Таза бұлақ

http://talimger. org/index/8Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Сыныбы :3 http://tarbie. org/publ/komek/taza_b_la/7-1-0-208
Пән мұғалімі : Құрманғалиева Ақбота
Сабақтың тақырыбы : Ы. Алтынсарин. Таза бұлақ .
Сабақтың мақсаты: Білімділігі : Қазақтың көрнекті жазушысы, ұлы ғалым, ағартушы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, автордың айтайын деген негізгі идеялық ой- мұратын ашу.
Дамытушылығы :оқушыларға бағыт бере отырып, өз бетімен ізденуге, жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру, өмірмен байланыстыру.
Тәрбиелігі :әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болуға, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Диалог, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, топпен жұмыс, бағалау рефлексия.
Көрнекілігі :Ы. Алтынсарин портреті, сюжетті суреттер, слайдтар
Пән аралық байланыс : Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Мен үшін әрқайсыңның орның бөлек,
Бейне бір сендер жеміс, мен бәйтерек.
Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге,
Ұшқыр ой, ашық көңіл, білім керек!
Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ: Кел, ба-ла-лар, оқы-лық
2-топ: Ба-ла-ның ай-ла-сы.
3-топ:Та-за бұ-лақ . Алтынсарин шығармаларының атауымен сынып оқушыларын топқа бөліп алдым. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты қайталау. Баланың айласы .
1-топ. Ы. Алтынсарин өмірі туралы жинаған мәліметтерін баяндайды.
2- топ. »Жақсылыққа жамандық бар « дәлелдейді.
3- топ. :»Жақсылыққа тек жақсылық бар»дәлелдеу.
Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс:Өзен.
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Бұлақ тың суы қандай?
-Бұлақ суының қандей пайдасы бар?
- Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдыңа нені елестетеді?
Қызығушылықты ояту : Таза бұлақ орыс тілінде Чистий родник. Ағылшын тілінде frech spring.
Мәтінмен жұмыс:
- абзац 3 топқа беріледі.
- абзац - 1 топ
- абзац-2 топ
- абзац-3 топ
Мәтінді оқып, түсінгендерін бір- біріне түсіндіру.
Сөздікпен жұмыс.
Тастақ- тасы көп жер .
Қайнар-бұлақтың бастау көзі.
Ғибрат-үлгі
Сусаған-шөлдеген.
Мәтінді сахналау. Оқушылар мәтінді сахадайды.
Үш жолаушының қайсысының пікірі дұрыс деп ойлайсыздар?
1-жолаушының пікірін қолдаушылар.
2-жолаушының пікірін қолдаушылар.
3-жолаушының пікірін қолдаушылар.
Мақал- мәтелдер айту.
1-топ: Еңбекқорлық
2- топ:жақсылық
3-топ:Тазалық.
Берілген сөздерге қарсы мәндес сөздер айтқызу.
Еңбекқорлық-жалқаулық, жақсылық-жамандық, тазалық-салақтық
. Өмірмен байланыстыру.
Алматы қаласында Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясы бар.
Қостанай қаласында Ы. Алтынсарин атындағы мектеп- интернат бар.
Арқалық қаласында Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институты.
Ауданымызда Ы. Алтынсарин атындағы мектеп бар.
Аудан бойынша Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған ұстаздар ды таныстырып, үлгі ету.
Сабақты бекіту:
-Ы. Алтынсарин өміріндегі ең үлкен белес не деп ойлайсыңдар?
-Ы. Алтынсариннің кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті не деп ойлайсыңдар?
-Осы «Таза бұлақ» шығармасы нені айтқысы келді?
«Жақсылық тамшысы» ойыны.
Мейірім, адалдық, тазалық, әдептілік, мәдениет, қайырымдылық, еңбекқорлық
Әрқайсысыңның төмендегідей жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жүрегі таза болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
«Жүректен- жүрекке»ақ, адал, пәк, мейірімді, қайырымды, еңбекқор.
Адам болғым келеді.
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегіммен, жаныммен,
Бал- бұлақтай мөп- мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар, ақын болғым келеді.,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді.
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде - кісі болғым келеді.
Оқушыларды бағалау. 3 балдық жүйемен бағалау.
1. Үй тапсырмасын қорытындылау-0-3
2. Ауызша сұрақтарға жауап беруі 0-3
3. Жаңа сабақты түсінуі, ой қорытуы 0-3
4. Мақал-мәтел айтуы 0-3
5. Қарсы мәндес сөздер айтуы 0-3
6. Ойынға қатысуы 0-3
5-18-21 балл
4-12-17 балл
3-6-12 балл
2-1-5 балл .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz