Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөз таптарын ата

Бекітемін:
Мектеп директоры: Н.Сарымбаева

Тақырыбы: <<Белсенді бестік>>
Мақсаты; 1.Оқушылардың білімгдеген құштарлығын,ізденісін,
қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
2.Оқушыларды еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге
шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3.Топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа баулу.

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Өтілу орынын дайындау
- Қатысушыларды орналастыру.
Адамға ең керегі білім деген,
Білімсіз ол қатарға ілінбеген.
Ойлама білім алсам қор болам деп,
Тұрғанда мына заман күлімдеген.
Армысыздар құрметті ұстаздар! Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын
ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Ия,Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды, зердеге тоқудың нәтижесі. Ендеше бүгінгі сайысымыздың ұраны: Барлық оқушы:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Олай болса <<Белсенді бестік>> интелектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Болды дейміз жарасымыз жемісті,
Озып шығар кім білімді, кім күшті.
Әділқазы, алқасына жүгінсек,
Бере дейміз әділдікпен жеңісті.
Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар
Қуанып шаттанып,күлу де бар.
Білімдерін тамашалап,отыр қауым,
Сайыста әділқазы тағы да бар - дей отырып әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Бір қала,бір мектептің түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
<<Бірлік барда-тірлік бар>>деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз- дей отырып бүгінгі сайысқа қатысатын топтарымызбен танысып алайық.
топ: <<Тапқырлар>> тобы
топ: <<Алғырлар>> тобы
топ: <<Ойшылдар>> тобы

Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін
<<Жамбы ату>> кезеңі (сұрақтар қойылып жауап алынады. Жауаптар әртүрлі болуы мүмкін)
<<Көкпар>> кезеңі (көп әріптен құралған сөздер беріледі. Соның ішінен сөз тауып жазу керек)
<<Аударыспақ>> кезеңі (мақалды олықтырады)
<<Ұшқыр ойдан ұтымды жауап>> кезеңі (математика пәні бойынша сұрақтарға жауап алу)
<<Белсенді бестік>> кезеңі (әртүрлі қызықты сұрақтарға жауап алу)

ІІ. Негізгі бөлім
Асыл тастан,өнер жастан,
Шығады деп дарындар.
Қабылдаңыз шын жүректен,
Жеңіс сізге тілейміз.
Толағайдың тасындай,
Ұландардан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
Қаласаң біз осындай - дей отырып сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.

<<Жамбы ату>> кезеңі
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Үшке үнді, ұяң, қатаң
Бастауыш дегеніміз не?
"Сен ұйықтап жатқанда" әңгімесі кімдікі? Бердібек Соқпақбаев
Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсарин
Адамның сезім мүшелерін ата. тіл, мұрын,тері.
16 желтоқсан қандай мереке? ҚР Тәуелсіздік мерекесі
Ең тұңғыш қазақ ғарышкері кім? Т.Әубәкіров
Біз қай ауданда тұрамыз? Еңбекшіқазақ ауданында
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Екіге жуан-жіңішке
" Баяндауыш дегеніміз не?
Джаз дегеніміз не?Негрлер халық музыкасының негізінде пайда болған жанр
Жоғалып бара жатқан өсімдіктер қайда тіркеліп, қорғауға алынады?Қызыл кітап
9-мамыр қандай мереке? Ұлы жеңіс меркесі
ҚР гимнің авторын ата?Н.Жұмекенов,Н.Ә.Назарбаев, Ш.қалдаяқов
Біз қай ауылда тұрамыз? Қайрат ауылында
Сөз таптарын ата. Зат есім, Етістік, Сын есім, Сан есім
" Зат есім дегеніміз не? Заттың атын білдіреді
Суық түстерді ата? Көк, қара, қоңыр,көкшіл, сұр
Жануарлар тобын ата. жәндік,сүтқорек,балық,қосмекн,құс,жорғалауш.
1-мамыр қандай мереке? Қазақстан халықтарының бірілігі
ҚР тұңғыш президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
Біз қай облыста тұрамыз? Алматы облысында
Етістік дегеніміз не? Заттың іс-қимылын білдіреді
Тұрлаулы мүшелерді ата? Бастауыш пен баяндауыш
ҚР-ң туының авторын ата? Шота-Аман Уәлиханов
Желбағар деген не?Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал
22-наурыз қандай мереке? Мұсылман елінің жаңа жылы
Жамбыл Жабаев кім? Жыршы, ақын, ХХІ ғасырдың Гомері
Біз қай Республикада тұрамыз? Қазақстан
Сын есім дегеніміз не? Заттың сынын түрін түсін білдіреді
"Жазғытұры" кімнің шығармасы? АБАЙ
Судың күйлерін ата? Қатты, бу, сұйық
Елтаңбаның авторын ата?Мәлібек Ниязбеков
Қашықтықты табу үшін не істеу керек? Жылдамдықты уақытқа көбейту
8-наурыз қандай мереке? Әйел-қыздар мерекесі
Ас қорыту мүшелерін ата. ауыз қуысы, жұтқыншақ,өңеш,қарын ішек.
Біз қандай елміз? Тәуелсіз елміз
<<Көкпар>> кезеңі
сөз <<мемлекеттігімізді>>
сөз <<қарапайымдылықты>>
сөз <<құрамдастықтың>>
<<Аударыспақ>> кезеңі
Жүз мүйізі бар
Үстінде киізі бар (киіз үй-юрта-)
Күш-білімде
Білім- (кітап- книга-)
Бір санға өсірді
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді (сынып-класс-)
4) Талабы жоқ жас-қанаты жоқ (құс-птица-)
5) Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз (тоңазытқыш-холодильник-)
6) Бас кеспек болса да, кеспек жоқ (тіл-язык-)
7) Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. (доп-мяч-)
8) Білім-теңіз, -кеме. (мектеп-школа-)
9) Ағайынды бес туыс
Жамылатын тоны бар,
Бесеуінде бір қуыс (қолғап-перчатки-)
10) Көсем ел бастар,шешен...бастар. (сөз-слова-)
11) Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц-)
12) Өнер алды - .... тіл (қызыл-красный-)
13) Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар (сіріңке-спички-)
14) .....-көңілі балада. (ана-мать-)
15) Болса да көкте мекені
Кездеспейді екеуі (ай мен күн,луна и солнце )
16) Білекті бірді жығар,.....мыңды жығар (білімді-умный-)
17) Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады (жұмыртқа-яйцо-)
18) Досы жоқ адам,
.........жоқ тағам (түз-соль-)
19) Сырты қызыл,іші тәтті,
Жеген жанды таңыртқатты. (алма-яблоко-)
20 .......-мектеп жүрегі (МҰҒАЛІМ-УЧИТЕЛЬ-)

<<Ұшқыр ойдан ұтымды жауап>> кезеңі
Қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық есептерді шешкен басқа да пайдалы. Ендеше, іске сәт! Білетін есептерімізді ортаға салып, кімнің ойы жүйрік екенін байқайық бір.
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
2. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
3.Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
4.Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.
5.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
6.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
7. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат - үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
8.Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
9.Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
10.Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
11.Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
12.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
13.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
14.Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
15. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
16. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
17. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
18. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
19. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
20. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?

<<Белсенді бестік>> кезеңі
:: Досың кім?
:: Ертегі оқисың ба?
:: Анаңның аты кім?
:: Қай көшеде тұрасын?
:: Қай пәнді жақсы көресің?
:: Жасың нешеде?
:: Кемірқосақты қашан көруге болады?
:: Шашыңның түсі қандай?
:: Нені жақсы көресің?
:: Кімге сәлем жолдайсың?
:: Әкеңнің аты кім?
:: Қай қалада тұрасың?
:: Қандай киімді жақсы көресің?
:: Сенің есімің кім?
:: Бүгін сенде неше сабақ?
:: Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
:: << Кел, балалар, оқылық!>> кімнің өлеңі.
:: Тірі табиғатқа не жатады?
:: Ұзындық өлшем бірліктері?
:: Сөз таптарын ата?
:: Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
:: Мәтін түрлерін ата?
:: Түбір дегеніміз не?
:: <<Табиғат>> деген не?
Сіз ұшақта отырсыз, Сіздің алдыңызда жылқы, артыңызда көлік тұр. Сіз қай жердесіз? Әткеншекте.
Жасыл адамды көрген жағдайда не істеу керек? Көшеден өту.
Бұл не: Көзі көрмейді, қанаты ұшпайды? Кәрі қарға.
Қай өсімдік түрін бәрі біледі? "Анау" өсімдік
Бір көз, бір мүйіз, бірақ, мүйізтұмсық емес? Бұрыштан сығалап қараған сиыр.
Не болуы мүмкін: ұзындығы - 15 см, ені - 7 см және қыздарға қатты ұнайтын нәрсе? 100 долларлық банкнот.
Бір қолшатыр астында алты бала, екі ит, төрт ересек қайткен жағдайда су болмайды? Егер жауын жаумаса.
Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз? "Дұрыс емес" сөзі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді,
Дұрыс, әділ шешімін. - дей отырып қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.

<<Қайрат орталау мектебі>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі

<<Жас Қыран>> біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының
жоспарына сәйкес ұйымдастырылған бастауыш сыныптар арсындағы
Зияткерлік сайысы
Тақырыбы:
Белсенді бестік

2016 - 2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру
Еліктеу сөз
Сөз таптары. бекіту
Зат есім сұрақтарын ата
Сөз таптары. зат есім
Сөз таптарын қайталау жайлы ақпарат
Білімділер мекені зияткерлік сайыс
Сөз табы. Сабақтың тақырыбы
Анықтауыш
Қазақ тілі оқулығы
Пәндер