Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Спорт залы

Тақырыбы: <<Толағай>> көңілді мәре сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.
І. Салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты.
Құрметті көрермендер ! Ұстаздар! Ата - Аналар, оқушылар
барша спорт сүйер қауым!
Биылғы жылы Алматыда қысқы Универсиаданың өткізілуі алдыға үлкен стратегиялық мақсаттар қойып отыр. Бірінші кезекте Универсиада әлемде Қазақстан Республикасының табиғаты мен тұрмыстық әсемдігін паш ету керек. Және қысқы Универсиаданың Алматыда өтуі Қазақстан - 2050 стратегиялық даму жоспары аясында елді алға қойған
мақсат-мүдделерімен астасып жатуы тиіс.

28-інші қысқы Универсиада ойындарының өткізілуіне орай , <<Толағай>> көңілді мәре cайысына қош келдіңіздер
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев <<Қазақстан - 2030>> стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін <<Толағай>> көңілді мәре сайысын ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға 3 топ қатысқалы отыр.

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.

( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)
1. Жеңімпаздар тобы 2. Айбын тобы 3. Қазақстан тобы

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мырзанов Нүрбек ағай
2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбділла Бекнұр ағай
3. Тәрбие ісінің уақытша меңгерушісі Шырдабаева Ляззат апай
4. География пәнінің мұғалімі Шарипов Ерболат ағай

Әр сайыс кезеңі <<5>>, <<4>>, <<3>>, ұпайлармен бағаланады.

Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
Ендеше
1. Тур Үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут)

2 тур. <<Өз туыңды тік!>>
Шарты: Команда мүшелері скакалкамен секіреді,соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.

3 тур <<Ракеткамен шарды алып жүру >> сайысы
Шарты: Шарды белгіленген жерге дейін ракеткамен түсірмей алып журу керек
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

4 тур- <<Кім епті?
Шелектегі судан қасықтап тасып стакан толтыру
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

5 тур- <<Шайбалы хоккей>> сайысы
Шарты: Бұл сайыста Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өту
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

6 тур-<<Көпірлерден өту>>

Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни мақал - мәтелді жалғастыру

Әділ-қазы алқасы қарап болғанша Нұрлат пен Асхаттың орындауында
<<Көк тудың желбірегені>> атты әнін қарсы алыңыздар
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

7 тур - Шаңғы тебу
Шарты: Шаңғыға арналған аяқ кииімді киіп ,белгі берілген соң шаңғыны кииіп мәре сызығына барып кейін қайту

Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!

8 тур - Қапшықпен секіру
Шарты: Қапшықты аяққа кииіп мәре сызығына дейін секіріп бару.

Әділ - қазы алқасы упайларын есептеп болганша ортаға командаларды шақырамыз өздері дайындаған флеш мом биін қарсы алыңыздар
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Спорт - көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!- дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, <<Толағай>> спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір командаға , алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Ауыр доппен жаттығулар
Таулар. 4-сынып. дүниетану
Спорт –мемлекетті көтерер сала
Бүгінгі шәкірт- ертеңгі отан қорғаушы
Дербес қорғаныс
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Допты алып жүру және секiрумен тоқтаулардан кейiн допты лақтыру әдісін үйрету
Қолды еркін ұстау
"Волейбол әлемінде"
Тақырып Баскетбол ойыны
Пәндер