Ішекқуыстылар денесінің сыртқы қабаты

Пәні: Биология Сыныбы: «7» Мерзімі: Сабақ №

Сабақтың тақырыбы:Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты
:

Білімділік: Кө п жасушалы жәндіктер туралы түсінік қалыптастырып молайту, ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.
Тәрбиелік: білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру.
Дамытушылық: білім алушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, электронды көрсетілімдер, плакат.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі:

Сұрақ-жауап.

Әңгіме-дәріс

Кестемен жұмыс.

Топтастыру

Тірек-сызбамен жұмыс

Сөзжұмбақ

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Кіріспе .
Көп жасушалы жәндіктер мен жануарлар туралы, дүние тармағы жайлы айтып өту.

ІІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақты меңгеру.

Белгілері
Гидра
Медуза
Актиния
Белгілері: Дене пішіні және оның құрлысы
Гидра: Цилиндр, бөшке тәрізді. Денесі екі қабатты қапшықша ұқсас, аузы, ішек қуысты, табаны, қармалауыштары болады
Медуза: Қолшатыр тәрізді жиегінде төмен қарай салбыраған қармалауыштары бар екі қабатты қапшық тәрізді, аузы, ішекқуысы бар
Актиния: Цилиндр, бөшке тәрізді. Екі қабатты қапшық пішінді, аузы, ішек қуысы, табаны, қармалауыштары бар
Белгілері: Мекен ортасы
Гидра: Тоқтау немесе баяу ағатын тұщы су
Медуза: Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суы
Актиния: Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суы
Белгілері: Қозғалуы
Гидра: Төңкеріліп адымдап қозғалады
Медуза: Реактивті түрде қозғалады
Актиния: Табанымен жылжып қозғалады
Белгілері: Қорегі жіне оны ұстау тәсілдері
Гидра: Жыртқыш
Медуза: Жыртқыш
Актиния: Жыртқыш
Белгілері:
Гидра: Ұсақ шаяндар, жәндіктердің дернәсілдері
Медуза: Ұсақ теңіз жануарлары
Актиния: Ұсақ теңіз жануарлары, балық шабақтары
Белгілері: Қармалауыштарының көмегімен ұстап, аузы арқылы ішек қуысына түсіреді

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып сатылай комплексті талдау технлолгиясын пайдаланып түсіндіру. Ішекқуыстылардың қасиеттерімен, даму тармағымен таныстыру.

IIШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПI
Ішекқуыстыларға тән қасиеттер:
Iшекқуыстылар тек су жануарлары және көбiнесе теңiздерде тiршiлiк етедi. Олардың бiрi отырыңқы және субстратқа бекiнiп, басқалары еркiн жүзiп, кейбiреулерi паразиттi тiршiлiк етедi. Iшекқұуыстылар типiне 9000 жуық түр жатады.

Оларға радиальдi немесе сәулелi симметрия тән (2, 4, 6, 8 және одан да көп сәулелi симметрия) .
Екi қабатты көпклеткалы жануарлар: денелерi екi қабаттан тұрады - сыртқы (эктодерма) және iшкi (энтодерма) . Екi қабаттың аралығында - мезоглея қуысы орналасқан.
Эктодерма мен энтодерманың ұрық жапырақшалары көптеген клетка типiне дифференциацияланған және бұлшықет-эпителиальдi, нерв, асқорыту және жамылғы-эпительдi клетка

түзедi.
Тек Iшекқуыстыларда ғана арнайы атқыш клеткалары бар (қорғаныш және шабуыл функциялары) .
Iшекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуысқа сәйкес.
Газ алмасу диффузия, арқылы яғни бүкiл денесiмен жұту арқылы жүредi.
Зәр шығару аппараты жоқ, метаболиз заттары сыртқы ортаға эктодерма арқылы шығады.
Жүйке жүйесi, жүйке клеткаларынан тұратын тiзбектi көрсетедi (құрылымы диффузды) . Бекiнiп тiршiлiк ететiн формалар жеке немесе колониялды болып келетiн полиптер келедi; еркiн жүзушi жеке iшекқуыстылар медузоидты форманы бейнелейдi. Колониялды гидроидтарының функционалды дифференциациясымен байланысқан полиморфизмi көрiнедi.
Жыныссыз көбею сыртқы бүршiктену немесе стробиляция арқылы жүредi. Жынысты көбеюде зиготадан еркiн жүзушi дернәсiл паренхимула немесе планула пайда болады, және ол субстратқа бекiнiп полиптiң дамуына бастама бередi.
Полипоидты ұрпақ жыныссыз, ал медузоидты - жынысты жолмен көбейедi.
Көптеген түрдiң өмiрлiк циклiнде полипоидты және медузоидты кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырады (метагенез) . Iшекқуыстылардың әр түрлерiнде өмiрлiк циклiнде медузоидты немесе полипоидты ұрпақтың редукциясы жүредi.

Iшекқуыстылар типi үш класспен көрсетiлген:

Гидрозоидты Суифоидты медузалар Маржанды полиптер.
Сөзжұмбақ


Ұқсас жұмыстар
Ішекқуыстылар сұрақтары
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері 7-сынып
Гидраның құрылысы
Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі
§41.Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Талшықты жәндік
Ақ сұлама-жалпақ құрттар өкілі,сыртқы құрлысы,тіршілігі
Жалпақ құрттар тест
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
Пән мұғалімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz