Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сендердің адал достарың барма
Мектеп: Өскемен қаласы №46 орта мектеп
Күні: 24.10.2016ж
№ 8 сабақ
Мұғалімі: Ахметова Г.М.
Сынып: 4 <<Г>>
Оқушылар саны: 28
Тақырыбы: Адал достық
Құндылық: дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: шынайылық, адалдық, жауапкершілік
Сабақтың мақсаты: <<Дос>>, <<Достық>> ұғымдары арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
-адал достықтың мәнін түсіндіру;
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, слайд, бейнефильм, үнтаспа, таратпа қағаздар
Ресурстары: (материалдар, дереккөздер)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
<<Тыныштық сәті>>
Денемізді түзу ұстап, барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыздар. Енді оң қолдарыңызды жүрегіңіздің тұсына қойыңыздар. Сендердің жүректерің -- сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар.
Балалар сендерге тыныштық сәті ұнады ма?
Жақындарымызға жақсылық сезімдерімізбен бөлістік пе?
2.Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасына <<Өнер>> өлеңін жатқа айту тапсырылған. Оқушылардан өлеңді кезек-кезек сұраймын.
Ескерту
Баяу әуен қосу
4.Жаңа тақырып
Балалар мына сөзжұмбақты шешейік. Бос шаршыларға жақсы балаға тән қасиеттерді жазамыз.
Балалар, ортада <<достық>> деген сөз шыққан екен. Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз <<Адал достық>>.
Дәйексөз
Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: <<Айнымас досы бар адам - ең бақытты адам>> деген халық мақалы. Дәйексөздің мағынасын талдау.
oo Жалпы балалар дос дегеніміз кім?
oo Айнымас дос дегеніміз ше?
oo Не себепті адал досы бар адам - ең бақытты адам?
Айнымас дос деген адал дос дегеніміз. Досы уәдесінде берік болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп, жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ал досы бар адамның бақытты болмауы мүмкін емес.
4. Оқиғаны баяндау (өсиет-әңгіме)
Халық ертегісін мұғалім сыйы ретінде әңгімелеп беремін
Бүркіттің досы сұңқар
Халық ертегісі
Бір күні бүркіт өзіне сенімді дос іздеп,әлемге хабар беріпті.
Құстар жиналып,бүркіттің алдына келіпті. Сонда бүркіт:
-Кімнің қандай қасиеті бар?-деп сұрапты.
Қаз айтады:
-Мен суда да жүземін, ұша да білемін,-депті.
Жапалақ ортаға шығып:
-Менен басқа құстар түнде ұшып көрген емес,-деп мақтаныпты.
Құстардың көбі өзін-өзі мақтаған екен.
Сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан:
-Сен неге үндемейсің?Сенің қандай қасиетің бар?-деп сұрапты.
Сұңқар:
-Менің үндемей тұрған себебім,өзімде түрлі қасиет те жоқ,бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқты шаршамай ұшу,-депті
Бүркіт:
-Бір басыңа осы қасиет те жетеді.Маған сен ғана дос бола аласың.Шыншыл екенсің,-депті.
Содан бері биікте бүркіт пен сұңқар ғана самғайтын болыпты.
Сұрақтар:
- Қалай ойлайсыңдар бүркіт неге өзіне дос қып сұңқарды таңдап алды?
- Бұл адал достыққа жата ма?
- Сендердің адал достарың барма?
5. Бейнефильм көрсету
Оқушыларға <<Достық туралы>> бейнефильмін көрсету. Бейнефильм жайлы пікір алмасу
6. Шығармашылық тапсырма
1.ТОП: оқулықта берілген жағдаятты талдаңыз
2.ТОП: оқулықта берілген жағдаятты талдаңыз
3.ТОП: адал достыққа тән қасиеттерді жазу
4.ТОП: достық туралы мақал-мәтелдер жазу
7.Топпен ән айу
<<Достарым>>
1.Достарыммен шаттанамын мен,
Әрқайсымен мақтанамын мен
Арқа сүйер достарым барда,
Атар таңға аттанамын мен.
Сендерсіңдер менің қорғаным,
Сендерсіңдер жасыл орманым
Жанымдағы асыл достарым,
Аман-есен жүрсе болғаны.
Мынау жарқын өмірде,
Дақ түсірмей көңілге
Бір жүрейік достарым менің.
Шыдау керек өмірде,
Ауырға да жеңілге,
Менің жарқын асыл достарым.
Әннің әуенің қосу
8.Үй тапсырмасы:
<<Достық>> сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
9.Соңғы тыныштық сәті
Көздерімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақты ой елегінен өзкізіңіздер. Бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын. Тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз... енді көздеріңізді ашсаңыздар болады.
Сабағымыз аяқталды, келесі аптада кездескенше сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz