Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әке үміті
Тақырыбы: <<Жайықтың - ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева>>
Мақсаты: Ақұштап Бақтыгерееваның өмірбаяны мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі
1 жүргізушісі: Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 23 тамыз айында Ақжайық ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті бітірген. 1961-1966 жылдары Қазақстан қыздар пединституты филология факультетін бітіріп, еңбек жолын <<Орал оңірі>> облыс газетінде бастаған. <<Жұлдыз>> журналы (1979), <<Қазақ әдебиеті>> газеті(1967) редакцияларында <<Жазушы>> баспасында(1978) қызмет атқарды.
2 жүргізуші: Оның <<Өрімтал>>(1967) деген алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Кейіннен <<Наз>>(1969), <<Қуанышым, іңкәрім>>(1971), <<Сені ойлаймын>>(1973), <<Аққанат>>(1975), <<Бақыт әні>>(1978), <<Жайық қызы>>(1981), <<Ақ желең>>(1985), Сүмбіле (1990), Ақ шағала (2001) атты кітаптары басылып шықты.
1 жүргізуші: Ақындар үшін жырлайтын тақырыптар сан алуан. Солардың ішінде табиғат лирикасы мен туған жер ерекше орын алады. Өйткені бұл екеуі ақынның туған анасынан кейнгі екінші анасы, жанының егізі. Ақұштап ақын табиғатты сырттай тамашалап суреттемейді, онымен тілдесіп, құрбысындай сырласады. Ол әсіресе, өзінің Ақ Жайығына деген ыстық сезім, махаббатын ондаған өлең жазса да жыр етіп тауыса алмайды. Олай болса кезекті өлеңге берейік.
Мәнерлеп оқу: Елдосова Қ - 5сынып <<Астана>>, Нұрахметов Н - 5 сынып <<Шағала>>, Наженова А - 5 сынып <<Балалық дәурен>>, Алтынбеков А- 5 сынып <<Жайықта>>, Наженов А - 5 сынып <<Ауылым>>, Тулекова А - 6 сынып <<Хамза Есенжановқа, Камалова С - 6 сынып <<Сөйлейді өктемдерді ығыстырып>>
2 жүргізуші: Халқымыздың сүйікті ақын қызы Ақұштаптың да өлең жырлары қазақ поэзиясының алтын қорына мөлдір бұлақ суындай құйылып, қосылып жатқан құнды қазыналар. Ақұштаптың өзі де, жырлары Ақ жайыққа ұқсас, Жайық бірде буырқанып тулап ақса, арнасы кеңіп, жазыққа шыққанда сабырмен шалқып ағып жатады. Олай болса Ақұштапқа арналған өрелі ойларға сөз берелік.
Оқушылар сөйлейді: Жасқайратова Айнара Ақұштап Бақтыгерееваның 2001 жылы <<Өлке>> баспасынан шыққан <<Ақ шағала>> атты жыр жинағына бір шама арнау өлеңдері енген. Ақынның бұл жанрдағы өлеңдері - көркемдік, мазмұндық, жанрлық жағынан зерттей қарап, зерделеуді қажет ететін туындылар. Сағынова Айкөркем Ақынның <<Әкеме>> атты арнау өлеңі өзінің көркемдігімен, эстетикалық мазмұнымен, таным тереңдігімен ерекше.
Болса да нәзік гүл өңім,
Өсірдің еркек баладай.
Қыз деуді, әке, білемін,
Көңілің жүрді қаламай.
Қалмадым елі қасыңнан,
Мен болдым қызың, ұлың да.
Үйір ғып қойдың жасымнан
Қамшыға, асау құлынға
Осы бір екі шумақтың өзі біршама ой айтуға тұрарлық дүние. Әке махаббаты, оның қадір-құрметін бағалай білген бала көңілі. Әкелік борыш, перзент парызы. Әке үміті. Әке сенімі. Өлеңде сағыныш та, лирикалық кейіпкердің көңіл күйі де, әке образы да бар. Барлығы соншалықты шынайы, нәзік сезімталдықпен, эстетикалық пайым - парасаттың тереңдігімен өрілген өлең жолы селкеусіз, таза.
Қойшекенова Дильназ Ақұштаптың арнау өлеңдерінің арасында өзіндік ерекшелікпен дараланатын бір шоғыры - Жұбан Молдағалиевқа арналған өлеңдері. Бұл жерде ескерер үш жай бар, біріншісі Жұбан туралы өлеңдер мерейтойға емес, ақын өмірден өтіп кеткеннен кейін жазылған; екіншісі - өлеңдер сюжетке құрылмаған,бірақ кейбірінің тінінде көрініс бар; үшіншісі - бұны циклды, яғни, топтама өлеңдерге жатқызуға да болар еді. Ақұштап Бақтыгерееваның азаматтық - ақындық өнер жолында Жұбан Молдағалиевтің алар орны айрықша.
Төлекова Ақнәзік Ақұштап осы жайды өзінің арнау өлеңінде:
Ұрпағыма халім бар не дер енді,
Қорладыңдар бұл қазақ деген елді.
Қыздарымды сүйретіп бұрымынан,
Ит таласын деп пе едім немеремді, - деп Жұбан монологы арқылы береді. Ұтқырлық ақынның сөйлеген сөзін өлең өміріне түсіреалуында ғана емес, Жұбан Молдағалиевтің сол кездегі ішкі дүниесіндегі аласапыран, астаң - кестең күйді лирикалық поэзияның ерекше түрі - арнау өлеңде бере алуында да. Бұдан әрі
1 жүргізуші: Ақұштап жырларының жүрегінде жаулап, жаныңды баурайтын басты қасиеті сол сезім шынайылығы; Ақұштап өлеңдерінің қағидаға айналғандай тағы бар қасиеті-шынайы сезіммен әдемі де әсерлі ой бірімен бірі астасып, қатар өрбіп отырады. Сөйтіп екі әсерге бірдей бөлейді. Әдемі әсер алып қана қоймай, ақын бастан кешкен күйді бірге кешеміз. Олай болса кезекті әнге берейік
Сабырова Назерке <<Жайық толкындары>>
2 жүргізуші: Ақ қыз, ақ ана,әже, Ақұштап.
<<Ақ Жайық>>, <<Ақ желең>>, <<Ақ шағала>>, Ақұштап.
Зымыраған уақыт.
Сырт көзге ақын біткен өзара ұқсайды. Ол заңды да. Өйткені олардың қай-қайсысы да бір салада, дәлірек айтсақ, бір жанрда жұмыс істейді. Өйткені олардың бәрі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Өйткені олардың өмір сүріп жүрген қоғамы, қөріп жүрген дүниесі, арқалап жүрген жүктеріне шейін ортақ. Сөйте тұра сол топтың ішінен, үңіле қарасаң, өзгеге ұқсамайтын оқшау әдеби мінез, өзгеге ұқсамайтын сөзтаптам, өзгеге ұқсамайтын бояу байқалады. Ақындық ірілік, шығармашылық даралық деген, міне, осы!
Ендігі кезекті ауылдың кітапханашы апайға берейік.
Кітапханашы Гульдана: Ақынның кітаптарына библиографиялық шолу.
Қорытынды сөз: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мухамбеталиева Ш.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz