Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Математика сабағында диалогтық оқытудың маңызы

Математика пәнінің мұғалімі Апышева М.А.
<<Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі>> КММ
Күршім ауылы, Күршім ауданы, ШҚО
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі - диалогтық оқыту. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды роль атқаратынын көрсетті. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине , бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Сабақтарда оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы, мұғалім мен сынып арасындағы дұрыс құрылған диалог, сабақтың қай кезеңінде болса да, оқушының сапалы білім алуына үлкен септігін тигізетініне күнделікті тәжірибемізде көз жеткізуге болады. Теориялық материалдарды қайталау үшін сұрақтар әзірлеуге уақыт бере отырып, одан кейін дайындаған сұрақтарын бір - біріне қоя отырып, білімдерін тексеру, оқушылардың қызығушылықтарын арттырады, содай-ақ олардың ойларын дұрыс жеткізуге мүмкіндік тудырады. Сұрақтар қойған кезде және сұрақтарға жауап берген кезде де кейбір оқушылардың білгенін нақты жеткізе алмайтынын байқаймыз. Ондай оқушыларға асықпай, қайталап айтқызып отыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға, алдымен жұппен талдап орындауға, одан кейін топпен талқылап, ортақ шешімге келіп орындау үшін берілген тапсырмалар оқушылардың бір-бірімен диалогқа түсуіне үлкен мүмкіндік береді. 6-сыныпта <<Рационал сандар>> тарауын қайталау сабағында, сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижені айқындау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойдым:
-Біз қандай тарауды аяқтадық?
-Нені білуіміз керек?
-Сабақтың соңында қандай нәтижеге жетуіміз керек ? -деген сұрақтарды қоя отырып, оқушыларға сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижені өздеріне айқындатқыздым. Ойлануға азғана уақыт берген соң оқушылар топпен ақылдасып, сұрақтарға жауап бере бастады, одан кейін әр топтан құнды пікірлерді ала отырып, сыныппен сөйлесу арқылы нәтижеге жеттік. Осы сабақтан түйгенім, оқушыларға еркіндік беріп, сенімділік білдіру керек екен. Мұғалім сабақты дұрыс ұйымдастырып, оқушыларға бақылаушы, бағыт-бағдар беруші болсақ сабақ өз нәтижесін береді. Диалогтық әңгімеде мұғалімнің сұрақтары оқушылардың білім деңгейлерін анықтауға үлкен көмегін тигізеді. Төмен деңгейлі оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезінде өз ойын жеткізуге сенімсіздік білдіретін кездері жиі кездеседі. Ондай кезде мұғалімнің шыдамдылығы керек. Мұғалім тарапынан оқушыға ары қарай жетелеуші сұрақтар қойылса, жауаптың толық болуына мүмкіндік туады. Осы сыныпта <<Теріс сандарды қосу>> тақырыбын өтпес бұрын, алдын-ала дайындалып келу үшін берілген <<Санау жүйелері мен теріс сандар туралы тарихи мәліметтер>> бойынша, топтарға мынадай сұрақтар бердім:
-Сандар, цифрлар деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
-Санау жүйелері жайлы не білесіңдер?
-Қосу, азайту, бөлу, көбейту таңбаларын ең алғаш қандай ғалымдар енгізген?
-Қазіргі кезде қолданатын санау жүйесі қандай?
-Теріс сандар қалай пайда болған? Ең алғаш қай елдерде қолданған?
Берілген сұрақтар бойынша , алдымен дәптерлеріне білетін мәліметтер тізімін құрайды, жұппен талдайды, содан кейін кіші топта талдайды, содан кейін топ басшылары сөз алады. Бұл тапсырманы бере отырып, диалогтық оқытуды ықпалдастырдым. Диалог арқылы сөйлесу, пікірлесу жақсы нәтижеге жеткізеді, оқушылар өз ойларын ортаға салады. Жаңа материалды өз беттерімен меңгерулеріне мүмкіндік туады. Сондай-ақ, диалог арқылы сыни ойлауға үйретуге болатынына , жаңа технологияларды тиімді пайдалана білу өз нәтижесін беретініне көзіміз жетіп отыр.
Қорыта айтқанда , диалогтық оқытуды іс-тәжірибеде қолдануда мынадай нәтижелерге жетуге болады деп ойлаймын:
* Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
* Материалды түсіну дәрежелерін тексеру, бағалауға тиімді болады.
* Білім сапасын арттыруға мүмкіндік туады.
* Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артады.
* Сыныпта ынтымақтастық орнайды.
* Оқушылар өзін-өзі реттеуге дағдыланады.
* Ойларын жинақтап, нақты айтуға үйренеді.
* Басқалардың пікірін тыңдай білу дағдылары қалыптасады.
* Тіл байлықтарын дамытады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. (Үшінші (негізгі ) деңгей). Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.
2. Математика 6-сынып. Алдамұратова Т.А. Байшоланов Т.С. Алматы. <<Атамұра>> 2016.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz