Ортаңғы топқа арналған көлденең керілген жіптің астынан өту тақырыбындағы ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Абенова. К. М

«Боранқұл бөбекжайы»МКҚК Дене шынықтыру жетекшісі

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Өтілетін күні 21. 12. 16

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным
Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тобы: «Құлыншақ»ортаңғы тобы
Тақырыбы: Көлденең керілген жіптің астынан өту.

Мақсаты:

Білімділік : Балаларға бір заттың астынан өтуді және икемділікке арналған жаттығуларды үйрету.

Дамытушылық: Ептілік, икемділік, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қимыл-қозғалыстарын дамыта отырып, ұйымшыл болуға, достық қарым-қатынаспен бір-біріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: екі баған, лента, орындықтар, «Мысық пен торғайлар»қимыл-қозғалыс ойынының атрибуттары.

Іс-әрекен кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекен кезеңдері:

Мотивациялық қозғаушылқ

Нұсқаушының іс-әрекеті:

Әуен ойналады, балалар залға кіреді.

Шаттық шеңбері.

Шуақ шаша алтын таңда,

Мөлдір таза ауада.

Табиғаттың бәрі оянады,

Қайырлы таң, балалар!

Сәлем бердім саған елім!

Тал бесігім туған жерім.

Сәлематпа апайлар-деп,

Сәлембердік бәріңізге.

Жетекші:

-Мен сіздерге жұмбақ жасырайын.

Шанамен зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс айларын атаңдаршы.

-Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

-Өте жақсы балалар!

Азған күннен кейін жылымызды шығарып салып, Жаңа жылды қарсы аламыз.

Ғажайып сәт. Есік қағылып, 2016жыл келеді. Балалармен амандасады. Өзінің сөздерін айтады.

-Олай болса балалар бүгінгі ашық оқу іс -әрекетіміздің тақырыбы : « Көлденең керілген жіптің астынан өту».

Бір қатар тізбекке тұру.

1. Ойын: «Пішіндер»

Барынша ыңғайлы пішіндер таңдалады: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар залға маршпен кіреді.

Шаттық шеңберін орындайды.

Сәлемдеседі.

Қыс мезгілі.

3 ай бар

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

1 Желтоқсан-Тұңғыш Президент күні.

16 Желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

Сәлемдеседі.

Шарты: Бір қатар тізбекпен жүру, шашырап жүру және жүгіру. Белгі бойынша барлығы тоқтап, белгілі бір пішінді салып тұра қалады.

Іс-әрекен кезеңдері:

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Нұсқаушының іс-әрекеті:

1. Жалпы дамыту жаттығуларын қатарға тұрғызып орындатады.

2. «Мысық пен торғайлар» қимыл-қозғалыс ойыны.

Шарты: « Мысық» залдың бір шетінде ұйықтап жатады, «Торғайлар» зал ішінде дән шоқып секектеп жүреді. Педагогтің белгісі бойынша « Мысық» оянып, «Торғайларды» ұстайды.

3. Көлденең қойылған жіптің астынан өту.

Сергіту сәті:

Сырға, сырға, сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік .

Саусақтарда сақина,

Санап кәне көрейік,

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

4. Икемділікке баулитын жаттығулар:

- «Көпірше» жаттығуы

- Отырып алға иілу.

-Малдас құрып отыру.

5. « Өз үйіңді тап!» ойыны.

Шарты: жүргізуші сайланады. Қалған балалар алдын ала здеріне орын таңдайды. Ол олардың «үйі» болмақ. Олар зал ішінде музыка әуенімен жүреді, секіреді, жүгіреді. Жүргізуші кез-келген бір баланың үйіне кіріп алады. Үйсіз қалған бала жүргізуші болады.

Балалардың іс-әрекеті:

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Ойын бірнеше рет ойналады. Балалардың ішінен бірнеше бала жүгіруші болады.

Бірінен соң бірі жіпке денелерін тигізбей өтуге тырысады.

Сергіту сәтін орындайды.

Жаттығуларды дұрыс орындауға тырысады.

Ойын бірнеше рет ойналады.

Балалардың ішінен бірнеше бала жүргізуші болады.

Іс-әрекен кезеңдері:

Рефлексиялық- түзетушілік

Нұсқаушының іс-әрекеті:

Қорытындылау.

-Балалар бүгін қандай ойын ойадық?

-Қандай негізгі жаттығулар жасадық?

-Балаларды мадақтайды.

Бір тізбекпен жүру.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар ризалық сезімдерін білдіреді.

Бір тізбекпен жүріп, залдан шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: көлденең керілген жіптің астынан өтуді.

Түсінеді: икемділіктерін дамытатын жаттығуларды;

Қолданады: негізгі жаттығуларды өздігінше орындауды.


Ұқсас жұмыстар
Ортаңғы топқа арналған Көктем келді тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы - Экология негіздері: Күзге алғыс айтайық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы: Сурет салу - Шырша шамдары
Ортаңғы А тобының ағылшын тілі бойынша Түстер тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Саябаққа саяхат тақырыбындағы Экология негіздері оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Кішкентай бағбан: ауылдағы адам еңбегі туралы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Гүлдер тобына арналған №12 оқу қызметінің технологиялық картасы: Мұзафар Әлімбаевтың Әдептілік әліппесі өлеңімен таныстыру
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы: Нан дастарханға қалай келеді
Ортаңғы А тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Менің отаным - туған өлкем
Ортаңғы топқа арналған ҚМҰҚ: 3 санымен таныстыру (ашық сабақ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz