Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Эссе Мен мұғалім деген атқа лайықпын
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов №3 орта мектебі математика-информатика пәні мұғалімі Баймуканова Асем-Жулдыз Ашкеновна
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра
алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н.Толстой
Эссе <<Мен мұғалім деген атқа лайықпын>>
Мен - бақыттымын! Неге дейсіз бе? Неге деген сол сұрақты қойыңызшы маған. Өйткені, мен неге бақытты екенімді айтуға асығыспын!
Оның себебі, мен мұғаліммін. Мұғалім мамандығына жастайымнан бейімделгенмін деуге болады. Көзімді ашып көргенім, құлағыммен алғаш естігенім де - мұғалім. Мені ешқашан <<оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін>> деген сұрақтар мазалаған емес , себебі ұстаздықтың қадір-қасиетін отбасынан сезініп өстім. Қасиетті ұстаздық жолын салып кеткен әкемнің асыл бейнесі алыстаған сайын биіктеп, киелі қасиет қашықтаған сайын құны арта түсетіні анық. Бүгінде жапырағын жайған ұстаздар әулетіміз десек болады. Бұл дәйек менің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігімнің бірі болды және тек қана осы жерде, балаларға тәрбие, білім беру арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламын деген сенім берді. Мен өмірімді жұмыстан бөлек елестете аламын ба? Жоқ, мен үшін ұстаздық - бұл мамандық емес, өмір салты. Ұстаздық - бұл менің жаратылысым. Сондықтан, <<Ұстаздық - бұл адамға берілетін сый, ұстаздық - бұл талант, ұстаздық - бұл бейімділік, ұстаздық - бұл өмірлік іс>> дер едім. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолында 26жыл еңбек етудемін. Педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз -- бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігі болуы тиіс. Күнделікті әр оқушыға математиканың заңдылықтарын ұғындыра отыра, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға тырысамын. Бүгінгі заманауи сабақты жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларсыз елестету мүмкін емес , сондықтан өз іс-тәжірибеме әр оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, оны дамыту , жетілдіру жолдарын ескеремін. Әрине, әр бала көбейту кестесін білуі , есептерді шешуі маңызды болса да, ең маңыздысы болашақта ол алған білімін өмірде қолдана алуы деп білемін. Әр сабағымды шығармашылықпен жоспарлап, оқушыға дайын білімді бермей, бағыт бере отыра қиындықты жеңуге, ізденіс дағдыларын қалыптастыруға байланысты тапсырмалар әзірлеймін. Әрбір сабақтың қызықты, тартымды өтуін, әрбір оқушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі нәтижесі мен мүмкіндіктерін мақтан ететіндей сезімде болуын қадағалаймын. Қателеспейтін тұяқ жоқ демекші, қателесе отыра мақсатқа ұмтылуға жетелеймін. Оқушы үшін білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін түсіндіру менің алдыма қойған мақсатым десем артық емес. Өз тәжірибемді ой елегінен өткізе отырып: << Мұғаліммін, жұмыскер жай адаммын , жас өренге мейірі бай адаммын, білімменен ұрпағымды сусындатқан, Ұстаз деген атаққа сай адаммын>>,- дер едім. Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын,
өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына алатындықтарын білемін. Мүмкін олар математик болмайтын шығар, бірақ олар нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz