Арқалық политехникалық колледжіндегі студенттердің таланттарын іріктеу концерті: Біз таланттыларды іздейміз

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

Арқалық политехникалық колледжі

Тәрбиеші Нурпазилова Биби Калиевна

Тақырыбы: « Біз таланттыларды іздейміз»

Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында дарынды, талантты жастарды іріктеу болып табылады.

(Фанфар)

1-жүргізуші. Кеш жарық ортаға жиналған қауым! Сіздердің көңілдеріңізге

« Біз таланттыларды іздейміз атты » концерттік бағдарламасын ұсынамыз.

2-жүргізуші . Бүгін бізде өте ерекше күн. Себебі, бүгін, тура осы кеште бізден

жасырынып жүрген таланттарымызды табамыз.

1-жүргізуші.

Жете бер аңсап күткен тілегіңе

Қылаудай дақ түспесін жүрегіне

Отанның ел жұртының мақтаны бол.

Талантты болып жүр өміріңе.

2-жүргізуші. Біз әр адам өзінің талантын көрсетіп биік шыңдарға жете берсін деп айтқымыз келеді. Әр адам өз ішінен талантты. Мысалы біздің жатаханымызда биші күйші, әнші деген таланттарымыз бар.

1-жүргізуші. Бірақ біз осы таланттарымыздың 3-4 есе көп болғанын қалаймыз. Осы кешті біз «Талантты достарымыз көп болғай» деп «Біз таланттылар кешін бастаймыз».

(бірге айтылады)

2-жүргізуші.

Үлкенге әрдайымда сөзді берген,

Жақсының насихатын азық еткен.

«Біз таланттыларды іздейміз» атты -кешін бастау,

Силының сөздеріне кезек берген- дей келе бүгінгі кеште асыл сөздің маржаның теріп айтатын, төрде отырған қонақтарымызға береміз. Зерделі сөздің кезегін Арқалық Политехникалық колледжінің директоры Оспанов Асқар Сәбитбекұлына беріледі.

1-жүргізуші. Асқар Сәбитбекұлы, Гүлзада Байдрахманқызы, Салтанат Мырзалиевна сіздерден әділқазылар алқасының орнына жайғасуларыңызды сұраймыз.

2-жургізуші.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсен менші сүй деп Абай атамыз айтқандай әсем әнмен ортаға Мейрамғалиева Жанеркенің орындауында «Мереке» әні.

1-жүргізуші.

Көтеріп көңіл күйді

Ән мен биде

Көтереді көңілді әзіл сөзде,

Әдемі әзіл астарлы сатирамыз.

Квн басталады біздің төрде. Көңілді көрінестерін бастайтын 5-қабат қыздарын шақырамыз.

2-жүргізуші.

Өнерлінің өнерін

Қане байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Ән мен жырға кезек берейік.

Қалдырашов Ерасыл « Мама» әні.

1-жүргізуші.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле,

Аққудай қалықтаған теңіздегі.

Әншілер өнерлерін көрсетуде.

«Алдаймын» әнімен Сұлтанова Айгүл

2-жүргізуші.

Кімдер жүйрік өнерпаз біздер көрдік,

Өнеріне сүйсініп баға бердік

Өнерлінің өнері шарықтасын,

Сәттілік бақ-жұлдызын жарқырасын дей келе

Флешмоб топтық би.

1-жүргізуші.

Махаббатсыз адам мәңгі тұра алмас,

Сезім деген махаббатпен құрамдас

Жұрттар тапса бірге болу амалын.

Махаббатта амал барма алынбас.

дей келе өнерлі жігітіміз Досболұлы Алишер орындауында « Ханшайымым»

әні.

2-жүргізуші.

Мында назар салайық,

Әсем әнді тамашалайық.

Әнші қызымыз Жаманбалина Салтанаттың орындауында «Туған жер» әнін

тамашалайық.

1-жүргізуші.

Әуелетіп ән айтар,

Әнші жігітіміз Амантайдың орындауында «Қазақ жастары».

2-жүргізуші.

Көркемдеп тізбектеген сөз маржанын,

Айтады асыл ойдың жан сырларын.

Көркемдеп, мәдениетті сөйлеу шебер,

Әрбір жан өз тілінің жауһарларын.

Ортаға көркем сөз шеберлері: Балтабай Мадина, Смайлова Жанат.

1-жүргізуші.

Сымбаты сән киімі жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрған таланты мен талабы шарықтасын.

Биші ұл қыздарымыз «жастар» биімен

2-жүргізіші.

Езуге күлкі жинаған,

Жігіттер бар сахнаға сән силаған.

4-қабат өнерпаздары КВН қойылымы.

1-жүргізуші.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада әнші қызымыз ән айтады,

Халайық қол соғады мархабатты.

«Ризамын» әнімен Сансызбаева Адэлина.

2-жүргізуші.

Ортаға әнші қызымыз Кенжебек Айсулудың орындауында әнді тамашалаңыздар.

Қазылар алқасы әділ бағаларын ой- иелегінен өткізгенше.

1-жүргізуші.

Әсем ән -тамаша рух сыилайтын.

Әдемі әнші ұлдарыңыз Өтеулин Ғасыржанның орындауында «Мөлдір көздерің» әнің тамашалаңыздар.

Ендігі кезекті Қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Келесі кездескенше сау болайық,

Осымен концертіміз аяқталды.


Ұқсас жұмыстар
Арқалық политехникалық колледжіндегі Абай мұрасы: халық ұлағаты
Арқалық политехникалық колледжіндегі Жетістікке 10 қадам сайысы: ұйымдастыру, өткізілуі және нәтижелері
Арқалық политехникалық колледжінің Өнерлі өрендер кеші: концерттік бағдарлама (2015)
Арқалық политехникалық колледжінде өткізілген Достық тақырыбындағы тәрбие кешінің сценарийі
Біз білімділерді іздейміз: 7-сыныптарға арналған интеллектуалдық сайыс сабағы
Арқалық политехникалық колледжінің Ақ Ару - Ер Сұлтан студенттік байқауының сценарийі
Маңғыстау политехникалық колледжіндегі дене тәрбиесінің әскери-спорттық және патриоттық аспектілері
Адамгершілік тәрбие және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру: Арқалық политехникалық колледжінің тәжірибесі
Арқалық политехникалық колледжінің Наурыз мерекесіне арналған мерекелік-концерттік бағдарлама: сценарий және тәрбиелік-дамыту мақсаттары
Тәуелсіз елдің тірегі - білімді жастар жүрегі: Арқалық политехникалық колледжінің танымдық сайысы (2014)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz