Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Архимед күші жайлы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы
Абай атындағы мектеп-лицейі
Рахымжанова Бақыт Құсманқызы
физика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Архимед күші.
Сабақтың мақсаты: Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші
күш ұғымдарын қалыптастыру.
Білімдік міндет: Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері
итеруші күштің қандай физикалық шамаларға байланысты екендігін білу
міндеті.
Дамыту міндеті: Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге кері
итеруші қысым күші туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау
белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік міндет : Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір
алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырып өту.
Сабақтың түрі: Интерактивті, зерттеу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, интерактивті тапсырмалар,
штатив,
динамометр, көлемдері бірдей, массалары әр түрлі заттар, көлемдері әр
түрлі ,массалары
тең заттар, тығыздығы әр түрлі сұйық (су мен керосин ), Архимед шелегі.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырып.
1-тәжірибе:
Массалары тең, көлемдері әр түрлі екі денені динамометрге іліп, кезегімен
ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып алып, қорытынды
жасаймыз.
Дәптерге жазу:
«Массасы бірдей екі дененің қайсысының көлемі үлкен болса, сол денеге
сұйықтың ішіндегі кері итеруші күш көп болады.»
2- тәжірибе.
Көлемдері бірдей, массалары әр түрлі денелерді алып, тәжірибені қайталау.
қорытынды жасау..
Дәптерге жазу:
«Көлемдері бірдей, массалары әр түрлі заттарға әсер ететін кері итеруші
күш бірдей болады.»
3-тәжірибе.
Денені әр түрлі тереңдікке батыру
Дәптерге жазу:
«кері итеруші күш сұйық ішіндегі тереңдікке байланысты болмайды.»
4- тәжірибе.
Бір денені алдымен таза суға, сонан соң керосинге салып, динамометрдің
көрсетуіне назар аудару, қорытынды жасау..
Дәптерге жазу
«Кері итеруші күш сұйықтың тығыздығына байланысты»
Осы жасалған тәжірибелерден қорытынды жасайық:
Сұйық ішіндегі кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға байланысты
екен ?
- Дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты екен
Дәптерге жазу :
«Кері итеруші күш дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты
болады»
Мұны формула түрінде былай өрнектеп жазамыз:
FА=Vдене*pсұйық*g Бұл Архимед күші деп аталады .
5-тәжірибе.
Оқулықта көрсетілген Архимед шелегімен жасалатын тәжірибені
жасау.
Архимед заңын тұжырымдау: «Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа
батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш
әрекет етеді .
Сабақты бекіту :
а) Электронды оқулықты пайдалану.
б) Физикалық диктант
в) Тест
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма.
Архимед туралы аңыз бойынша Архимед патша тәжінің таза алтыннан немесе
қоспа қосылғанын білу үшін қандай тәжірибе жасаған деп ойлайсың ?
Диктант
Архимед күші.
Сұйыққа немесе газға батырылған денеге кері итеруші күш (жоғары,
төмен) бағытталады.
Мысалы: Суға лақтырылған құтқару дөңгелегі қалқып шығады, серіппеге жүк
іліп, оны сұйыққа батырған кезде серіппе (қысқарады, созылады, өзгермейді)
Бұл күш шама жағынан сұйыққа батырылған дененің немесе оның сұйыққа
батып тұрған бөлігінің (массасына, ауырлық күшіне, салмағына) тең. Кері
итеруші күштің пайда болу себебі, сұйықтың немесе газдың тереңдігіне қарай
оның (қысымының, тығыздығының) артуы болып табылады.
Сондықтан ол күш денеге төменнен және жоғарыдан әсер ететін қысым
күштерінің (қосындысына,айырмасына) тең болады.
Архимед күші сұйыққа батырылған дененің (тығыздығына, көлеміне)
байланысты болмайды. Ол сұйықтың немесе газдың (тығыздығына, көлеміне)
және сұйыққа батып тұрған дененің көлеміне байланысты болады.
Тест.
1. Сұйыққа батырылған шарларға әсер ететін кері итеруші күшті салыстыр:
А. Барлық шарға әсер ететі н кері итеруші күш бірдей.
Б. Сол жақтағы шарға әсер етуші күш көп
В. Оң. жақтағы шарға әсер етуші күш көп.
Г. Ортадағы шарға әсер етуші күш көп.
[pic]
2. Бірдей серіппелерге массалары бірдей шар ілінген. Егер шарларды
толығымен суға батырса, қай серіппе көбірек қысқарады
А. Сол жақтағы.
Б .Ортадағы.
В. Оң жақтағы
Г. Барлық серіппе бірдей қысқарады.
[pic]
3. Бірдей серіппеге ілінген жүктердің көлемдері мен массалары бірдей,
бірақ пішіндері әр түрлі. Суға батырса қай серіппе көбірек қысқарады
А. Сол жақтағы.
Б. Ортадағы
В. Оң жақтағы.
Г. Серіппелердің созылуы бірдей болады.
[pic]
4. Суретте әр түрлі сұйыққа батырылған бірдей денелер берілген. Қай
ыдыстағы сұйықтың тығыздығы көп
А.Сол жақтағы бірінші.
Б. Сол жақтағы екінші.
В .Сол жақтағы үшінші
Г .Сол жақтағы төртінші
[pic]
5.Суға салынған білеушелердің көлемдері бірдей.Қай білеушенің тығыздығы көп
А. Барлық білеушенің тығыздығы бірдей.
Б.Сол жақтағы білеушенің тығыздығы көп.
В.Ортадағы білеушенің тығыздығы көп.
Г. Оң жақтағы білеушенің тығыздығы көп.
[pic]
6.Суретте сұйыққа батырылған білеушеге әсер ететін күштер көрсетілген.
Бұл білеуше . . . ,өйткені , Архимед күші ауырлық күшінен . . .
болғандықтан
А. Батады . . . аз
Б. Сұйық ішінде жүзіп жүреді . . . тең
В. Қалқып шығады . . . көп
Г.Батады . . . көп
[pic]
7. Суретте сұйыққа батырылған білеушеге әсер ететін күштер көрсетілген.
Бұл білеуше . . . ,өйткені ,Архимед күші ауырлық күшінен . . .
болғандықтан
А. . Батады . . . аз
Б. Қалқып шығады . . . көп
В. Сұйық ішінде жүзіп жүреді . . . тең
Г.Қалқып шығады , тең.
[pic]
8.Сұйыққа батырылған дене қай жағдайда батып кетеді
А. Егер ол темір болса
Б.Ауырлық күші Архимед күшінен аз болса.
В. Ауырлық күші Архимед күшіне тең болса.
Г. Ауырлық күші Архимед күшінен көп болса.
9.Әрқайсысының көлемі 0,5 м3 ,10 бөренеден жасалған ағаш салға қандай
жүк салуға болады ?
А .15 кН. Б. 85 кН. В. 1,5 кН. Г.50 кН.
10.Массасы 480 г. тығыннан жасалған пластинканы су астында ұстап тұру
үшін қандай күш жұмсау керек ?
А. 4,8 Н. Б .15,2Н В.20 Н Г.24,8 Н.
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz