Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бөлінбейтін достарыммен

Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Достық туралы білім деңгейін кеңейту, нағыз досты тани білуге үйрету.
2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік : Слайд көрнекілік нақыл сөздер
Әдісі : Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы сұрақ жауап .
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Бір алманы төртке бөлдім
Бір бөлігін өзім жедім
Қалған үлкен үш бөлігін
Қасымдағы үш досқа бердім
Жегендей ақ бал қаймақты
Үшеуіде таңдай қақты
Бөлінбейтін достарыммен
Бөлісіп жеу қандай жақсы!
Балалар достар ешқашан бөлінбейді .Бірге ойнайды .Бірге мектепке барады . Мектептен қайтады . Мүмкіндіктері болса бірге сабақ дайындайды . Қолдарындағы барын бөліседі . Бірін бірін түсінуге ,кешіруге қорғауға әзір тұрады . Досыңның көп болуы - өз қолдарыңда . Өйткені қолындағы барың мен бірге бөлісесің ренжітпесең қателігін кешіре білсең қуантуға даяр тұрсаң . Сенімен бәрі достасқысы келеді . Сондықтан да халық <<Өзің жақсы болсаң ,досың көп>>деп бекер айтпаған .
Дос деген кім ?
Дос Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Сенімді адам

Бүгінгі достық туралы тақырыбымыз бірнеше аялдамалардан тұрады.

1. Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды.
2. Достық-татулық белгісі
3. Жаман дос - көлеңке
4. Әдебиет - өмір айнасы
Сахна - оның жалғасы
5. Ағаш жапырағымен көрікті,
Адамдар достарымен көрікті.
Бірінші аялдама.
<<Аққуды атпайды, Достықты сатпайды>>
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу - киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпай деген не?
- Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
Достар ұрыспау керек.
Достар тату болу керек.
Екінші аялдама: Достық - татулық белгісі.
Бұл аялдамада мақал-мәтелдерге тұнып тұрған көрінеді. Қайсың тез достық туралы мақал-мәтел айтасыңдар.
Енді мына мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріп көрейік.
1. Ақылдымен дос болсаң биіктейсің, Ақылсызбен дос болсаң адасасың.
2. Досыңды жамандама,
Бостан босқа қаралама.
3. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
4. Досың үшін жан пида.

5. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
6. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
7. Үлкенге құрмет - кішіге міндет.
8. Ата бәйтерек, бала жапырақ.
9. Еріншек екі істер.
10. Еріншектің ертеңі бітпес.
11. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
Үшінші аялдама.
Жаман дос - көлеңке.
1. Ы. Алтынсариннің <<Жаман жолдас>> әңгімесін еске түсіру. Неліктен жаман жолдас деп аталды?
- Себебі ол жолдасын тастап кетті.
- Өз басын ғана қорғап қалды.
- Ол қорқақ еді.
- Ондай адаммен дос болмау керек.
Мұғалім:
Жақсы дос ашып айтар,
Жаман дос қосып айтар.
Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді. (М. Қашқари)
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. (М.Әуезов)
2. Жағдаятты тапсырма.
Саған досың өкпелі неге екенін білмейсің екі күн болды сені көрсе қашқақтайды сен не істейсің ?
Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр сенің әлің жетпейді не істейсің ?
Достық туралы өлең шумақтары:
1. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.
2. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.
3. Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.
Сергіту сәті:
4. Ән: Бала тілегі
Достық туралы
(Ел аузынан)
Автор: Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
- Достық неше түрлі болады?
Әйтімбет:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі амал достық.
- Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажыратамыз?
Әйтімбет:
- Адал дос өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады.
Қорытынды: Адал достық пен арам достыққа мысал келтіріңдер.
Сабақта бір-бірінен үй жұмысын, бақылау жұмысын көшіріп алуға арналған достық-арам достық, олардың өмірі қысқа болады.
Өмірлік нұсқа болар достық ата-аналарымыздың бала кезінен қазірге дейін дос болғаны.
адал арам.
Бесінші аялдама.
Ағаш жапырағымен көрікті
Адамдар достары мен көрікті.
Балалар өздеріңді көріктендіріп жүрген асыл да адал достарың жөнінде кім айтып бере алады. Өздеріңіздің достықтарыңыздың мықты, берік екендіктерін мысалдар арқылы дәлелдей аласыңдар ма?( достары туралы айтқызу)

Алтынбек: Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды. Біз басқа да елдермен доспыз. <<Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын>> деп бекер айтпаған. Досың болса, ешқашан қиналмайсың.
Азамат: Дос адамға керек. Доспен ой бөлісесің, сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.
Жарқынай: Барлық балаларда да дос болу қажет. Досыңды ешқашан ренжітпеу, оған жамандық жасамау керек. Менің досым-Азамат. Мен оны ешқашан алдамаймын. Ренжітпеймін. Ол да мені ренжітпейді.
Арай: Дос әсіресе қиын жағдайда көмек береді. <<Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды>> деген мақал рас айтылған.
Раушанай: Мен досымды жақсы көремін. Менің досым-Ақтілек. Ол сабақты жақсы оқиды. Екеуміз ұрыспай, төбелеспей ойнаймыз. Мен оны көрмей қалсам сағынамын.
Дос қандай болу керек ?
Дос
Кешірімді Ақылды

Адал Сабырлы
Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Би: <<Қара жорға>>

Ұқсас жұмыстар
Мен және менің ішкі жандүнием
Біздің сүйікті ойыншықтарымыз
Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)
Салтанаттың сүйікті ісі
Өсімдіктерді қорғау жолдары
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Құрылысшылар ойыны
Достарыммен асханада тамақ ішу. 8 сынып
Керекті сөздер
Буын және тасымал. 14-18 жаттығулар
Пәндер