин Карленович

Сабақтың тақырыбы Эпостық жырлар

Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы, эпостық жырлар жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақ түрі : кіріктірілген сабағы (Қазақстан тарихы пәнімен қазақ әдебиеті пәні)

Сабақтың көрнекілігі: жыраулар суреттері, слайд

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды 2 топқа бөледі.

Ой шақыру. Өтілген тақырыпқа байланысты мұғалім оқушыларға «Бақыт деген не?» деген сұрақты қояды. (біреубақыт ол-байлық, біреуі бақыт ол- ата-аналарымызбен бірге тұру, кей біреулері бақыт ол білімде деп жауап берді. ) Мұғалім дұрыс бақыт білімде, орта ғасырда өмір сүрген даналар бақытты білімден тапты, деп ұй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды.

Көпір.

Мұғалім үйден деңгейлік тапсырмалар дайындап келеді.

Үлгерімі төмен оқушыларға сәйкестендіру тест карточкалар таратады.

Тақтаға пирамида ілінген, онда төменде 10 ұпайлық сұрақ, ортада 20 ұпайлық, жоғарыда 30 ұпайлық сұрақ тапсырмалар бар.

10 ұпай. Орта ғасырлық даналарды атап бер?

20 ұпай. Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі не туралы жазылған?

30 ұпай. Әл-Фараби қай ғалымның еңбектерін 100 деген рет қайталап оқып шыққан, не үшін? (оқушылар өз ойларны ортаға салады)

Білу.

Мұғалім оқушылардың пікірлерін толықтырып қорытындылап жаңа сабақ жоспарымен таныстырады.

Жаңа сабақ:

Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі- эпостық жырлар.

оғыз-қыпшақ архаикалық

Қалмақ шабуылы ноғайлы

Кейінгі дәуір

Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын елін жерін қорғауды дәріптейді.

Батырлар жыры

Ер Тарған Қобыланды

Алпамыс

Елін, жерін қорғауға, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалған батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады.

Балалар сендер өз еліңді қорғауға дайынсындарма?(сұраққа жауап)

Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі- әлеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді.

Қазақтың лиро-эпостық жырларына қайсылар жатады?

Қозы -Көрпеш баян сұлу

Айман -Шолпан

Қыз Жібек

Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі әдеби тілмен сабақты жалғастырады: Батырлар жырының ішіндегі ең көп тарағандары және олардың нұсқалары, көркемдік ерекшелігі, компазициялық құрылымы сюжеттік дамуы туралы айтады.

Жинақтау:

Оқушылар алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша аңыз-жырлардың қысқаша мазмұнын айтады.

Рефлексия.

Бағалау

Үйге тапсырма беру: қосымша деректерді пайдаланып, ақын- жыраулар жөнінде мәлімет, баяндама дайындау


Ұқсас жұмыстар
Лиро-эпостық жырлар: оқу-әдістемелік ашық сабақ жоспары
7-сынып: Қазақ әдебиеті мен өнері - ауыз және жазба әдебиеті, лиро-эпостық жырлар
8-сынып әдебиет пәнінің сабақ жоспарлары: ауыз әдебиеті, лиро-эпостық жырлар, Қыз Жібек, Әл Фараби және Абай
9-сынып қазақ әдебиеті: Қыз Жібек жырына арналған сабақ жоспарлары - лиро-эпостық жырлар, салт-дәстүрлер және ғашықтар бейнесі
9 сынып: Қыз Жібек жырының мазмұны және лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан айырмашылығы
Эпостық аңыздар мен ХҮ-ХҮІІІ ғғ. өмір сүрген ақын-жыраулар: қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары
Қаныш Сәтбаев - қазақтың тұңғыш академигі: өмірі мен ғылыми мұрасы
Әже сандығындағы қазына: қазақтың сәндік қолданбалы өнері мен зергерлік мұрасы
10 Б сыныпқа арналған қазақ әдебиеті ашық сабағы: Шоқан Уәлиханов және Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы мақала
Ашық сабақ: Түйе туралы жырлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz