Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығы мен рухани-тәрбиелік рөлі

Жырымен жас ұрпақты тербеткен

Мақсаты:оқушы қауымға аты әбден қанық, белгілі ақын Жұбан Молдағалиев қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиев жарты ғасырға жуық үзбей қалам тартқан. Оның «Мен-қазақпын», «Жесір тағдыры», «Туған жер», «Айттым салем» сияқты туындылары оқырманды толғандырмай қоймайды. Ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әлемге мойындатқан шығармасы- «Мен-қазақпын» поэмасы.

Мен -қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген . . . -деген бейнелі өлең жолдары бүгін әркімнің-ақ аузында, қазақ ұлтының Әнұранына айналған поэма.

1-бөлім: Жұбан - эпик ақын. (кітап көрмеге шолу)

2- бөлім: Слайд көрсету.

3-бөлім: Өлеңдерін оқу.

4-бөлім: Арнау.

1-жүргізуші: Армысыздар, сөз өнерін құрметтеуші жыр сүйер қауым! Армысыздар, қымбатты қонақтар! Бойымызда ерекше мақтаныш сезімнің болуы- Жұбан Молдағалиевтың біздің жерлес ақын екендігінде.

Ән: «Мен - қазақпын» орындайтын Тасболатов Ақжол.

Жүргізуші: Қазақ поэзиясының әлемдік деңгейге көтерген, кешегі кеңестік идеологияның жалын атып тұрған кезінде:

Мен -қазақпын, белдімін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!-деп тұтас бір ұлттың атынан әнұранға пара-пар поэма жазған, ең алдымен ақындығымен, азматтылығымен, қайсарлығымен талайда тәнті еткен, көзінің тірісінде -ақ қазақ өлеңінің жыр-дариясы атанған Жұбан Молдағалиев.

Жұбан Молдағалиев - (5. 10. 1920, бұрынғы Тайпақ ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген)

  • Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы(1985), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978) . 1940ж. Орал ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, 1940-1947 жылдары әскер қатарында болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948-1952 жж. «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, 1958-1963ж. ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды. КСРО және Қазақстан Жазушылар Одақтары басқармаларының мүшесі, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Әдебиет, көркемөнер және сәулет саласында Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің, «Новый мир»журналы, «Библиотека поэта» басылымында ақылдастар алқасының мүшесі болды. Молдағалиевтің «Ленин тірі» атты алғашқы өлеңі Орал облыстық «Комсомол ұрпағы» газетінде 1939ж. басылды. КСРО Қорғаныс министрлігі сыйлығыныңлауреаты және А. Фадеев атындағы алтын медальдің иегері. Ол бірнеше орденмен және медальдармен марапатталды. Туған ауылында, Орал қаласында Молддағалиевтің есімімен аталатын кітапханалар бар. Сондай -ақ 1990 жылы облыстағы жоғары оқу орны студенттеріне арналған Жұбан атындағы стипендия тағайындалды, облыс орталығында ескерткіш орнатылды.

Жүргізуші: «Мен-Жұбан төрт баланың кенжесі едім» Жайық өзеңінің сол жақ бетіндегі Азынбай-Тайпақ деп аталатын алқап-Жұбан Молдағалиевтың кіндік тамған жері, дәлірек айтсақ, осы өңірдегі далалық өзен- Өлеңті бойындағы Жыланды аумағының Шеген қыстағында 1920жылы күзде Байбақты руының Құл деп аталатын тармағына жататын Молдағалидың кенжесі Жұбан өмірге келді.

Жүргізуші: Басқа жер жылады ма, жұбанды ма,

Шаттықта шек болмаған Жыландыда.

Бақырып басына елді көтеріп

Дүниеге келген Жұбан мұнда , -деп тереңнен толғанып, өзінің кіндік қаны тамған жерін қастерледі.

Өлең: «Туған елге». Алмас Нұржанұлы.

Жүргізуші: Осындай ыстық леп, туған жері туралы толғану Жұбан шығармашылығының көбіне тән. Жалпы ақынның соңында қалған мұраларының ішінде оның туған жер туралы дастандары мен очерктерінің орны бір төбе.

Өлеңім- өреңдерім, өркендерім,

Жаңарған жомарт жерің, көркем көлің

Даламның даңқындай боп тұршы биік,

О, Батыс Қазақстан- өлкем менің!, - деген жалынды жырларымен қатар, «Жесір тағдыры» поэмасы, «Тайпақ таңы» очеркі т. б. туған өлкесі жайлы толғаған шығармаларында мәдени өмірге үлкен мән беріп, ормандай ой береді.

Өлең: «Сағындым сені, Жайық». Нигметаллиева Камила.

Жүргізуші: Тайпақтан сонау тапшы іздеп,

Майданшы солдат анасын.

«Қарағым қашан қайтар»деп

Сағынған шығар баласын, -деп келетін жолдар кезінде ана мен бала сағынышының сыры сияқты қабылданады.

Өлең: «Ана туралы баллада». Дастан Русланұлы.

Жүргізуші: Мен қазақ әйеліне қайран қаламын,

Жайнаған, жалындаған, жайрандаған.

Сол менің жүрегімнің ханшасы,

Өлең: «Менің халқым». Латифова Айнара

Ән: «Еділ мен Жайық» орындайтын Калекенова Бибінұр.

Жүргізуші: Жұбанға арнап шығар оқушыларымыздың өлеңдеріне көңіл бөлейік.

Жүргізуші: Ж. Молдағалиев бұл ұрпақтың рухани көсемі болды. Оны қараушылардан қорғады, сөйтіп, ғасырлар бойы бостандық аңсаған халқының алдында перзенттік парызын өтеді.

Жатады жылдар өтіп, жыл ескіріп,

Жүрсін тек парызымның үні естіліп.

Парыз да клеткадай, жүрегімдей-

Тұрады тамырға қан үлестіріп, - демекші, Жұбан ағамыз біздің барша оқырмандарымыздың жадында, зердесінде мәңгілік қалатын арқалы ақын, айбынды азамат. Елін ерлікке, бірлікке үндеген, қаһарман халқымыздың қастерлі тарихын жырлап, содан үлгі алуға шақырған ақын жырлары мәңгі жасай бермек. Осымен «Жырымен жас ұрпақты тербеткен» атты поэзия кешіміз аяқталды.

C:\Users\Admin\Desktop\Дария\жұбан оқулары\IMG-20161013-WA0008.jpg C:\Users\Admin\Desktop\Дария\жұбан оқулары\20161005_113257.jpg


Ұқсас жұмыстар
Ж. Молдағалиевтің Ар-ұят туралы өлеңі: әдеби талдау мен тәрбиелік сабақ
Жанұя мен мектептің тәрбиелік рөлі: рухани-адамгершілік тәрбие және оқу белсенділігін қалыптастыру
Кітап - сарқылмас рухани әлем: тарихы, тәрбиелік және білім беру рөлі
10-сынып оқушыларымен Жұбан Молдағалиевке арналған сыныптан тыс шараны ұйымдастыру тәжірибесі
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы мен рухани мұрасы туралы ашық сабақ
Абай мен Шәкәрімнің діни мұрасы: рухани-адамгершілік және тәрбиелік маңызы
Өзін-өзі тану пәніндегі мұғалімнің рухани-адамгершілік рөлі
Абай мұрасы: әдеби-рухани ұлағат пен тәрбиелік мәні
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшісінің рөлі мен тәрбиелік жұмысы
Ақұштап Бақтыгерееваның өмірбаяны мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz