Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа сабақ жоспары

Арқалық политехникалық колледжінің
Тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Самыратова Ләйлә Абдрахманқызы

Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс.
Сабақтың мақсаты: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, басталу себептеріне, фашизмге қарсы шайқастар мен барысы жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіру .
Дамытушылық: Сабақ барысында студенттердің тарихи
оқиғаларды есте сақтау, салыстыру, тарихи құжаттармен жұмыс істеу, шығармашылық жұмыспен шұғылдануға бағыт беру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: карта, кесте, тірек-сызба, интерактивті тақта, электронды оқулық, сурет.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.
Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақты пысықтау
V. Үйге тапсырма
І.Ұйымдастыру кезеңі
::Оқу құралын тексеріп түгендеу
::Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Италия мен Германияда фашизмнің пайда болу себептері.
2.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының күйреуі мен Гитлердің билікке келуінде қандай рөл атқарды?
3. Экономикадағы жаңа саясаттың мәнісі неде?
4.Фашистік мемлекеттер Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында қандай саясатпен жүрді?

Жылдармен жұмыс:
1)1923жыл көктемде 1)Фашистік сайлау заңы негізінде парламентте сайлау өтті. Унитарлық
социалистік партияның хатшысы Д. Маттеотти дәлелдерге сүйеніп,
фашистердің қандай әдістермен сайлауда ойлаған нәтижеге жеткені
туралы айыптап сөз сөйледі.
2)1924жыл 6 сәуір 2)антифашистер Халық партиясы съезінде күшті қолдау тапты,
осыдан кейін Муссолини Халық партиясының министрлерін
үкіметтен қуды.
3)1924 жыл 10 маусым 3)Германия дүниежүзілік соғысқа дайындық ретінде авиация мен танк
бөлімшелерін көбейтті
4)1933жыл 30 қаңтар 4)Муссолинидің тікелей бұйрығымен Маттеоттиді фашистер өлтірді.
5)1933жыл наурыз 5)президент П. Гинденбург А.Гитлерге үкіметті құруды
тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады.
6)1933 жыл сәуір 6)гитлершілердің саяси құпия полициясы - Гестапо құрылды. Оның
міндеті режімнің қарсыластарын жою болды.
7)1934жыл тамыз 7)П.Гинденбург рейхстаг арқылы Гитлер кабинетінде төтенше өкілеттік
беру заңын шығарды.
8)1939жыл 8)басында Чехословакияның қалған бөлігі де Германияға берілді.
9)1939жыл 9) Гинденбург өлгеннен кейін президенттің, канцлердің және жетекші
партияның өкілеттілігі Гитлерлерге берілді.
Өмірдің ақ және қара ұғымы болады. Ақ және қара ұғымына қалай түсінесіңдер?
Шағын қойылым: <<Ананың баламен қоштасуы>>
Видео көрсетіледі.
ІІІ.Жаңа сабақ жоспары: 1. Соғыстың ауқымы, сипаты және кезеңдері.
2.Германияның Польшаға шабуылы. Африка мен Балқандағы соғыс.
3. Германияның КСРО - ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы. Кеңес -
герман майданы - Екінші дүниежүзілік соғыстың басты майданы.
4.Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Курск шайқасы.
5.Қырым конференциясы.Потсдам конференциясы. БҰҰ-ның құрылуы.
6. 1944-1945жылдың бірінші жартысындағы Тынық мұхит пен Азиядағы
әскери іс - қимылдар.
Едс - адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс. Соғысқа Жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты. Соғыс әрекеттері Евразия, Африка, Мұхит аралдары елдерін және барлық мұхиттар алабын қамтыды. Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамен 65-67млн-ға жеткен.
Екінші дүниежүзілік соғыс Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда өзінің жылжымалы қимыл әрекеттерімен сипатталады. Егерде Бдж көбінесе позициялық, қорғаныс түрінде сипатталса, Едс өзінің жылдамдығымен, кең географиялық аумағымен ерекшеленді. Соғыстың соңында мүлдем жаңа соғыс құралдары - зымыран және сутектік қару түрлері пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері, бір топ соғысқұмар мемлекеттердің әлемді қайта бөлісу әрекеттерімен байланысты болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың барысын үш үлкен кезеңге бөлуге болады.
І кезең: 1939жылдың 1 қыркүйегінен - 1942 жылдың шілдесіне дейін. Бұл кезеңде соғыс ауқымы барынша кеңейіп, басқыншылардың соғыс әрекеттері басымырақ болып, сәттілігімен көзге түсті.
ІІ кезең: 1942 жылдың маусымы - 1944 жылдың қаңтары. Бұл кезеңде антигитлерлік одақтағы елдердің басымдылығы ақындалып, соғыс қимылдары басқыншы елдердің шекарасына жақындады.
ІІІ кезең: 1944 жылдың қаңтарынан - 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейін. Бұл кезеңде антигитлерлік коалициядағы елдер басымдықпен жеңіске жетіп,басқыншылар тізе бүкті.
1.Топтық жұмыс:
І топ. Германияның Польшаға шабуылы. Африка мен Балқандағы соғыс.
ІІ топ. Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы. Кеңес - герман майданы.
ІІІ топ. Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Курск шайқасы.
2.Тарихи диктант:
І. 1942жылғы жаз айы ........ пакті елдеріннің әскерлеріне белгілі бір табыстар әкелді деуге болады. Жау Донбасста ............ құрамаларын қоршап, талқандауға табан тіреді. Оңтүстік-Батыс майдан құрамаларының негізгі бөлігі ......... үлкен иіріміне қарай шегінді. ...... шілдеде немістер .............. майданының оңтүстігіндегі қорғанысты ............. шақырымға дейін ішке қарай бұзып кірді. Бұл жағдай ............. Кавказ бен ............ экономикалық ауданына тікелей қауіп төндірді. Немістер .................. өндіру орталықтарының бірі - Солтүстік ............. жаулап алу үшін ................ операциясына дайындалды.
ІІ. Завершением войны в ..............была битва за ............. .........................................., понимая важность захвата Берлина, сосредоточило на Берлинском направлении все основные силы общей численностью .......... человек. Берлинская операция началась .......................... Артиллерийской подготовкой и ..........................наступлением войск с трех сторон.
Несмотря на упорное сопротивление ......................войск, Берлин был взят в кольцо.
.............., а также некоторые из его ближайших соратников покончили жизнь самоубийством
.... .....................
2 мая после капитуляции гарнизона Берлин был взят.
IІІ. ....................... 8 мамырда Берлин жанындағы Карл Хорсте сөзсіз тізе бүгу туралы актіге қол қойылды.
...................... соғыс тамамдалған кезеңде, яғни 1945жылы 25 сәуірде ................................. БҰҰ-ның конференциясы болды. Конференцияда ..................... Жарғысы дайындалды және бекітілді.
...... мемлекеттің өкілдері ...................Жарғысына қол қойылды және ...................................... Жарғы бекітілгеннен кейін ол күшіне енді. Осылай .............құрылды.
ІV. ...........АҚШ әскерлері .................қарсы қарқынды басқыншылық шабуыл жасады, жапондықтар қарамағындағы ...........................аралдарын басып алып, оларды ..................... аралдарынан шығарды.
............. мамырда ағылшын және қытай әскерлері жапондықтарды ................. қуып шықты, ал ағылшын-американ әскерлері .................. аралын азат етті. ......................әскерлері жапон аралдарына жол ашатын .................аралын басып алу үшін ұрыстар жүргізді.
.............6 және 9 тамызда АҚШ ............ мен ................екі атом бомбасын тастады. ................тізе бүгуден бас тартуы .............. атом қаруын пайдалануын ақтай алмады, бұл ............... қорқытуға бағытталған дөрекі қадам ед, ........осы уақытта АҚШ пен КСРО арасында .............. туындаған болатын.
...................... Американың <<Миссури>> крейсерінде ................., АҚШ және Ұлыбритания ......................... қатысуымен................... сөзсіз тізе бүкендігі туралы ............... қол қойылды. Осылай адамзат тарихындағы ең қанды соғыс аяқталды.

3.Қырым және Потсдам конференциясының шешімдері туралы кесте:

Сұрақтар
Қырым конференциясы
Потсдам конференциясы
1
Уақыты
1945ж 2 ақпан
1945ж 17 мамыр
2
Қатысқан мемлекеттер
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
3
Басшылары
И. Сталин, У.Черчилль, Ф.Д.Рузвельт
И. Сталин, У.Черчилль, Г.Трумэн
4
Қаралған мәселелер
Әскери және саяси сипаттағы көптеген мәселелер талқыланды.
Соғыстан кейінгі Еуропада шекараны белгілеу, соғыс шығындарын өтеу тәртібі және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
5
Шешімдері
Германияны бірлесіп жаулап алу, оның аумағын үш басқыншылық аумаққа бөлу, Германия мен оның одақтастарынан алымдар алу және олардың мөлшері туралы шешім қақабылданды.
Кенигсберг қаласымен бірге шығыс Пруссияның бір бөлігін Кеңес Одағына, ал бір бөлігін Польшаға беру туралы шешім қабылданды.
4.Сөздер мен ұғымдарға түсініктеме беру:
1. <<Тайфун>> - Гитлер армиясының мәскеуге басып кіруі туралы жоспар;
2. <<Барбаросса>> - фашистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен соққы беру жоспары;
3. <<Ост>> - Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропаны мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары;
4. <<Цитадель>> - Гитлер армиясының Курск аймағына басып кіру жоспары;
5. <<Багратион>> - Қызыл армияның Белоруссияны азат ету жоспары.
6. <<Фашизм>> - Нәсілшілдік, көсемдік басқаруды, әлемге билік құруды уағыздаған оңшыл тоталитарлық ағым.
7. <<Коалиция>> - жалпы мақсатқа жету үшін мемлекеттер мен партиялардың, қоғамдық ұйымдардың бірлігі.
5.Тұлғаны таны:
Нүркен Әбдіров, Талғат Бегелдинов, Сағадат Нұрмағанбетов, Сабыр Рахимов, Төлеген Тоқтаров
(Студенттер ақын - жазушылардың әндері мен өлеңдерін оқиды)
Сабақты бекіту: Венн диаграмма:
Бірінші дүниежүзілік соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс

1940ж 10 маусым

1941-45жж 1945ж 30 сәуір

1939ж фашизм

1945ж 2 қыркүйек 1945ж 6 тамыз
1941ж
16 қараша

Ізгілік ағашы: студенттер бүгінгі сабақта БҮҮ, ізгі ниеттерін білдіреді.
Үй тапсырмасы: §14-15оқып келу. <<Бәрімізге ортақ Ұлы Жеңіс>> тақырыбында шығарма жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында
Сабақ жоспарлары
Ән Желтоқсан желі Хорда жаттығу
Орта мерзімді жоспар 5-сынып қазақ тілі
Күнделікті сабақ жоспары
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Қалай қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады
Сынып деңгейі
Жаңа материалды тереңдету
Пәндер