Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Джаз оркестрі

<<Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі>>

Музыка пәні мұғалімі: Каналиева А.А

Сабақтың тақырыбы: << Джаз музыкасы - джаз оркестрі >>
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа заман ырғағына сай алынған джаз жанрының берілу тарихын, оның маңыздылығын түсіндіру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Музыкалық жанр ұғымын негізге ала отырып оқушыларға джаз оркестрі дегеннің не екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Ойлауын, ой өрісін жан жақты дамыту
Тәрбиелік : Өзге ұлттың мәдениетін сыйлауға,жағымды қасиеттерге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен
жұмыс, пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: Тақта,музыкалық орталық,сураттер,синтезатор,плакаттар,сти-
керлер

Музыкалық материалдар:Сөзі және әні И.Нүсіпбаев <<Мектеп полькасы>>
Музыка тыңдау: Брауын Джеймс <<Джаз>> .
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,сабаққа даярлығын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау:1топ -2топқа, 2топ-3топқа, 3топ-1топқа, сұрақ қояды.
1.Оркестр дегеніміз не?
2.Оркестрлердің қандай түрлерін білесің?
3.Үрмелі Оркестр дегеніміз не?
Кім жылдам ойыны:Жаңа тақырыпқа <<ф>>әрпін араластырдым,оқушы тез арада ф әрпін сызып тастаса сабақтың тақырыбы шығады ффффдфффжффффаффффзффффорфффкфффефффсффтффрффі
<<Джаз оркестрі>>
Үш топқа тапсырма беру:Оқушылар презентацияларға қарап,өз оцларын айтады
1-топ Джаз музыкасы дегеніміз не?
2-топ Оның құрамында қандай аспаптар бар?
3-топ Қазақстанда джаз оркестрі қашан құрылды,орындайтын топты ата?
Жаңа сабақ: << Жаңа заман ырғағы - джаз оркестрі >>
Джаз - қазіргі заман оркестрі болып табылады. Ол басқа оркестрлерге мүлде ұқсамайды. Оркестр әр түрлі музыкалық аспаптардан тұрады. Оны көбінесе биг-бенд деп атайды. Ағылшынның <> - үлкен, <> - оркестр деген ұғымын білдіреді.
Джаз оркестрінің төрінде орын алатын басты аспап - ұрмалы аспаптар тобы. Ұрмалы аспаптар қатары әртүрлі ұлттық барабандар, маракас және тарелкалармен толықтырылған. Бұл ұрмалы аспаптар тобына контрабас аспабы да енгізілген. Контрабас аспабын ысқышсыз саусақтың басымен ойнайды. Бұл аспапты музыканың ырғағын беріп отыру үшін пайдаланған. Кейде оркестрде гитара аспабын да көруге болады. Гитара аспабында
аккордтарды ойнау арқылы музыкалық ырғақты нақтылай түседі.
Джаз оркестрінде жеке ойнайтын аспаптар: саксофон, труба, тромбон және рояль. Кейде оркестрден скрипка аспабын да тыңдауға болады. Джаз оркестрінің осындай ешбір оркестрге ұқсамайтын құрамы бар.
Джаз музыкасы негретян халық музыкасының негізінде Америкада пайда болды. Джаз - музыканттардың аяқ астынан орындайтын импровизациялық (суырып салма) музыкасы деп атауға болады.
Джаз көне халық әуендерін жаңа заманға лайық жасаған музыка болғандықтан халықтың сүйіспеншілігіне бөленді.
Музыка сауаттылығы!
Джаз - негр халық музыкасының негізінде пайда болған музыкалық жанр. Импровизация - негізгі әуенді түрлендіру, құбылту, ойдан шығару.
Музыка тыңдау: Г.Гаранян<<Джаз>>.
Біліп ал! Джаз өнері Қазақстанда да кеңінен өркен жаюда. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жылма-жыл джаз фестивальдері өткізіліп тұрады. Бұл фестивальге бүкіл әлемнен джаз ұжымдары келіп өнер көрсетеді. Алматы қаласында Т.Зариповтың жетекшілік етуімен арнайы балалар музыкалық джаз мектебі ашылды. Мектептің джаз ансамблі Қазақстанда өтетін джаз фестивальдеріне қатысып, көптеген шет мемлекеттерде өнер көрсетіп келеді.
Ойлан тап ойыны: Әндер мазмұнына қарай түр түрге бөлінеді.(Патриоттық әндер,лирикалық әндер,халық әндері т.б.)Тақырыпқы сай әндер беріледі,оқушы таблицаға қарап әндерді орнына қояды.
Жаңа ән үйрену: И Нүсіпбаевтың әні <<Мектеп полькасы>>
1.Мәтінмен жұмыс
2.Топ-топпен оқыту
3.Әнді орындап беремін.
4.Сыныппен бірге орындаймыз.
Сабақты қорыту:
1-топ : Джаз оркестрі жайлы эссе жазады
2-топ: Достық туралы өлең жазады
3-топ: Сабақта өтілген ән туралы,алған әсері туралы жазады
Үйге тапсырма: Джаз өнері туралы қосымша мәлімет біліп келу,>>Мектеп полькасы>> ән жаттау
Бағалау: Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушы <<Алтын нота>>,жақсы қатысқаны үшін күміс домбыраға ие болады
Рефлексия <<Атмосфера>>
Күн- бүгін сабақтан білдім,үйрендім
Бұлт-қиындау болды,алайда жеңдім,түсіндім.
Жаңбыр-түсінбедім.
Оқушылар стикерді <<Білім ағашына>>жапсырады

Ұқсас жұмыстар
Үрмелі аспаптар оркестрі. 3 сынып
Оркестрмен тілдескен дирижер
Наурыздың жетісінде айт
ҚҰРМАНҒАЗЫ ДИНА
Екінші сұрақ
Өзбек халқының музыкалық аспабын ата
Жаңа сабақпен таныстыру
Үрмелі аспаптар оркестрі
Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту
Композитордың қандай шығармаларын білесің
Пәндер
since 2008 © stud.kz Stud.kz | 0.006