Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Хабарлы сөйлемнің соңында

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан,
<<Пески орта мектебі>> КММ
Нуртазина Бақтыгүл Ержанқызы
11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау
Сабақтың мақсаты: Білімділік - оқушылардың білімін тексеру, бақылау, толықтыру арқылы білім сапасының артуына ықпал ету;
Дамытушылық - жеке басының қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар беру, өзін өзі тану аумағын кеңейту;
Тәрбиелік - оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбекқорлыққа тәрбиелеу және де ауыл жастарының өнегелік қасиеттерін қалыптастыруға, отансүйгіштікке, еліне, жеріне деген махаббаттарын оятып, адал қызмет етуге баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: іздену, талдау,ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,сұрақ-жауап жүргізу;
Оқыту технологиясы: Блумның мақсат қою технологиясы

Білу
Бейнебаянды тамашалау
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін мына бейнебаянға назар аударайық
Бейнебаянды тамашалау.
Балалар, бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп ойлайсыңдар?
Дұрыс, мамандық таңдау , сіздер болашақ мамандықтарыңды таңдап алдыңдар, сондықтан қазір біз сіздермен мына тақтада тұрған алма ағашынан өздерің жақсы көретін (қызыл және көк) алманы таңдап алып, сыртына өз мамандықтарыңның атауын жазыңдар , <<Шығыс базары>> енді себетке салып араласқан алмадан бір алма таңдап алайық. Енді түс бойынша топқа бөлінеміз, ал сендердің қолдарыңда біреудің мамандығы, яғни Саша сабақтың соңында Бүркіттен өз мамандығын сатып алады, ол үшін әрқайсымыз сабақ барысында жақсы жұмыс жасайық.
Түсіну
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді түсініп оқы.
Мәтін бойынша досыңа 1 сұрақ қой
Қолдану
Сөйлесу

Ой бөлісу
<<Карусель>> әдісі
Мына мақалдардың қайсымен мәтін мазмұнын қорытындылауға болады?
Қай мақал-мәтелдер мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
1.Көз қорқақ, қол батыр.
2.Оқығанды айтпа, тоқығанды айт.
3.Бес саусақ бірдей емес
4.Талаптыға нұр жауар.
5.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
6. Жаман жолдастан,
Таяғым артық.
7.Аз сөз-алтын,
Көп сөз-көмір.
8.Еңбек етсең, емерсің.

Талдау
аттестацияға дайындық

<<Қытайша ет>>
2-тапсырма.
А.Берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.
В. Қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жаса.
С. Сөйлемді сөз құрамына талда.

І.Биік шың адамға оңайлықпен келмейді.
ІІ. Бүгінгі таңда түлектер сұранысқа ие мамандықты таңдаулары керек.
Дұрыс жауап кілт арқылы бірін-бір тексереді.
Бағалау парағын толтырады
Жинақтау
<<Бес жолды өлең>>
1 зат есім <<мамандық>>
2 сын есім
3етістік
4 сөзден сөйлем
5 ассосация немесе синоним
Біліміңді тексер!
1.Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемді ... ... деп атаймыз.
2.Баяндауышы мүлде жоқ сөйлемді ... ... дейміз.
3.Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді ... сөйлем дейміз.
4.Ойға қатысты барлық сөйлем мүшелері бар сөйлемді ... сөйлем дейміз.
5.Толымсыз сөйлем көбіне ... кездеседі.
6.Батауышы бар сөйлемді ... сөйлем дейміз
7.Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай ... бөлінеді.
8.Жай сөйлем құрамына қарай ... бөлінеді.
9.Сөйлеушінің көңіл-күйін білдіретін сөйлемді ... сөйлем дейміз.
10.Хабарлы сөйлемнің соңында ... қойылады.
11. <<Жаз. Қайнаған күн.>> ... сөйлем.
12.Сұраулы сөйлем ... ... немесе ... ... арқылы жасалады.

Жауап кілті арқылы бірін-бірі тексеру

Бағалау
Бағалау парағы бойыншасабақ барысында жинаған ұпайлар санына қарап, өз досына тілегін білдіреді.
Саша, сен тамаша экономист боласың, себебі бүгінгі сабақта (........қандай?) болдың.
Міне, сенің қалаған мамандығың. Болашақта саған сәттілік тілеймін
Кері байланыс

Ұқсас жұмыстар
Сөйлем айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді хабарлы сөйлем сұраулы сөйлем лепті сөйлем
Лепті сөйлем. Сөйлем туралы
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. 3 сынып
Сөйлем түрлері. хабарлы сөйлем. лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем. бұйрықты сөйлем
Сұраулы сөйлем. қазақ тілі, 2 сынып
Хабарлы сөйлем. 2 сынып
Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру
Сөйлем сөзден
Сұраулы сөйлем туралы
Пәндер