Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Екінші фактор - энергия көздері ретінде қазбалы табиғи ресурстардың таусылатындығы және бітетіндігі
Қостанай облысы,
Арқалық қаласы, Фурманов ауылы.
Фурманов жалпы орта білім беретін
мектебінің география пән мұғалімі
Мусиева Эльмира Жакашовна
Баламалы энергия - адамзат қажеттілігі
Энергия ресурстарына сұраныстың өсуі мен энергия көзі ретінде дәстүрлі қазбалы ресурстарды пайдалану мүмкіндігінің шектелуі алшақтығы артуда. Оның бернеше себептері бар: демографиялық, экономиканың қарқынды дамуы, энергия алу, ең бастысы оны пайдалану тиімділігінің төмендігі.
Энергия ресурстарына сұраныстардың өсуін қанағаттандырудың шектеулі мүмкіндігі кемінде екі фактормен байланысты.
Бұл, ең алдымен, органикалық отын қоры және оларды энергия өндірісінде пайдалану арасында анықталған теңсіздік.
Екінші фактор - энергия көздері ретінде қазбалы табиғи ресурстардың таусылатындығы және бітетіндігі. Энергоэкологиялық дағдарыстың қаржы-экономикалық алғышарттары маңызды роль атқарады. Мұнай, газ, көмір, уран және т.б. бағалары ауытқуы мүмкін, алайда өсу үрдісі бар.
Энергоэкологиялық дағдарыстың геосаяси себептері бар. Көмірсутектің орналасқан жері георгафиялық жағынан өте әркелкі бөлінген. Осы тұрғыдан энергияға тәуелділік факторы туралы да айтуға болады. Бұл ұғым жаһандық, және салыстырмалы болып табылады. Осы сәтте табиғи энергия ресурстары бар ма жоқ па, оған қарамастан кез келген елге қатысты жаһандық ұғым болып табылады. Кез келген энергия ресурстары - уақытша бәсекелес артықшылық, осыған байланысты салыстырмалы ұғым.
Біздің қалауымызға қарамастан, мұнай және газ геосаяси фактордың, саяси қысымның тиімді тұтқасы болып табылады, энергетикалық бопсалау, күш көрсету және терроризм туралы сөз қозғауға мәжбүрлейді. Энергия ресурстарының көзі және жеткізу жолдары - халықаралық террористер шабуылы үшін әлеуетті және тиімді. Бұған дейін өркениетті мұнай бақылаған шекарадан өткендей әсер аламыз. Енді мұнай бізді бақылауда! Біз ол үшін тура және ауыспалы мағынасында жоғары баға төлеуге дайынбыз.
Энергоэкологиялық саладағы дағдарыс құбылыстарын еңсерудің оңтайлы нұсқасы көмірсутекті энергетикадан жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК), сутекті технологияларды(СТ) және отын элементтерін(ОЭ) пайдалануға негізделген баламалы, төмен көмірсутекті энергияға біртіндеп көшу болады деп айтамыз.
Жаңартылатын көздерді пайдалануға негізделген баламалы энергетикаға Күн энергиясы, Жердің жылуы, Әлемдік мұхит, су тасқыны, ауа бассейні, желді, биомасса, өндіріс және адамның тыныс-тіршілігінің қалдықтары жатқызылатынын атаймыз. Осы ұғымды белгілеу үшін дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздері (ДЖЭК) пайдаланылады.
Дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздерінің (ДЖЭК) зор әлеуетті мүмкіндіктерін сипаттайтын сандарды мысалға келтірейік. Су энергиясын бірлік есебінде алатын болсақ, планетадағы толқын энергиясы(су бетіндегі толқын тербелісінен алынатын энергия) - 2, геотермалды энергия - 5, биомасса энергиясы - 20, жел энергиясы - 200, ал күн энергиясы 2850 есе көп. Күннің жылына планетамызға жеткізетін энергиясы 100 триллион тонна шартты отынды (ш.о. т) құрайды, бұл адамзаттың энергия қажеттілігінен 10 мың есе көп.
Осылайша, жаңартылатын энергетиканы пайдаланудың бүгінгі өсу қарқыны өз әулетін өсіп-өнуіне мүдделі тәжірибелі мамандардың көп жылдар бойғы әзірлемелері мен эксперименттері негізінде осы жұмыста ұсынылатын, оларды жеделдету жөніндегі батыл шаралар 2-3 жыл ішінде қабылданбаса, қоршаған ортаны ластаудың орны толмас процесін жоюды қамтамасыз етпейді.
Қазақстан, жаңартылатын энергетиканың мол қоры, теориялық және тәжірибелік-өндірістік әзірлемелері ие бола отырып, энергоэкологиялық революцияның әлемдік тәжірибелік-өндірістік ошағы бола алады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz