Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қош бол, сүйікті бастауышым
Шалдай жалпы орта білім беру мектебі
<<Қош бол, сүйікті бастауышым!>>
Өткізген:Бастауыш сынып мұғалімі
Разина Асемгуль Каскырбаевна
<<Қош бол, сүйікті бастауышым!>>
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: <<Шуағын төккен 4 жыл>> фотомонтажы.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздерінде жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы азаматтары боп, бастауышпен қоштасқалы отыр.
<<Қош бол сүйікті бастауышым>>атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4<<а>> сынып оқушыларын ортамызға!
(Әуен ойналып, оқушылар ортаға шағады)
Фанфары
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Жүргізуші:
-Құттықтау сөз кезегі мектеп директорына беріледі.
1 - жүргізуші
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 - жүргізуші
Армысыздар, ұстаздарым - әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
1 - жүргізуші
Бүгін, міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әнімен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жанар болашағы шамшырақ.
1 - жүргізуші
4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз бүгін білімнің негізі болатын бастауышты тәмамдап, қанаттары қатайып бастауыш сыныппен қоштасқалы тұр.
Оқушы
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
<<Ұстазға мың тағзым>>әні.
Оқушы
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
<<Білім көзі>> деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
1 оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3 оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4 оқушы:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Хор: <<Ардақты ұстазым>>
5 - оқушы:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын <<Ұстазым>> деп басымды иіп.
Ән: Ұстазым
2 - жүргізуші
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: <<Отан>> деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Хор: <<Қасиетті домбыра>>
Мұғалімдерге арнау.
Іс келгенде алдыңызға
Жан салмайтын адамсыз
Ер мінезді, көрікті
Керімбала ұстазымыз.
Күні бойы тынбаған,
Силастықтың үлгісі
Сабырлы біздің Рауза апай
Ұқыптылыққа баулыған.
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
Гүлсім апай деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көріп арнаймыз жақсы өлеңді.
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Күляш ұстазға мың сәлем!
Өзіңді өзің тани біл деп
Жақсылық пен тазалыққа
Ұмытыл деп
Жүректен-жүрекке жылу беріп
Баян апай бағыттады біздерді
Кім білмейді біздің Асхат ағайды
Спорт десе жоқтан ол бар жасайды.
Қашанда спортзалдан табылатын
Жұрт оны <<денсаулыққа жаршы>> атайды
Асхат ағай ұл - қызыңыз жүлдегер боп,
Түссінші алшасынан асығыңыз
Қашанда биіктерден қол бұлғасын
Азаматқа лайық әр ісіңіз!
Ұлдар <<Джентельмен>>биі
оқушы
О, менің ардақтаған, асыл анам,
Ақылмен, ақ сүтімен асыраған
Айналдым қасиетіңнен әрқашанда,
Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.
оқушы
Теңейміз аналарды аппақ таңға,
Теңейміз аруларды шапағатқа.
Ана деп ән саламыз, жар саламыз,
Бас иіп <<ана>> деген асыл затқа
<<Менің анам алтын,сенің анаң алтын>> әні.
Жүргізуші:
Ата-аналарға сөз беріледі.
Көрініс
<<Ай дидарлы анашым>>
Қыздар биі
оқушы
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден
Бастауышым - балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын
оқушы
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз алғашқы ұстазбенен,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып
Төрт жылда міне тез - ақ өткірді.
Білім жолда өтті талай өткелді.
Әліппені, ана тілін үйреткен
Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.
Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдында ұзақ жолың бар.
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман - есен болыңдар
Флешмоб биі
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Жүргізуші:
Өтті сенде қызық шағым,
Қош бол,сүйікті бастауышым!
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.
Осымен <<Қош бол, сүйікті бастауышым!>>атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Қош сау болыңыздар.
<<Қош бол, сүйікті бастауышым!>>
Өткізген:Бастауыш сынып мұғалімі
Разина Асемгуль Каскырбаевна
<<Қош бол, сүйікті бастауышым!>>
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: <<Шуағын төккен 4 жыл>> фотомонтажы.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздерінде жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы азаматтары боп, бастауышпен қоштасқалы отыр.
<<Қош бол сүйікті бастауышым>>атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4<<а>> сынып оқушыларын ортамызға!
(Әуен ойналып, оқушылар ортаға шағады)
Фанфары
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Жүргізуші:
-Құттықтау сөз кезегі мектеп директорына беріледі.
1 - жүргізуші
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 - жүргізуші
Армысыздар, ұстаздарым - әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
1 - жүргізуші
Бүгін, міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әнімен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жанар болашағы шамшырақ.
1 - жүргізуші
4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз бүгін білімнің негізі болатын бастауышты тәмамдап, қанаттары қатайып бастауыш сыныппен қоштасқалы тұр.
Оқушы
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
<<Ұстазға мың тағзым>>әні.
Оқушы
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
<<Білім көзі>> деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
1 оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3 оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4 оқушы:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Хор: <<Ардақты ұстазым>>
5 - оқушы:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын <<Ұстазым>> деп басымды иіп.
Ән: Ұстазым
2 - жүргізуші
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: <<Отан>> деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Хор: <<Қасиетті домбыра>>
Мұғалімдерге арнау.
Іс келгенде алдыңызға
Жан салмайтын адамсыз
Ер мінезді, көрікті
Керімбала ұстазымыз.
Күні бойы тынбаған,
Силастықтың үлгісі
Сабырлы біздің Рауза апай
Ұқыптылыққа баулыған.
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
Гүлсім апай деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көріп арнаймыз жақсы өлеңді.
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Күляш ұстазға мың сәлем!
Өзіңді өзің тани біл деп
Жақсылық пен тазалыққа
Ұмытыл деп
Жүректен-жүрекке жылу беріп
Баян апай бағыттады біздерді
Кім білмейді біздің Асхат ағайды
Спорт десе жоқтан ол бар жасайды.
Қашанда спортзалдан табылатын
Жұрт оны <<денсаулыққа жаршы>> атайды
Асхат ағай ұл - қызыңыз жүлдегер боп,
Түссінші алшасынан асығыңыз
Қашанда биіктерден қол бұлғасын
Азаматқа лайық әр ісіңіз!
Ұлдар <<Джентельмен>>биі
оқушы
О, менің ардақтаған, асыл анам,
Ақылмен, ақ сүтімен асыраған
Айналдым қасиетіңнен әрқашанда,
Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.
оқушы
Теңейміз аналарды аппақ таңға,
Теңейміз аруларды шапағатқа.
Ана деп ән саламыз, жар саламыз,
Бас иіп <<ана>> деген асыл затқа
<<Менің анам алтын,сенің анаң алтын>> әні.
Жүргізуші:
Ата-аналарға сөз беріледі.
Көрініс
<<Ай дидарлы анашым>>
Қыздар биі
оқушы
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден
Бастауышым - балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын
оқушы
Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз алғашқы ұстазбенен,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып
Төрт жылда міне тез - ақ өткірді.
Білім жолда өтті талай өткелді.
Әліппені, ана тілін үйреткен
Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.
Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдында ұзақ жолың бар.
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман - есен болыңдар
Флешмоб биі
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Жүргізуші:
Өтті сенде қызық шағым,
Қош бол,сүйікті бастауышым!
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.
Осымен <<Қош бол, сүйікті бастауышым!>>атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Қош сау болыңыздар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz