Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақтың салт - дәстүрлері

<<Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі>> ММ

ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: <<Салт - дәстүр - асыл қазынам>>

Сыныбы: 6 <<Г>>
Өткізген: Д.Шингисова

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: <<Ата салтым - асыл қазынам>>
Мақсаты: 1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың
салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін,
мақал-мәтелдерін үйрету.
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, стикерлер, смайликтер,
суреттер
Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасып, түгендеу;
ә) Психологиялық ахуал туғызу.

Кіріспе
Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт - қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.
Видеоролик: <<Қазақтың салт-дәстүрлері>>
<<Асық сұрақтары>> . Оқушыларға нөмірленген асықтар таратылады. Әр нөмірдің сұрағы бар, сол сұрақтарға дұрыс жауап беруі тиіс.
1. Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.
2. Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
3. Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5. Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп <<тыштыма,тыштыма>>деп ырым жасайды және оны <<тыштырма>> деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.
6. Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
7. Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас
8. Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұры
балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы
9. Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің
алтын ұясы болып есептеледі.
10. Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.
11. Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны <<тілашар>>тойы деп атайды.
12. Жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
13. Асату(дәстүр)-ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
14. Ат тергеу. Ол - адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды.
15. Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды.
16. Бәсіре атау. Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны <<бәсіре>> деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.
17. Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
18. Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге <<ерулік>> деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
19. Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: <<Осы үйдің қазанын шегелей келдік>> дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: <<Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік>> деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
20. Сүйінші сұрау. Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге <<Сүйінші, сүйінші!>>, - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: <<Қалағаныңызды алыңыз>> дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ.
21. Сәлемдеме. Біреу арқылы беріп жіберілген затты сәлемдеме деп атайды. Сәлемдемеге жіберілетін заттар: сыбаға, ақша, көйлек-көншек, орамал (бір ұшына сақина, білезік байланған). Сәлемдеме жолаушының жүгін ауырлатпай тындай болуға тиіс. Алыстағы адамдар бір-біріне таныстары арқылы ауызша сәлем, өтініштерін де жолдайды.

Топтық тапсырма (постер қорғау) 1топ- қазақтың ұлттық тағамдары
2топ-қазақтың ұлттық киімдері
3топ-қазақтың ұлттық ойындары
<<Қыз Жібек>> әні. Орындайтын Байкулова Қамажай

<<Теңге ілу>> ойыны

Қорытындылау .
Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет - ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады.Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.<<Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар>>демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!

Ұқсас жұмыстар
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «ерулік»
Ата салтым - асыл қазынам
Қазақ дейтін халқымыз
Қазақтың дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері-ай
Қазақтың салт - дәстүрлері Тәрбие дәстүрі
Тәрбие құралы - даналық сөздер
Бесікке салу
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Пәндер