Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұғалімнің шығармашылық есебі

Мұғалімнің шығармашылық есебі
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда АКТ тиімді қолдану
Мақсаты: Сабақтарында және сабақтан тыс уақытта ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып білім деңгейін арттыру.
Міндеттері: Ақпараттық - коммуникациялық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралыгын қалыптасытру үшін: -- оқушының дайындық деңгейін , ынтасын және қабылдау жылдымдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесінде жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
Оқушылардың ақпаратпен жұмыс іскерлігін қалыптастыру,
комуникативтік қабілетін дамыту,
- ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау, берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру, зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Мен мұғаліммін... Осы бір ауыз сөзді талай сыр, талай мағына жатыр десенізші.Өзін мұғалім деп санайтын адам қандай болу тиіс? Әрине, ол - сананы да, сапалы білім беретін жеке тұлға. Әріптестерім, оқушыларым менің бойымнан әрқашан да білімді, жан-жақты алға қойған мақсатына жете алатын адамды көру керек. Жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, үнемі алға ұмтылу және өз ісіне талдау жасай білу, ізінді басып келе жатқандардың қатеспей, жақсы нәтиже көрсету үшін болашаққа зор үмітпен қарау- мұғалімнің басты міндеті. Мені, осындай мұғалім ғана өз білім нәрімен сусындататын оқушыларын да алдына мақсат қойып, үнемі ізденуге, жарқын болашаққа ұмтылуға тәрбиелей алады...
Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру ғана емес, жаңа технологияларды қолдану ғана емес, керісінше ол оқушылардың шығармашылық
ойлау қабілетін, өздік танымдық біліктілігінің дамыта отырып білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Міне осы-мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Қазақстан Республикасы <<Білім туралы>> Заңының 8-бабында <<Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу>> деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: <<Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім>>. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Бүгінгі заман әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология негіздері болып табылады.Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр.Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Нәтижесінде оқушы:
Мен істеймін - өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек - пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын - өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз <<ақпараттық жарылыс>> дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде.
АКТ оқыту мақсаты
:: бағдарламалау дағдыларын дамыту;
:: мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды
пайдалануға үйрету;
:: интернеттен ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;
:: желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі .
АКТ пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білі мін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Мысалы:Дүниетану пәнінде бақылау жүргізгенде фотокамера немесе телефондарға түсіру тапсырылады. Ол оқушының бақылау арқылы зерттеу жұмыстарына қарай ұмтылғанын байқаймыз. <<Жануарлардың алуан түрлілігі>> тақырыбында өткізілген сабақта оқушыларға топта ұжымдаса отырып, бірнеше жануарлардың фото суреттерін түсірген. Енді топ аралық жұмыста олар жануарлардың айырмашылығы мен ұқсастығына назар аудару ұсынылғанда фотосуреттерді алмастыра отырып бақылап, нәтижелерін қорыта айтқан оқушыларда табылды. Ауыл мектебі болуына байланысты оқушыларымыздың көбінде үй жануарлары бар. Сондықтан бақылау-зерттеу жүргізген кезде оқушылар шынайы белсене кірісіп нәтиже шығара білді. Оқушылардың жасаған жұмыстары және олардың ұялы телефондағы, планшеттегі, ноутбуктағы бейнелер қызығушылық туғызып, табиғатқа, үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арта түсті. Өз іс-тәжірибемді насихаттауда <<Педагогтың кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты>> атты білім беру қызметкерлерінің бірінші Республикалық педагогикалық оқуларында <<Бастауыш сыныпта АКТ тиімді пайдалану>> атты жобам облыста І дәрежелі дипломмен , республикада <<Үздік жоба>> атанды.(2013ж) Бүгінгі білім беру мазмұнын жаңарту жаңдайында бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту барысында қашықтықтан жүргізілген конференцияларға , семинарларға , педагогикалық сайыстарға қатысу заман талабы болып отыр. Осы орайда Республикалық ғылыми - педагогикалық орталық <<Білім - Образование - Education>> ұйымдастырған педагогикалық сайыста <<Геометрия бастамалары>> атты бастауыш сыныптарға арналған электрондық құрал <<Үздік педагогикалық жоба>> атанып , мен ІІ дәрежелі диплом иегері болдым.(2016ж). Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы- бастауыш мектеп және білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы бізге, ұстаздар қауымына байланысты екенін терең түсіне отыра өзім әрқашан жаңалыққа ұмтылып , кәсіби өсудемін.

Бастауыш сынып мұғалімі: Хамзина .Р.Қ

Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Құзыретті оқушы
Мұғалімдердің және сынып жетекшілерінің тоқсандық есебі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бағалау критерийі
Жас маманмен жұмыс жоспары
Оқушылар жетістіктері
Оқушылар жалпы
Ұлан - бастауыш сынып оқушылар буыны
И.Б айзаков Алтай
Пәндер