Сары тауық пен балапандары

« №4орта мектеп» КММ
Тақырыбы :« Мейірімділік-асыл қасиет»
/өзін-өзі тану, ашық сабақ/
2-сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Ғ. З. Ибраимова
Талдықорған қаласы
2017ж
№ 4орта мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраимова Ғалия Зейтынқызы
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Сынып: 2 «б» 10. 02. 2017ж
Тақырып: Мейірімділік- асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Жауапкершілік, сезім, сүйіспеншілік, құрмет.
Мұғалім: Ибраимова Ғалия Зейтынқызы
Сынып - 2 «б» сынып
Оқушылар саны:28
Сабақтың мақсаты:
" Қайырымдылық", " мейірімділік" адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- қайрымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
- қамқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі : -Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы « Мейірімділік асыл қасиет» деп аталады.
Ынтымақтастық ахуал туғызу
Сабағымызды бастау үшін барлығымыз шаттық шеңберіне шығайық.
Күлімдеп күн маған /қолдарын көтереді/
Қарады маған да /қолдарын кеуделеріне қояды/
Күлімдеп күн бүгін /қасындағы балаға қарайды/
Қарады саған
Шуақпен төгіп нұр
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Мейірімді боламын.
- Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғайық.
Тыныштық сәті.
Жайлы, баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз:Біз керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік, сыйлап жатса қандай жақсы болар еді! Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар.
Ойын: «Мен қандаймын»
Оқушылырға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
Ойланайық, пікірлесейік
1топ. Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
2топ. Мейірімді істерді қалай жасауға болады?
3топ. Мейірімді адам қандай адам?
Оқушылар берілген қасиеттер бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көқ нүкте қояды.
/оқушыларды тыңдау/
«Постер құру»
Өз ойларын жеткізеді.
2. Дәйексөз
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.
М. Пришвин
3. Әңгімелеу
М. Төрежанов. «Сары тауық пен балапандары»
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кішісіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
-Оны неге шығармайсыз? -деп сұрады бір ақ балапан.
-Ол тым жас.
-Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
-Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе?Кане, мұнын орнына кім барады?-деп сұрады анасы.
- Мен, - деді тұңғышы.
- Мен барайын, -деді оған тетелесі.
-Кезекті маған беріңіз, -деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғанын жөн!- деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Оқылған әңгімеге сұрақ- жауап:
1. Сары тауық өз балапандарын қандай қасиеттерге баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін балапандарына қалай көрсете білді? Сары тауық ең кіші балапанды неге сыртқа шығармады?
3. Сары тауық өз балапандарына қандай жаман қасиеттерден аулақ болуды үйретті?
4. « Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойланайық, пікірлесейік
Сары тауық балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
/қасиеттерін жазу/
«Мейірімділік үйі» құрастырымыз
«Мейірімділік ағашы» толтырамыз
«Мейірімділік гүлін» саламыз
5. Өлең айтқызу «Анам менің»
«Болады-болмайды»тренингі
Тәртіпті болуға……. . /болады/
Ұрысқақ болуға /болмайды/
Қайырымды болуға / болады/
Кешірімдіболуға/болады/
Сыпайы болуға/болады/
Бауырмал болуға/болады/
Мақтаншақ болуғаболмайды/
Жалқау болуға……болмайды/
Мейірімді болуға……болады
Қатігез болуға………. /болмайды/
Бұзық болуға………/болмайды/
Әдепті болуға……. /болады/
Ақылды болуға…. . /болады/
Шыншыл болуға. . /болады/
Маман болуға…. . /болады/
Ойын : « Кім және не мейірімді?»
Түсіп қалған сөздерді орнына қою керек
Күлімдеген
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz